Екі елдің басшыларынан кемелердің жүзуге рұқсат беруді сұрады

Фотосурет kaz.inform.kz сайтнан алынды

ШЫҰ саммиті 2024
1670

 Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Транскаспий дәлізі арқылы Қытай-Қазақстан-Еуропа бағытындағы алғашқы көлік керуенін салтанатты түрде аттандырды, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.inform.kz сілтеме жасап .

Көлік керуенінің сапары 10 күнге созылады, ұзындығы - 4 800 шақырым. Керуен Қазақстанның 8 өңірінен өтіп, бүгін Құрық портына жетті. Бұл бағыт Қытай мен Қазақстан арасында экономикалық және сауда ынтымақтастықты одан ары дамыта түседі.

«Қытай елінен шыққан жүк - автокөлік керуені мен контейнер пойызы Ақтау мен Құрық порттарына келіп жетті. Олар Әзербайжан, Грузия, Түркия және Еуропа елдеріне бет алады. Бұл - Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруы. Керуен аттануға дайын», - деді Құрық портынан тікелей байланысқа шыққан Көлік комитетінің төрағасы Алтай Әлі.

Сонымен қатар екі елдің басшыларынан кемелердің жүзуге рұқсат беруді сұрады. Мемлекет басшылары рұқсат берді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Қазақстанның Бейжің қаласында, Қытай Халық Республикасының Астана қаласында Мәдени орталықтарының және Астанада Бейжің тіл және мәдениет университеттерінің ашылуына да рұқсат берді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...