Режеп Тайип Ердоғанның ұшағы Астанаға қонды

Фотосурет inbusiness.kz сайтынан алынды

ШЫҰ саммиті 2024
2201

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған саммитке қатысу үшін Астанаға келді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады madeniportal.kz тілшісі inbusiness.kz сілтеме жасап.

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның ұшағы Астанаға қонды. Елорда әуежайында түрік басшысын Премьер-Министр Олжас Бектенов қарсы алды.

Режеп Тайып Ердоған 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.

Түркия  — ұйымға серіктес ел. 

Айта кету керек, Түркия Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне әрі инвестор елдердің үздік 20-на кіреді.  

Осы жылдың 4 айында өзара сауда көлемі $1,6 млрд-қа жетті. Екі елдің үкіметтері сауданың тұрақты көлемін кемінде $10 млрд деңгейінде жоспарлы түрде қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...