Жұлдызды жұптың баласы миллиардер атанды

Фото: Шедеврум

Шоу-бизнес
495

Әлемдік танымал жұптың 1 жастағы балалары миллиардер атанды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

The Wall Street Journal мәліметінше канадалық әнші Джастин Бибердің жұбайы – модель әрі кәсіпкер Хейли Бибер өз косметикалық бренді Rhode компаниясын сатқаннан түскен 1 миллиард долларды ұлы Джек Блюздың атына рәсімдеді. 

Хейли бұл шешімін «өзі бұрын-соңды басқармаған көлемдегі қаржыны ұқыпты әрі жауапкершілікпен пайдалану» ниетімен түсіндіріп, қаражатты баласының болашағына бағыттайтынын айтқан. Ол сонымен қатар инвестициялық стратегияны да мұқият жоспарлап отыр.

БАҚ мәліметінше, мәміле құрылымы мынадай:

600 миллион доллар – қолма-қол ақша түрінде,

200 миллион доллар – компания акцияларымен,

қосымша 200 миллион доллар – алдағы үш жылда сатылым көрсеткіштері жоспарлы деңгейге жеткенде төленбек.

Құқықтар басқа тарапқа өткеніне қарамастан, Хейли Бибер брендке ықпалын сақтап қалды. Енді ол шығармашылық директор және стратегиялық кеңесші қызметін атқарып, инновациялар бөліміне жетекшілік етеді. 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...