"Осындайда бәрі бергіш": "МузАрт" тобының әншілеріне бір-бірден ат мінгізген азаматтар сынға қалды (ВИДЕО)

видеодан алынған скрин

Шоу-бизнес
484

Өскеменде "МузАрт-тың" 25 жылдық мерейтойына орай топ мүшелеріне  айрықша құрметке көрсетілді,  деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Шығыс Қазақстан халқы өнер иелерін ерекше ықыласпен қарсы алып, ұлттық дәстүрге сай ат мінгізіп, құрмет көрсеткен.

Алайда бұл кейбір желі қолданушыларының ашуын тудырған.

"Жағдайы жоқтар сұраса, 1 стақан су бермейді, осындайда бәрі бергіш болып дайын тұрады екен. Тегін концерт бергендей, алсын берсін, бірақ мұқтаждардың жағдайын ойласа, спортсмендерге және тағы басқаларға берсін елге пайдасы бар!", - деп жазды Д. Қырықбаева есімді тұрғын.   

Оның бұл пікірін өзгелер де қолдаған.  "Біреу тойып, біреу тоңып секіреді. Бұлардікі тойып секіргендер. Алғандар да, бергендер де... Билеттері өте қымбат", - деп жазған С. Қамжанова есімді азаматша.   Мұнымен пікірлер легі шектелмеген.   

"Бай байға,сай сайға құяды. Инстаграмда көмек сұрап жаткан, ажалмен арпалысып, тиын-тебені жетпей жатқан адамдарға осы жылқының ақшасын берсе ғой. Сауаптары еселене түседі ғой. Рамазан айында қанша адам мұқтаж болып көмек сұрады", - деп жазды аты-жөні құпия тағы бір желі қолданушысы.    

ЖАҢАЛЫҚТАР

Экологиялық акция барысында әлем тұрғындары бір сағатқа электр қуатын өшіруге шақырылады, деп хабарл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Өзбекстанның Сұрхандария облысында баланы сатуға қатысты сұмдық оқиға әшкереленді, деп хабарлады Mad...