«Кейде ана болып та шаршайсың»: Төреғалидің қарындасы Дина жазбасымен елді ойландырып қойды

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1307

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі әлеуметтік желідегі жазбасымен оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Танымал өнер иесінің қарындасы әрі танымал блогер әлкуметтік желідегі парақшасына жеке өміріне қатысты жазба жариялап, оқырмандарының талқысына түсті. 

«Жер бетіндегі әр адам үшін өз ата-анасының жанында болған кезден асқан бақытты сәт жоқ. Және осы сөзіммен келіспейтін жан жоқ, сірә. Алматыға ата-анамның жанына келіп өзімді қайта тапқандаймын. Көңілім босап кете береді, маған да ана керек, маған да жылу керек, маған да қолдау керек. Кейде ана болып та шаршайсың. Аз уақыт болса да бойдақ күндерімді еске алып, жаңа энергиямен толығып жатырмын.

Әйел адам нәзік болса да жанын сондай төзімді етіп жаратқан. Қазіргі заманның қыз-келіншектері тіптен. Ақшаны да табасығ баланы да бағасың, онымен қоймай 2-3 жұмыс қатар алып жүруің керек», деп жазды ол. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...