«Теңге ілу» федерациясының жаңа президенті тағайындалды

ЖАҢАЛЫҚТАР
3182

Құрашев Қуаныш Нұралыұлы  Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті – «Теңге ілу» федерациясының президенті қызметіне тағайындалды. 

Қуаныш Құрашев 1984 жылы 23 қазанда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік Заң академиясын, Экономика және құқық академиясын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. 

Юриспруденция магистрі, заң ғылымының кандидаты. Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласында «СловКазстрой» ЖШС бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетінде жауапты қызметтер атқарған. 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдігінде жауапты қызметте. Жеке секторда да еңбек тәжірибесі мол.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...