Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері жаңа қызметке тағайындалды

Сурет: www.sports.kz

ТАҒАЙЫНДАУ
2267

Ислам Байрамуков Туризм және спорт министрінің спорт омбудсмені - штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады madeniportal.kz.

"Министрдің бұйрығымен Ислам Ілиясұлы Байрамуков спорт жөніндегі омбудсмен - Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Мassaget.kz сайты таратқан хабарламада. 

Ислам Байрамуков – еркін күрестен Еңбек сіңірген спорт шебері және Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері. 1971 жылы Жамбыл облысының Каменка ауылында дүниеге келген. Республикалық олимпиада резерві училищесін (1989); Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының «Дене шынықтыру мен спорт оқытушысы» мамандығын бітірген (1993).

«Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резервтің дирекциясы» РМКК спортшы-нұсқаушысы (1993-2004). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану» мамандығын (2003), Мәскеу әлеуметтік-гуманитарлық университетін (Қаржы және экономика) (2005) аяқтаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...