Альберт Швейцер. Мәдениеттің құлдырауындағы философияның кінәсі

ТАНЫМ
4230

Альберт ШвейцерАльберт Швейцер

Альберт Швейцер (Schweitzer) (14 қаңтар 1875, Кайзерсберг, Жоғарғы Эльзас – 5 қыркүйек 1965, Ламбарене, Габон) – неміс протестант теологы, мәдениет философы, музыка зерттеушісі және дәрігер, өмірде қастерлеу императивін жариялаған. 1893 жылдан 1898 жж. Страсбург университетінде теология мен философияны оқып-үйренді, ал оны аяқтағаннан кейін Сорбонн мен Берлинде оқыды. Бірқатар тақырыптарда диссертациялар қорғады: философия бойынша (1899), теология бойынша (1900), медицина бойынша (1913). Гимназияда оқып жүрген кезінен бастап А.Швейцер музыканы зерттеді, фортепиано мен органда ойнады. 1903 1906 жж. Страсбургте Әулие Фома семинариясының директоры болды 1905-1912 жж. Страсбург университетінде медицинаны зерттеумен ай налысты. 1913-1917 жж. және 1924 жылдан өмірінің аяғына дейін Ламбарен мекенінде аурухананың директоры және дәрігері болып жұмыс істеді. Әлемнің Нобель сыйлығын иеленді (1952 ж.). А.Швейцердің негізгі шығармалары: «XIX ғасырдың ғылыми зерттеулері және тарихи мәліметтердің негізінде Құпия кездесу мәселесі» (1901), «Мессианизм мен азаптанудың құпиясы. Иисус өмірінің очеркі» (1901), «И.С.Бах», (1908), «Мәдениеттің құлдырауы және қайта өрлеуі. Мәдениет философиясы. I бөлім» (1923), «Мәдениет және этика. Мәдениет философиясы. II бөлім» (1923), «Христиандық және әлемдік діндер» (1924), «Түсті нәсілдерге ақтардың көзқарасы» (1928), «Апостол Павелдің мистикасы» (1930), «Қазіргі заманғы мәдениеттегі дін» (1934), «Үнді ойшылдарының дүниетанымы. Мистика және этика» (1935), «Біздің мәдениетіміздің жағдайы туралы» (1947), «Философия және жануарларды қорғаудағы қозғалыс» (1950), «Эсхатологиялық сенімнің жаңару дәуіріндегі Құдай Әлемі идеясының эсхатологиялық емеске өтуі» (1953), «Қазіргі әлемдегі әлем проблемасы» (1954), «Адамзат ақыл-ойының дамуындағы этикалық проблема» (1954-1955), «Ізгілік» (ол қайтыс болғаннан кейін, 1966 ж. жарияланды) және т.б.

Мәдениет философиясы

I

Мәдениеттің құлдырауындағы философияның кінәсі

Біз мәдениеттің құлдырауын сипаттайтын жағдайда өмір сүріп отырмыз. Бүл ахуал соғыстан болған жоқ - ол оның көрінісі ғана. Фактіге айналған қоғамның рухани өміріндегінің бәрі өз кезегінде рухани бастауға енді теріс эсер ететін болады. Материалдық және руханилық арасындағы өзара байланыс күрделі сипат алды. Сұмдық су сарқырамасынан өтіп, біз енді асау ағынның арнасымен ілгері жылжуға күш саламыз. Біздің кінәмізден осы асау арнаға түскен, және қайтадан оның негізгі арнасына бағытталған бізді тағдырымызға жазған кемені сол буырқанған саладан аман-есен шығаруға үміт болған күннің өзінде оның қаншалықты қиындыққа түсетіндігін пайымдауға болады.

Біз мәдениет дамуының сара жолынан шығып кеттік, өйткені, бізге мәдениет деп аталатынның тағдырына шаңдаушылық білдіру тән емес. Ғасырлар тоғысында әртүрлі атаулармен біздің мәдениетіміз туралы тұтастай шығармалар легі жарық көрді. Әлдебір жұмбақ иірімдерге орай олардың авторлары біздің рухани өміріміздің жай-күйін түсіндіруге тырыспады, олар тек оның қалай тарихи тұрғыдан қалыптасқанына ғана мән берді. Мәдениеттің бедерлі картасында олар шын мәніндегі және алдамшы жолдарды ғана анықтады, ондай жолдар тарихи ландшафтының таулы және далалық жерлерін кесіп өтіп, бізді Ренессанс дәуірінен XX ғасырға алып келді. Авторлардың тарихи тәсілі салтанат құрды. Олардан тәлім алған бұқара өз мәдениетін рухани әлеуметтік күштердің ғасырлар бойына соншалықты көп әсер ететін органикалық өнім ретінде қабылдай отырып, қанағаттану сезімін бастан кешірді. Бірақ ешкімнің де біздің рухани өміріміздің құрамбөліктерін анықтауға мұршасы болмады. Оның қозғалысқа келтіретін идеялары қаншалықты биік, және оның нағыз прогреске әсер етуге қаншалықты қабілетті екендігін ешкім тексерген емес.

Соның нәтижесінде біз ғасырдың табалдырығын өзіміз туралы бұлжымайтын фантастикалық ұғыммен аттадық. Бұрынғы кездері біздің мәдениетіміз туралы жазылған оның құндылығына деген біздің аңғырт сенімімізді бекіте түсті. Ал оған күмән келтіргендерге таңдана қарады. Жолдан жарым-жартылай тайқып шыққандар басқа жаққа алып бара жатқан жалғыз аяқ жолдан қорқып кетіп, сара жолға қайтадан оралып отырды; басқалары онымен жүруін жалғастырды, бірақ үндемеуді жөн көрді. Олардың болған биліктегі ұғымдар оларды тұйықтыққа тіреді.

Қазір мәдениетті өзінен-өзі жою толық қарқынмен жүруде екендігін жұрттың бәрі біледі. Тіпті одан аман қалғандардың өзінен күтетін үміт шамалы. Ол әлі де болса әлдебір беріктікті сездіргендей болады, өйткені, ол басқаларды құрбандыққа ұшыратқан сырттан жасалатын күйрететін қысымға ұшыраған жоқ. Бірақ оның негізі де берік емес, келесі болатын көшкін оны мүлдем жойып жіберуі ғажап емес.

Сонда мәдениетті құрайтын энергияның көзі қалай таусылып қалды? Ағартушылық пен рационализм ақыл-ойға негізделген индивидтің эволюциясына қатысты этикалық идеалдарды адамзатқа ұсынды, бұл оның қоғамдағы алатын орнын, қоғамның өзінің материалдық және рухани міндеттерін, халықтардың бір-біріне қарым-қатынасы және оларды адамзаттың ең жоғарғы рухани мақсаттарымен бекітілген құрамда көтеруді қамтиды. Осы ақыл-ойға негізделген идеалдар философияны және қоғамдық пікірді қамти отырып, ақиқатпен түйісуді және қоғам өмірінің жағдайларын жаңартуды бастады. Үш немесе торт ұрпақ бойына мәдениетке көзқарастарында да, сол сияқты оның даму деңгейінде де, мәдениеттің түпкілікті триумфі мен оның ілгері қарай гүлденуінің толық көрінісі жасалатын прогреске қол жеткізілді.

Бірақ XIX ғасырдың ортасында ақыл-ойға негізделген этикалық идеалдардың ақиқатпен түйісуі біртіндеп кеми бастады. Одан кейінгі онжылдықтарда ол барған сайын әлсірей берді. Күрессіз және айқай-шусыз мәдениет біртіндеп құлдырай бастады. Оның идеялары уақыт көшіне ілесе алмады; ілгері жүруге олар тым әлсіз болып шықты.

Мұндай жағдай қалайша орын алды?

Философияның оз деңгейінде болмауы шешуші фактор болды.

XVIII ғасырда және XIX ғасырдың бас кезінде философия қоғамдық пікірді қалыптастырды және оны бағыттады. Адамдар мен дәуір алдына қойылған мәселелерге көңіл бөлінді, және ол мәдениет туралы терең ойлануға үндеді. Сол кездің философиясына адам, қоғам, халық, адамзат және мәдениет туралы қарапайым философиялық пайымдау тән болды, бұл табиғи жолмен кеңінен таралған философиямен ширақ, белсенді қоғамдық пікір туғызды және мәдени шығармашылық энтузиазмды ынталандырды.

Дейтұрғанмен Ағартушылық пен рационализм өзінің ықпал етуінде осы қуатты кеңінен таралған философияны негіздеген барлығын қамтитын оптимистік-этикалық дүниетаным ұзақ уақыт бойына жүйелі сыни ойлаудың талаптары үдесінен шыға алмады. Оның аңғырт догматизмі барған сайын келіспеушіліктерге әкеп соқтыра берді.

Кант іргесі шайқалған ғимаратқа жаңа іргетас қаламақшы болды: ол рационализмнің дүниетанымын танымның неғұрлым тереңдетілген теориясының талаптарына сәйкес (оның рухани мәніне ешқандай өзгеріс енгізбей) жаңарту мақсатын алдына қойды. Шиллер, Гёте және басқа осы кезеңдегі рух мықтылары, біресе мейірімділікке, біресе ащы сынға ұмтыла отырып, рационализм өзінің дербес мағынасындағы философиядан гөрі кең таралған (танымал) философияға келіңкірейтіндігін дәлелдеді. Бірақ олар бұзылғанның орнына мәдениет идеяларының қоғамдық пікіріне әсер ететіндей жаңасын табуға дәрменсіз болды.

Фихте, Гегель және басқа философтар, Кант тәрізді, рационализмге барынша сын көзбен қарай отырып, оның ақыл-ойға негізделген этикалық идеалдарымен келісімге келді, барлығын қамтитын оптимистік-этикалық дүниетанымды алдамшы жолмен, яғни болмыстың логикалық және гносеологиялық түсіндірілуімен және оның дүниеде кейіптелуімен негіздеуге тырысты. Үш немесе торт онжылдықтар бойына оларға өзінде және басқаларда байыз тапқызатын иллюзияларды қолдауға және ақиқатты өзінің дүниетаным рухына күштеп таңуға мүмкіндік береді. Бірақ сол кезде буыны бекіген жаратылыстану ғылымдары орын алған жағдайға қарсы шықты, ақиқат шындығын ту еткен олар фантазиямен құрылған ғажайып ғимаратты тас-талқан етіп қиратып тастады.

Мәдениет сүйенетін рационализмнің этикалық идеялары әлі күнге үйсіз-күйсіз дүниені шарлап кезіп жүр. Оларды негіздеуге қабілетті барлығын қамтитын дүниетанымды бұдан былай ешкімнің де құрғысы жоқ. Ішкі жинақылық иен мақсаттылық бар барлығын қамтитын дүниетанымның бірде бірі бұдан былай жалпы пайда болған емес. Философиялық догматизм ғасыры өтіп кетті. Ақиқатты сипаттайтын ғылым ғана нағыз шындық болып есептеледі. Барлығын қамтитын дүниетаным енді күн жарығындай күшті емес, ол бар болғаны гипотезалардың кометалық тозаңына айналып кетті.

Дүние туралы білімдерде догматизммен бір мезгілде сондай-ақ рухани идеялардың догматизмі де зардап шекті. Канттың аңғал рационализмі, сыни рационализмі және

XIX ғасырдың бас кезіндегі ұлы философтардың алдамшы рационализмі ақиқатты екі ұшты мағынада күшпен таңды: олар жасалынған дүниетаным пайымдауын жаратылыстану фактілерінен жоғары қойды және сонымен бір мезгілде адамдардың қолданыстағы көзқарастары мен өмір жағдайын өзгертуге бағытталған ақыл-ойға негізделген этикалық идеалдарды жариялады. Бірінші жағдайда күштеудің соншалықты мағынасыздығы орын алғанда, ол екіншісінде қаншалықты дұрыс болды деген сұрақ туындады. Қазіргі заманды тек жақсы болашақтың теориялық тұжырымдарын іске асыру үшін материал ғана деп есептеген этикалық доктринерліктің орнына Гегель философиясымен дайындалып үлгерген қазіргі жағдайларды тарихи тұжырымдау пайда болды.

Ойлаудың мұндай сатысында парасатты этикалық идеалдардың ақиқатпен элементарлық түйісуі бұрынғы түрінде мүмкін болмай қалды. Бұл үшін ойлаудың қажетті өзінділігі жетіспеді. Соған орай мәдениеттің іргетасын құрайтын сенімдердің энергиясы азая берді. Нәтижесінде адамзаттық сенімдер мен өмірдің жағдайларына өзін-өзі ақтаған күш қолдану, онысыз мәдениет саласында реформаторлық болуы мүмкін емес, беделін түсіру болып шықты, өйткені, бұл барлық ақиқатқа күш қолданудың өзін-өзі ақтамағанымен байланысты. Біздің рухани өміріміздегі XIX ғасырдың орта кезінде болған психологиялық үдерістің трагедиялық мәні осындай.

Сонымен рационализм келмеске кетті, сонымен қатар оның тармағы - дүниенің, адамзаттың, қоғам мен адамның алар орнына қатысты оптимистік этикалық негізгі сенім де жоғалды. Бірақ бүл сенім өзінің екпінімен ықпал етуін жалғастырды, ешкім де басталған апатқа есеп бере қоймады.

Философия оған берілген мәдениет идеалдарының энергиясы таусыла бастағанын мойындамады. XIX ғасырдың аяғындағы философия тарихы бойынша маңызды шығармалардың бірінің қорытындысында бұл құбылыс үдеріс ретінде тұжырымдалады, онда «әр қадам сайын, мәдениет құндылықтарының мәні неғұрлым айқын әрі ширақ бола түседі, олардың әмбебаптығы философияның өзінің пәнін құрайды» делінген. Бүл орайда олар ең басты нәрсені естен шығарып алған: бұрын философия мәдениет құндылықтары туралы ойланып ғана қойған жоқ, сонымен қатар оларды қоғамдық пікірге қолданылатын идеялар ретінде апарды, сол кезде XIX ғасырдың екінші жартысында олар барған сайын мұқият қорғалатын өндірмейтін капиталға айналды.

Мәдениетке әмбебап көзқарасты қалыптастыру үшін қажымай еңбек еткен қызметкерден, XIX ғасырдың ортасындағы өзінің күйреуінен кейін философия, дүниеден шеткері қалып құтқаруға болатынды жинап алған зейнеткерге айналды. Ол жаратылыс және тарихи ғылымдардың жетістіктерін топтастыратын, және келешек дүниетаным үшін материал жинайтын, тиісінше барлық салаларда ғылыми қызметті қолдай отырып, ғылым болды. Сонымен бірге оған өзінің өткені түбіне жетті. Философия шын мәнінде философия тарихына айналды. Онымен шығармашылық рух қоштасты. Сөйтіп, ол біртіндеп ойға құрылмаған философияға ауыса бастады. Әрине, жеке ғылымдардың нәтижелеріне талдау жасайды, бірақ ендігі жерде элементарлық ойлау оған тән қасиет болудан қалды.

Ол артына қалдырып кеткен рационализмге қимастықпен қарайды. «Кант одан тікелей өтті», Гегель «оған тарихи тәсілді дарытты» және «қазір ол жаратылыста¬ну ғылымдарымен тығыз байланыста дамуда» деп мақтаныш етеді. Бірақ бұл орайда философия аянышты рационализмнің өзінен де қауқарсыз, өйткені, рационализм өте ұтымды меңгерген өзінің қоғамдық орнын қиялда, ешқандай шындыққа жанаспайтын жағдайда орындады. Рационализм қанша аңғал бола тұрса да түпнұсқа, әрекет ететін философия болды, ол өзінің барлық болмысымен ғылыммен әшкерленген эпигондық философия ғана еді. Мектептер мен университеттерде ол әлі де болса қандайда бір өзіндік рол атқарды, бірақ әлемге енді айтары жоқ болатын.

Сонымен, философия өзі қаншалықты ғылымилығы бола тұрса да ақиқат шындыққа жанаспады. Адамдардың және дәуірдің өмірлік проблемалары оған ешқандай ықпал етпеді. Философия жолы енді жалпыға ортақ рухани өмірдің сара жолынан бөлек басқа жолмен өтті. Оның соңғысынан ешқандай қолдау көрмеді, ол өзі де оған айырбасқа ештеңе бере алмады. Ол элементарлық проблемалармен айналыспағандықтан ешқандай элементарлық

философияны қолдаған жоқ, ол кең таралған философия болуы мүмкін еді.

Өзіндік әлсіздік философияда барлық жалпыға ұғынықты философылыққа антипатия туғызды, - мұндай антипатия оның мән-мағынасына соншалықты тән. Кең таралған философия оған тобыр үшін келешек дүниетанымның қажеттері үшін бір ретке келтірілген және бейімделген жеке ғылымдар жетістіктерінің ықшамдалғам және тиісінше нашарлаған нұсқасымен ғана жарамды болып көрінді. Ол кең таралған философияның болу фактісін мойындағысы келмеді, ондай философия болмыстың элементарлық мәселелерімен тығыз айналысу нәтижесінде пайда болады, аталған мәселелер туралы жекелеген индивидтер де, сондай-ақ бұқара да ойлануы тиіс және ойланады, бұл барлығын қамтитын және неғұрлым жетілген ойлау үдерісінде осы мәселелерді тереңдете түседі және сондай күйінде оларды адамзат қоғамына қайтадан ұсынады. Ол кез келген философияның құндылығы түптің түбінде оның қабілеттілігімен нағыз кең таралған философияға айналатындығымен санаспады.

Кез келген тереңдік - бүл сонымен қатар ол қарапайымдылық, және оған оның барлық ақиқатпен байланысы қамтамасыз етілгенде ғана қол жеткізілуі мүмкін. Ол мынадай жағдайда абстракцияны білдіреді, яғни өздігінен өмірді әралуандық көріністерінде фактілермен кездескен кезде ғана оны иеленеді.

Демек, бұқараның ой-санасын барлық сыншылдық және ізденушілік әуре-сарсаңға түсіруге душар етті, өйткені, біздің философиямызда ол тану мен қолдау таба алмады. Осы көнбіс ойлаудың алдында бос кеңістік ашылды, ол оның шеңберінен шығып кете алмады.

Философияда, бейнелеп айтсақ, бұрынғы кезде алтыннан соғылған дүниелер мол болды. Келешек теориялық дүниетанымның гипотезалары оның жертөлесіне лықа толған кәдеге асырылмаған алтын күй малары тәрізді. Сол оз заманының рухани аштығынан құтқаратын тамақ философияда болған жоқ. Ол өзінің қолында еліктіретін және мол қазынасы бола тұра уақыттан ұтылып, болашақта асырайтын дән сеуіп, өнім жинаудан құр қалды. Сондықтан ол дәуір бастан кешкен аштықты көргісі келмеді, бірақ соңғысын оның оз тағдырына жазды.

Ойлау өзіне тән сипат бойынша дүниетанымды оптимистік-этикалық тұрғыдан тұжырымдауға және одан мәдениеттің рухын құрайтын идеалдар негізін табуға шамасы келмеуінде философияның кінәсі жоқ. Бұл арада ойлаудың дамуында пайда болған әлдебір жаңа факт өз ролін атқарды. Бірақ философия біздің дүние алдында осы фактіні анықтамағаны үшін және шын мәнінде мәдениет прогресіне ықпал етуді іздестірген болып иллюзияның шырмауында қалуды жалғастырғаны үшін кінәлі.

Философия өзінің соңғы мақсатына орай жалпыға ортақ ой-сананың жаршысы және күзетшісі болып табы¬лады. Оның міндеті - біздің дүниеміз алдында ақыл-ойға негізделген этикалық идеалдар бұрынғыдай барлығын қамтитын дүниетанымдағы тіректі таба алмайды, ал жақсы кезеңге дейін өз-өзімен болып келді және өзінің ішкі күшіне сүйене отырып, дүниеде өзін дәлелдеуге мәжбүр болды. Ол адамдарды мәдениет арқа сүйейтін идеалдар үшін күресу қажеттігіне сендіруі тиіс болатын. Ол бұл идеалдарды өздігінен, олардың іштей ақиқаттылығын негіздеуге тырысуы керек еді, және осындай жолмен, тіпті тиісті барлығын қамтитын дүниетанымнан өмірлік күштердің ағынысыз, олардың өміршеңдігін қолдауы керек еді. Білімді және білімсіз адамдардың назарын мәдениет идеалдарының проблемасына барлық күш-жігермен тартуға тиіс болатын.

Бірақ бәрімен айналысқан философия мәдениетке онша мән бере қоймады. Ол ештеңеге қарамастан теориялық барлығын қамтитын дүниетанымды жасауға сенім артып, ол барлық проблеманы шешуге көмектеседі деп өзінің күш-мүмкіндігін текке жұмсауды жалғастыра берді. Философия тарихқа және жаратылыс ғылымдарына арқа сүйейтін және тиісінше оптимизм және этикалық тәрізді сапалардан айырылған, тіпті аяқталған күйінде «күшті емес» дүниетаным болып қала беретін, мәдениет идеалдарын негіздеу мен қолдау үшін қажетті энергияны ешқашан туғыза алмайтын мұндай дүниетаным туралы ойланбады.

Нәтижесінде философия мәдениетке аз көңіл бөлді, тіпті өзінің де өз уақытымен бірге барған сайын мәдениетсіздік жай-күйіне жылыстап бара жатқанын сезіне қоймады. Қауіп-қатер төнген кезде бізді ескертетін күзетші қалғып кетті. Міне, өзіміздің мәдениетіміз үшін күресуге тырыспағанымыздың сыры осында жатыр.

ІІ

Біздің экономикалық және рухани өміріміздегі мәдениетке қарсы туратын жағдайлар

Біздің кезеңімізге мәдениеттің құлдырауының шешуші себебі ретінде ойлаудың қанағаттанғысыздығымен қатар мәдениеттің қалыптасуы үшін күресті қиындататын басқа да көптеген жағдайлармен бетпе-бет келуіне тура келеді. Бұл жағдайлар рухани өмірде де, сондай-ақ экономикалық өмірде де орнығады, және экономикалық және рухани бастаулар арасындағы қолайсыз қалыптасқан өзара іс-әрекетімен айқындалады.

Қазіргі заманғы адамның мәдениеттің мәнін түсінуге қабілеттілігі және оның мүдделеріне сай әрекет етуі үзілген, өйткені, ол қойылған шарттар оның құндылығын кемітеді және психикалық жағынан жаралайды.

Жалпы алғанда мәдениеттің дамуы адамзат прогресіне ықпал етуге арналған парасатты идеалдардан тұрады, олар ондағы шындықпен айтыса отырып, индивидтермен қабылданады және, бұл орайда олардың адам өмірінің жағдайларына неғұрлым тиімді және мақсатты түрде әсер етуге жәрдемдеседі. Демек, адамның қабілеттілігі мәдениетті пайдаланушы бола алады, яғни оны түсінеді және сол үшін әрекет етеді, бұл оның қандай дәрежеде ой-өрісіне және еркіндігіне байланысты. Ол жалпы алғанда парасатты идеалдарды ойлап табуға және лайықты түрде көрсете алатындай болуы тиіс. Ал еркіндігі өзінің парасатты идеалдарын универсумға таратуға қабілетті болуы үшін керек. Ол өзі қандайда жолмен болсын тіршілік ету үшін күреске түсетін болса, оның парасатты идеалдарында өзінің жеке болмыс шарттарын жақсартуға деген ұмтылысын айқын білдіре түседі. Мұндай жағдайда мүдделерден туындаған идеал¬дар мәдениеттің идеалдарын бойына сіңіреді және оның айқындылығы мен жүйелілігінен айырады.

Материалдық және рухани бостандық арасында ішкі бірлік болады. Мәдениет еркін адамдардың болуын қалайды, өйткені, тек олар ғана өмірге оның принциптерін жасай алады және іске асырады.

Қазіргі адам өзінің еркіндігімен де, сондай-ақ ойлау қабілетімен де шектеулі.

Егер біркелкі және берік әл-ауқат Жер шарының неғұрлым қалың бұқарасы үшін қол жететіндей болып қалыптасатын болса, онда мәдениет барлық материалдық жетістіктерге қарағанда одан неғұрлым артықшылыққа не болар еді. Материалдық жетістіктер, әрине, адамзатты бұрынғыдай емес, табиғаттан неғұрлым тәуелсіз етеді. Сонымен қатар, адамзаттың өзінің ішінде тәуелсіз адамдардың санын кеміте түседі. Қолөнерші машинаның пайда болуымен фабриканың жүмысшысына айналады. Тәуелсіз коммерсанттың орнын көбінесе шенеунік иеленіп алады, қазіргі заманғы өндірістің күрделі жағдайында тіршілік жасауға мүмкіндікті тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана иеленеді. Тіпті азды-көпті ірі меншігін сақтап қалған немесе азды-көпті тәуелсіз қызметке құқығын қорғап қалған қоғам мүшелері қазіргі заманғы экономикалық жүйеге тән болашаққа деген сенімсіздіктен барған сайын өзін сақтау үшін күреске көбірек тартылады.

Пайда болатын тәуелділік пен бағыныштылық өндірістік өмірдің барған сайын адамдарды ірі агломерацияға біріктіруіне орай күшейе береді, оларды асыраушы жер¬дей, өзінің үйінен және табиғаттан қол үздіреді. Сол арқылы адамдар психикалық жағынан ауыр соққы алады. Өзінің жер учаскесінен және өзінің жеке меншік үйінен айырылған адам жаратылысқа жат өмірді бастайды.

Әрине, бірдей дәрежеде бұзылған тіршілік жағдайларын қорғау үшін біріккен көптеген адамдардың идеалдар мүдделерінде сондай-ақ мәдениетке қатысты талаптар да болады, өйткені, материалдық жағдайды жақсарту міндеті алға қойылады, сол арқылы болмыстық рухани жағдайларды да жақсарту ұсынылады. Бірақ мұндай талаптар мәдениет ұғымы үшін қауіпсіз де емес, өйткені, олар өздерінің көрінісін табатын тұжырымдама не жалпы алғанда адамзаттың неғұрлым ортақ мүдделеріне қатыссыз болып, не олардың аз ғана ықпалымен қалыптасады. Бүл мүдделерден туындаған және мәдениет үшін бір-бірімен түйісетін қарама-қайшы идеалдар мәдениетке қатысты ойлануға ықпал етпейді.

Адамдардың шамадан тыс тырысушылығы тәуелсіз тіршілікпен органикалық жағынан байланысты. Екі немесе үш ұрпақ бойы көптеген индивидтер адам ретінде емес, жұмыс күші ретінде өмір сүреді. Сонда еңбектің рухани және өнегелілік мәні туралы не айтуға болады, өйткені, бүл олардың еңбектеріне қатыссыз болады. Қоғамның барлық қабаттарында қазіргі заманғы адамның әдеттегі шамадан тыс қолы тимейтіндігі ондағы рухани бастаудың құрып кетуіне әкеп соқтырады. Жанама түрде ол бала кезінен-ақ оның құрбанына айналады. Еңбектің қатыгез талаптарына әбден берілген оның ата-анасы оған қажетті көңіл бөлуге шамасы келмейді. Соның нәтижесінде оның дамуына қажет болған нәрселердің бәрі келмеске кетеді. Кейін оның өзі де шамадан тыс тырысушылықтың құрығына ілініп, сыртқы дүние әсерінің қажеттілігін қатты сезіне бастайды. Жұмыстан бос уақытында өзіне-өзі қарауға, маңызды тақырыпқа әңгімелесу немесе кітап оқу оған оңайға түсе қоймайды. Көңілін көтеруге, қиындықтың бәрін ұмытуға, өзін бір сәт еркін сезінуге деген құштарлық туындайды. Ол таным мен дамуды емес, көңіл көтеру арқылы аз да болса рухани л ықты іздейді.

Миллиондаған адамдардың осындай бірігуге қабілетсіз шашыраңқы ой-санасының қалыптасуы білімге, сондай-ақ мәдениетке қызмет етуге арналған барлық институттарға кері әсерін тигізеді. Театр көрініске, ал әдебиет көңіл көтерушілікке жол береді. Журналдар мен газеттер оқырмандарға олардың ой-өрісіне шақ келетін фактілерді айтумен шектеледі. Қазіргі басылымдарды осыдан елу-алпыс жыл бұрынғыларымен салыстырсаңыз, баспасөздің қаншалықты өзгергеніне көз жеткізу қиын емес.

Рухани өмірге ықпал ететін институттар арзан ойлылық пен үстірттіктің рухтың ыңғайына қарай жығылып, қоғамның сондай жай-күйге жылжуына ықпал етеді және оған сүреңсіздік пен руханисыздықтың сарынын береді.

Ойсыздық адамның екінші қасиетіне айналды десе болады. Оны айналадағы адамдармен сөйлескенде байқау қиын емес. Ондай адамдармен әңгімелескенде ол жалпы тұжырымдармен шектелуге және шын мәнінде әңгімені ой бөлісуге айналдырмауға тырысады. Оның өзінің алып қосары жоқ, тіпті өзінің ойындағысын айту талап етіле ме деген қорқынышы да болады.

Бытыраңқылардың қоғамымен туындаған рух біздің көз алдымызда тұрақты беки түсетін күш болып көрінеді. Бізде адам туралы ықшамдалған ұғым қалыптасады. Біз басқадан да, өзімізден де еңбеккердің ыждағаттылығын іздейміз, соған сәйкес одан жоғары тұратын ештеңе болмауы тиіс.

Еріксіз тіршілік ету мен бытыраңқылық тұрғысынан алғанда, неғұрлым қолайсыз жағдай үлкен қалалар тұрғындарының өмір сүру жағдайында қалыптасқан. Тиісінше ол рухани құлдырау қатеріне көбірек ұшыраған. Жалпы ірі қалалар рухани тұлғалықтың деңгейіне көтерген адам идеалы туындайтын мағынада қашан мәдениет орталығы болып еді? Қазіргі кезде үлкен қалалар мен оның тұрғындарынан таралатын рухтың азуынан нағыз мәдениетті құтқарып қалу керек.

Қазіргі заманғы адамдардың еріксіз жай-күйі мен бытыраңқылығына мәдениеттің тағы бір психикалық тежегіші ретінде олардың шектеулілігі келіп қосылады. Ғылым мен тәжірибе жетістіктерінің орасан зор деңгейде өсуі индивидтің қызмет аясы тек бір ғана саламен шектеліп қалуға әкеп соқтырады. Жекелеген индивидтердің жоғары өндірістік жетістіктерінің өзара ықпалдастығын қамтамасыз етіп еңбекті ұйымдастыру үстемдік ететін болады. Алынған нәтижелер керемет. Бірақ еңбеккердің рухани мәнге деген сенімін оның еңбегі бұзып кетеді. Мұндайда адам қабілеттілігінің бір бөлігі ғана қолданысқа түседі, бұл оз кезегінде оның рухани мәнділігіне кері эсерін тигізеді. Өндірістік міндеттердің әралуандығында орныққан жеке тұлғаны қалыптастыратын күштер олардың әралуандығының жұтаңдығында және аз рухани мәнінде сарқылады. Қазіргі шебер өз кәсібінің қыр-сырын өзінен бұрынғы шеберлердей біле бермейді. Бұрынғы шеберлерден оның айырмашылығы ол ағашты немесе металды өңдеудің барлық әдістерін меңгермеген, өйткені, оның жұмысына басқа адамдар мен машиналардың улесі аз емес. Қазіргі жұмысшының тапқырлығы мен тәжірибесі жаңа жүйеде қажетсіз болып қалады. Шығармашылық және көркемдік бастау онда құриды. Өзінің бар ынта-жігерін, шеберлігін салып еткен еңбектен алатын рахат енді жеке тәжірибені елемей, ортақ жетілмегенді білдіртпейтін масаттанушылыққа айналады.

Адамзат қызметінің барлық салаларында, әсіресе ғылымда, индивид үшін де, сондай-ақ қоғамның рухани өмірі үшін де тұтастай алғанда тар маманданудың қатері барған сайын күшейіп барады. Жастарға өзінің жан-жақтылығымен ерекшеленбейтін, жекелеген жеке ғылымдардың өзара байланысын ашып бере алмайтын, олардың табиғи ауқымын айта алмайтын адамдардың сабақ беруі коп жайдан хабар береді.

Еңбекті мамандандыру мен ұйымдастыру қазіргі заманғы адамның психикасына әлі де болса онша кері эсер ете алған жоқ, бірақ оны мүлдем қажеті жоқ жерге де енгізуге деген ұмтылыс орын алған. Әкімшілік басқаруда, оқытуда және басқа салаларда қадағалау жүйесінің және барлық мүмкін болатын реттеудің көмегімен адамдардың табиғи қызметінің аясы барған сайын тарылып барады. Кейбір елдерде қазіргі заманғы оқытушы өзінің бұрынғы заманда өткен әріптестерімен салыстырғанда қаншалықты еріксіз екендігіне мән беріп көріңізші! Осындай шектеудің нәтижесінде оның сабақ беруі сүреңсіз әрі жұтаң екенін көресіз!

Біздің еңбегіміздің өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес біз өзімізге тән рухани бастауды және біздің дербестігімізді қоғамның материалдық жетістіктері өсуіне орай жоғалтып алдық. Біз бұл арада қатал заңдылықтың әрекетін көреміз, соған сәйкес бірінен ұту болса, екіншісінде ұтылыс орын алады.

Еріксіз, бытыраңқы, шектелген қазіргі заманғы адам сонымен бір мезгілде ізгіліктен айырылу қаупінде тур.

Адамның адаммен қалыпты қатынасы біз үшін қиындай түсті. Біздің өмір салтымызға тән үнемі асығыстық, шектеулі кеңістіктегі өзара қарым-қатынас жасаудың, бірлескен еңбектің және бірлескен тұрмыстың интенсификациясы біздің бір-бірімізбен әралуан жағдайларда кездесе отырып, бірімізді біріміз бөтенсуге, өзіңді өзгелерден алшақ ұстауға тырысуға әкеп соқтырады. Біздің тұрмыстың жағдайы адамның адамға қарым-қатынас жасауындай бір-бірімізге иліге алмаймыз. Адамзат табиғатына тән қызметтегі бізге таңылған шектеу әмбебаптық және жүйелілік сипат алатындығы сондай, біз оған көндігіп кетеміз, өзіміздің кескінсіз мінез-құлығымыздың ешқандай оғаштығы жоқтай болып көрінеді. Біз сол немесе басқа жағдайларда өз жақындарыңа нағыз адами көзқарасты білдіре алмайтындығымызға бұрынғыдай қинала қоймаймыз, содан келіп мүмкін болатын және орынды нағыз адами қарым-қатынастардан қол үзіп, қожырауға ұшыраймыз.

Үлкен қала тұрғынының психикасы бұл тұрғыдан алғанда соншалықты қолайсыз ықпалдың шылауында қалады және содан кейін өз кезегінде қоғамның рухани өмірінің жай-күйіне қолайсыз әсер етеді.

Біз өзіміздің туысқандарымызға туыстық сезімді жоғалтамыз және сөйтіп, ізгілікке қарсы тұратын жолға түскенімізді сезбей де қаламыз. Санасынан айырылған кез келген адам бізді адам ретінде толғандыра қоймайды, сонда мәдениет пен этиканың тірегі шайқалады. Ізгіліктің құлдырауы мұндай жағдайда тек уақыттың ғана мәселесі болып қалады.

Шын мәнінде де, міне, екі ұрпақтың өмірі бойына біздің арамызда логикалық принциптердің беделімен бекітілген ізгілікке жат идеялар өзінің ұсқынсыз кейпімен орнығып алған. Қоғамда индивидтерді ізгіліктен бөліп алып кететін көзқарастар қалыптасты. Табиғаттан адамға тән нәрсе жақыныңа деген тілектестік жоғалады. Оның орнына көп немесе аз мөлшерде әралуан формаларда көрінетін абсолюттік индифференттік келеді. Танымайтын адамдармен қарым-қатынаста паңдық пен қатынаспаушылық ендігі жерде ішкі мәдениетсіздік пен дөрекілік болып көрінбейді, оны керісінше зайырлы мінез-құлық деп есептейді. Иә, біздің қоғамның өзі адамдардың бәрін адами құндылық және адами адамгершілік тұрғысынан қараудан қалды. Адамзаттың белгілі бір бөлігі біз үшін адами материалға, затқа айналды. Ондаған жылдар ішінде, соғыстар мен жаулап алушылықтар туралы айтқанда, оны тура шахмат тақтасындағы қақтығыстардай қиналмай, жеңіл түрде айтылса, онда бүл жалпыға ортақ сендірудің нәтижесі болып шығады, яғни адам тағдырлары - бүл тізілген сандар, белгілі бір статистикалық материал, басқа ештеңе де емес. Ал соғыс басталған кезде біздің санамызға сіңген ізгілікке жат пиғылдар кең көлемде бас көтерді. Ақ нәсілді халықтардың қаншама айуандық істері соңғы онжылдықтарда біздің отар елдердің әдебиеттерінде көрініс тапты. Осыдан жиырма жыл бұрын Еуропа құрлығындағы елдердің біріндегі парламентте депортацияланған негрлердің аштық пен жұқпалы аурулардан жаппай қырылуы туралы жасалған баяндамада олардың өлімін тура малға айтылатындай «шығын болды» деген сөз қолданғанда жиналғандар оны қалыпты түрде қабылдады.

Қазіргі мектептерде сабақ беруде және оқулық құралдарында ізгілікті мүлдем ығыстырып тастады, ол адамды тәрбиелеудегі ең қарапайым әрі ең қажетті ақиқат болудан қалды, тіпті ізгілікті сыртқы жағдайлардың әсерінен қорғау және біздің ұрпағымызды тәрбиелеуге қолданудың ешқандай қажеттігі жоқ сияқты. Ізгілік рухы бұрын тек мектепте ғана емес, әдебиетте де, тіпті шытырман оқиғалы кітапта да бірінші кезекте айтылды. Дефоның атақты романында Робинзон Крузо ізгілік мәселесі туралы үнемі ойланады. Ол тіпті өзі қорғануға тура келгенде де адам өмірін жоғары бағалайды, ол ізгілік идеясына соншалықты мән береді, сондықтан оның шытырман оқиғалы өмірінде ізгіліктің орны бөлек. Қазіргі кездегі осы жанрда жазыла тын шығармалар ішінен адамзат рухын соншалықты бере білген біреуін табуға бола ма?

Мәдениетке сондай-ақ біздің қоғамдық жағдайлардың шамадан тыс ұйымдастырлуы кері әсерін тигізеді.

Ұйымдасқан қоғам мәдениеттің алғышарты және сонымен бір мезгілде оның салдары болып табылады, сондай-ақ белгілі бір кезеңде қоғамның сыртқы ұйымдастырылуы рухани өмір есебінен жүзеге асырылады. Жеке тұлғалық пен идеялар қоғам институттарының ықпалына түседі, онымен бірлесе отырып, ондағы тіршілік бастауын қолдайды.

Қандайда бір салада бәрін қамтитын ұйым құру алғашқы кезде тамаша нәтижелер береді, бірақ арада белгілі бір уақыт өткеннен кейін бастапқы тиімділік біртіндеп азая бастайды. Алғашқыда бұрыннан келе жатқан байлық көрініс табады, ал одан кейін тіршілік иесін және бастапқы жағдайды бағаламау мен жоққа шығару салдары пайда болады. Ұйымдастыру жүйелі түрде енгізілген сайын өндіруші және рухани бастауға оның тежегіш ықпалы күштірек көрінеді. Шамадан тыс бәрін қамтиды. Және орталықтандырылған басқарудан кейіндеп қалған, экономикалық рухани өмір салдарын жоя алмайтын мәдениетті мемлекеттер бар.

Орманды саябаққа айналдыру және оны сондай күйде ұстау белгілі бір жағдайда дұрыс болып көрінеді. Бірақ орманның табиғи түрде өсуі туралы әңгіме қозғау бүл жерде мүмкін еместігі тағы белгілі.

Саяси, діни және экономикалық бірлестіктер қазіргі кезде олардың ішкі бірлігіне барынша ықпал ететін ұйымдастыру құрылымына ұмтылуда, ал сол арқылы сырттан әсер етудің жоғары дәрежедегі қабілеттілігі пайда болады. Бірігудің кез келген үдерісінің техникалық жағын құрайтын ұйымдастыру принциптері, тәртіп және т.б. бұрын-соңды болып көрмеген жетілдіру деңгейіне жеткізіледі, мақсатқа қол жетеді. Бірақ осы барлық бірлестіктер ендігі жерде тірі организм ретінде әрекет етуден қалады және жетілдірілген машиналарға көбірек ұқсайды. Олардың ішкі өмірі кедейленеді және көп қырлы болу қасиетінен айырылады, өйткені, жеке тұлға оларға мүлдем сіңісіп кетеді.

Біздің барлық рухани өміріміз ұйымдастыру шеңберінде өтеді. Қазіргі заманғы адам бала кезінен бастап тәртіпке үйренеді, өзіне тән тіршілік ету дағдысы туралы ойдан бас тартады және өзінің корпорациясының мүдделерін ғана басшылыққа алады. XVIII ғасырдағы кезінде даңқы шыққан адамдар мен идеялар арасындағы қақтығысқа қазір жол берілмейді. Ол кезде ізгілік топтық пікірлер алдында мойындалған жоқ. Кез келген идеяның тағдыры оны кеке ой-сананың қабылдауына және қолдауға байланысты болды. Қазіргі кезде үстемдік ететін ұйымдасқан бірлестіктерге деген құрмет үйреншікті ережеге айналды, мұндай талассыз ой-пікір мөлшері әркез алдын ала анықталып қойылды. Осы ой-пікірді ешқандай сынға алуға, тіпті талқылауға болмайды. Мұндай жағдай бізді ойлайтын тіршілік иесі ретінде ойлау, сенім қабілеттерімізді шектеп і астайтындай көрінеді.

Қазіргі заманғы адамды қоғамның жұтып қоюы, шын мәнінде оның мәнінің неғұрлым өзіне тән сипаты болып табылады десек қателеспейміз. Адамның өзіне өзі жеткіліксіз көңіл бөлуі қоғам және оның институттары арқылы дайын күйінде ұсынылатын сенімдердің шылауында кетуге әкеп соқтырады. Сонымен қатар қоғамның рухани өмірдегі бұрын-соңды болып көрмеген қуатымен ұйымдастыруға қол жеткізуі, қазіргі заманғы адамның қоғамға қатысты дербессіздігі оның өзіндік рухани өмірін мүлдем құлдырауына душар еткізеді. Ол соққылар мен қысым түсуден сыртының жылтыры кетіп, мыж-мыж шығып әбден тозған допқа ұқсайды. Қоғам оны өзінің икеміне көндіреді. Адам одан өзінің өмір сүруіне қажетті ұлттық, саяси, діни немесе атеистік сенімдерді дайын тауар ретінде қабылдап алады.

Қазіргі заманғы адамның сыртқы күштің әсеріне шамадан тыс икемділігі оның өзіне әлсіздік белгісі болып көрінбейді. Ол оны жетістік ретінде қабылдайды. Ол ұжымшылдықтың идеясына шексіз рухани тұрғыдан берілуі қазіргі заманғы адамды бағалаудағы өлшем екендігіне сенімді болады. Жаратылысынан өзіне тән адамдармен қарым-қатынас жасау қасиетін ол енді фанатикалық тұрғыдан барлық ұжымдық бастауға бағындыруға айналдырып жібереді.

Өйткені, біз индивидуалдықтың ажырамас құқықтарынан бас тартамыз, сол арқылы біздің ұрпақ қандайда бір жаңа идеяны ұсынуға немесе қол жеткенді жаңғыртуға келгенде қабілетсіз. Ол оны өзінің басынан өткізуге бейімделген, бұрыннан енгізілген идеялардың беделі үлкен болады, барған сайын біржақты сипат алады және адамдарға үстемдік етіп, өзінің қауіпті салдарын көрсетеді.

Біз жаңа орта ғасыр кезеңіне осылай өттік. Ойлау бостандығы жалпыға ортақ ерік актісімен қолданыстан шығып қалды, сондықтан миллиондаған индивидтер ойлау құқығынан бас тартады және тек корпорацияға қатыстылығын ғана басшылыққа алады.

Біз рухани бостандықты осы миллиондаған адамдар қайтадан рухани дербестікке қол жеткізгенде және ұйымдарға интеллектуалды жұмыс істеп, оларға өзінің қатынасында лайықты және табиғи формасын тапқанда ғана иелене аламыз. Қазіргі заманғы ортағасырлықтан құтылу бұрынғысынан әлдеқайда қиын болады. Ол кезде тарихи негізделген сыртқы билікке қарсы күрес жүргізілді. Ал қазіргі кезде әңгіме миллиондаған индивидтерді өз еркімен мойынына ілген дербессіздік қамытынан босатудың жолдары туралы болып отыр. Одан асқан қиын міндет болуы мүмкін бе?

Біз әлі де санамызбен рухани кедейлікке ене қойған жоқпыз. Жылдан жылға жеке түрде ойлауды бір мезгілде жоққа шығару кезінде ұжымдық пікірлерді тарату мәселесі барған сайын өрістеп барады. Бүл орайда қолданыстағы әдістер жетілгені және мойындалғаны соншалық, қоғамдық пікірге орынды делінетін ең мағынасыз идеяны енгізуге кез келген тырысушылықты алдын ала ақтау қажеттігі болмай қалады.

Соғыс кезінде ойлаудың тәртіптілігі жетілдірілді, және насихат сол жылдары шындықтың орнын басты.

Өз ойлауымыздың тәуелсіздігінен бас тарта отырып, біз ақиқат шындыққа деген сенімімізді жоғалтып алдық, басқалай болуы мүмкін емес деп тұжырымдадық. Біздің рухани өміріміз ыдыраған. Біздің қоғамдық өмірдің шамадан тыс ұйымдастырылуы ойсыздықтың ұйымдастырылуына барып қосылады.

Индивид пен қоғам арасындағы қатынастар тек интеллектуалды тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге этикалық жағынан да бүлінген. Қазіргі заманғы адам өзінің дербес пікірінен қол үзе отырып, өзінің дербес өнегелілік пайымдауынан бас тартады. Жақсыны танығысы келсе, қоғам оны сөзбен де, іспен де оны жоққа шығарып, талқыға салып, оны ақымақ етіп шығарады, ол ондағы туындап келе жатқан күмәнді өзгенің алдында да, өзінің алдында да жарыққа шығармай тұншықтырып тастайды. Оның сезінуі п j бетінше көріне алмай, ұжымдық бағыныштылық аясынан шыға алмайды. Соның нәтижесінде ол өзінің пайымдауын бұқараның пайымдауына және өзінің өнегелілігін бұқараның өнегелігіне бағындырады.

Ол әсіресе өз халқының мән-мағынасыз, қатыгез, .әділетсіз және ақымақ әрекеттерін кешіруге бейім тұрады. Біздің мәдениетсіз мәдениетті мемлекеттер азаматтарының басым бөлігі өнегелі тұлғалар ретінде пайымдауға бара бермейді, қоғаммен үнемі ішкі шиеленістерге барғысы жоқ және қоғамның мүдделеріне мүлдем қайшы келетін пікірлерін тұншықтырып тастайды.

Бір ізге салынған ұжымдық пікір оларға бұл орайда көмектеседі, өйткені ол ұжымның іс-әрекеті өнегеліліктің ауқымымен ғана емес, сонымен қатар тиімділігі мен қолайлы болуына байланысты өлшенуге тиісті екендігі сендіреді. Бірақ нәтижесінде олардың рухтары зиянға ұшырайды. Егер біздің замандастарымыздың арасында жоғары адамгершілігі мен өнегелілік сезімі бар адамдар аз кездесетін болса, бүл қоғамға оппозиция болатындай және оны жетілдіруге бастайтын күш болудың орнына өзінің жеке өнегелілігін отанының жолында құрбан етушілікке саятындығынан деп білу керек.

Сонымен, экономика мен рухани өмір арасында ғана емес, сонымен қатар қоғам мен индивид арасында өзара бірінің түбіне бірі жететін өзара іс-әрекет қалыптасады. Философияның рационализмі мен гүлденуі ғасырында қоғам индивидке тірек болады, оған ол өзінен өзі болатын деп қарайтын парасат пен өнегеліліктің салтанат құратындығына деген сенімін орнықтырады. Онжылдықтан онжылдыққа қалыптасып келе жатқан мәдениетті мемлекеттің банкроттығы қазіргі заманғы адамды құлдыратуға әкеп соқтыратыны айқын болды. Индивидтің қоғаммен моральсыздануы қарқынды жүруде.

Еріксіздік, бытыраңқылыққа душар болған, шектеулі, адамгершіліксіздіктің шытырманында адасқан, өзінің рухани дербестігі мен өнегелілік пайымдауына деген құқығын ұйымдасқан қоғамға алмастырған, мәдениет туралы шындық ұғымдарды енгізу жолында әр қадам сайып кедергілерге тап болған - қазіргі заманғы адам зар заман да сары уайымды жолмен беталды кезіп жүр. Философия адамның басына түскен қауіпті ешқандай ұғынбады және оған көмектесуге де ешқандай тырыспады. Ол тіпті оның өзіне қатысты не болып жатқаны жөнінде ойлануына да түрткі бола алмады. Қоғамның тарихи дамуы мем оның экономикалық өмірінің прогрессінің деңгейіне қарай мәдениеттің гүлдену мүмкіндігі кеңейіп емес, керісінше тарылып бара жатқаны, оның сезінбеуі ащы шындық болып табылады.

IІІ

Мәдениеттің негізгі этикалық сипаты

Мәдениет деген не?

Бұл өзін мәдениетті санайтын адамды ойландыра тын сұрақ. Бірақ әлемдік әдебиетте әлі күнге дейін ешкім ондай сұрақты қойып көрген емес, және оған жауап беруге де тырысқан жоқ. Мәдениеттің мәніне үңілудің қажеті қанша, оның бар болмысы көрініп тұрған жоқ па деп есептеді. Бірақ осы сұрақ қанша дегенмен қойылған кезде, тарих пен қазіргі заманға сілтеме жасағандар оны әлдеқашан шешіліп қойған мәселе деп тұжырымдады. Бірақ бүгінде ырыққа көнбейтін оқиғалар бізді мәдениет пен мәдениетсіздік элементтерінің қауіпті араласу жағдайында өмір сүріп жатқанымызды сезінуге жетелейді, біз қаласақ та, қаламасақ та, нағыз мәдениеттің мәнін айқындауға тырысу біздің еншімізге тиеді.

Мәдениетті неғұрлым кең мағынасында алатын болсақ - ол прогресс, индивидтердің де, сондай-ақ қоғамдастықтың да материалдық және рухани прогресі.

Ол неден құралады? Ең алдымен ол үшін де, басқасы үшін де тіршілік етуді жеңілдетуге арналған. Өмірдің қолайлы жағдайларын жасау - сондай талаптан туындайды, бұл мәдениеттің түпкі мақсаты болып табылатын индивидті рухани және өнегелілік жағынан жетілдіруді білдіреді.

Тіршілік үшін күрес екі майданда қатар жүреді. Адамға табиғатта - оның стихиялық күштері алдында - және қоғамда - оның талаптары алдында өзін ұстай білуге тура келеді.

Тіршілік үшін күресті әлсірету ақыл-ойдың табиғат пен адамның табиғи болмысына үстемдігін барынша мүмкін ету және неғұрлым жүйелі түрде кеңейту арқылы жүзеге асады.

Демек мәдениеттің мәні екі түрлі болады. Мәдениет .ақыл-ойдың табиғат күштеріне үстемдігінен және ақыл-ойдың адамзаттың сенімдері мен ой-ниетіне үстемдік етуінен құралады.

Сонда қайсысын маңызды деп тану керек? Бір қарағанда ақыл-ойдың адам ой-санасына үстемдігі онша елеулі болмайтындай көрінеді. Неге? Оның екі себебі бар. Біріншіден, біз ақыл-ой көмегімен табиғат күштеріне жасайтын үстемдік таза күйіндегі прогресс емес, ал оған мәдениетсіздікке ықпал етуге қабілетті жетістіктері мен кемшіліктері бар прогресс тән. Біздің заманымыздың мәдениетке бұзушылық әсер ететін экономикалық жағдайлар табиғат күшінің қызметінің орнына машиналардың көмегімен өзімізді қоюмен түсіндіріледі. Бірақ мұндай жағдайда ақыл-ойдың адамзат сенімдері мен ой-ниеттеріне үстемдік жасауы ғана адамдар мен тұтастай халықтар олар табиғаттың қолынан келетінді бір-біріне қарсы қолданбауға, олар адамның өркениетті емес кездегідей тіршілік ету үшін сұмдық жағдайларға бармауына кепілдік етуі тиіс.

Демек, мәдениеттің мәнін қалыпты түрде түсіну мәдениеттегі маңызды және маңызды емес арасындағы айырмашылық болатын жерде ғана айқын көрініс табады.

Әрине, сол және басқа прогресс оның екеуі де адамның рухани жетістіктеріне сүйенсе ғана рухани сипат алады. Сонымен қатар ақыл-ойдың табиғатқа үстемділігі арқасында қол жеткен прогресті материалдық прогресс деп дәрежелеуге болады, өйткені, ол адамдардың мүддесіне орай материяны игеру және пайдаланумен байланысты. Ақыл-ойдың адам сенімдеріне үстемдігі айрықша түрдегі рухани жетістік болып табылады, өйткені, ол рухтың рухқа эсер етуіне, яғни ұшқыр ақыл-ойдың сондай екіншісіне әсер етуіне негізделеді.

Ақыл-ойдың адамның сенімдері мен ой-ниеттеріне үстемдігі неден құралады? Индивидтер мен әртүрлі адамзат қоғамдастықтары өздерінің талап-тілектерін материалдық және рухани игіліктермен өлшейтіндігінен орай, ондағы барлардың көбі этикалық болады. Демек, этикалық прогресс - бұл әлдебір маңызды және күмәнсіз емес, ол материалды -мәдениеттің дамуында маңызы аздау және күмәнсіздігі аздау. Бұл мәдениеттің моралистік тұжырымдамасы ескі рационалистік пікір туғызды. Біздің заманымыздың рухына мәдениетті табиғи түрде қарастырған тиімді, ол адамзат дамуында өзінің күрделілігімен және өзіне тән ерекшелігімен өмірлік құбылыс ретінде көрінеді. Бірақ мәселе айқындамада емес, ақиқатта болып отыр. Бұл жағдайда ақиқат дегеніміз қарапайымдылық, бізді азапқа түсіретін ақиқат қолайсыздығы болып табылады.

Мәдениет пен өркениет арасындағы айырмашылықты айыруға деген талпыныс этикалық мәдениеттің ұғымымен қатар этикалық емес мәдениеттің ұғымын заңдастыру және оның соңғысын тарихи терминмен көлегейлеу ниетімен айқындалады. Бірақ ешқандай сөздің тарихында «өркениет» ондай ниетті ақтай алмайды. Бұл сөз өзінің дәстүрлі қолданысына сәйкес «мәдениетті» де білдіреді, яғни адамдардың неғұрлым жоғары ұйымдастырылуына және неғұрлым жоғары өнегелігіне деген эволюциясын көрсетеді. Кейбір тілдерде бірінші терминге артықшылық беріледі, ал кейбіреуі екінші терминді қолданады. Неміс мәдениет туралы, ал француз өркениет туралы айтады. Бірақ осы екі терминнің айырмашылығы лингвистикалық жағынан да, тарихи жағынан да ара-жігі ашылған жоқ. Демек этикалық және этикалық емес мәдениет туралы немесе этикалық және этикалық емес өркениет туралы айту керек, бірақ мәдениет пен өркениет туралы емес.

Бірақ мәдениет үшін этикалық шешуші мән біздің уысымыздан қалай шығып кетті?

Мәдениет негіздерін құруға жасалған барлық талпыныстар өзіндік үдерістерді білдіреді, осы орайда прогрестің күштері барлық салаларда дерлік өзін көрсетті. Өнердегі, құрылыс ісіндегі, басқару әдістеріндегі, экономикадағы, өнеркәсіптегі, саудадағы және отаршылдықтағы ірі жетістіктер қолдан қолға неғұрлым жетілген дүниеге көзқарас туындауына әкелген рухани өрлеу арқылы жүрді. Мәдени қозғалыстың әлсіреуі материалдық салада да, сондай-ақ рухани-этикалық салада да көрінді, бұл орайда оның біріншісі екіншісіне қарағанда бұрынырақ орын алды. Мәселен, грек мәдениетіндегі жаратылыстану ғылымдары мен саяси институттардың дамуында ақылға сыйымсыз тоқырау Аристотельдің кезінде-ақ білінді, ол кезде өзінің зор рөлін ұлы тәрбиелік қызметте тапқан этикалық қозғалыс кейінгі ғасырларда аяқталды, ол антиктік әлемде стоиктік философияны өркендетті. Қытай, үнді және иудейлік мәдениеттерде материалдық саладағы прогресс басынан бастап рухани-этикалық ұмтылыстардан тұрақты түрде кейін қалумен болды.

Мәдени қозғалыста, Ренессанс дәуірінен бастап XIX ғасырдың бас кезіне дейін, материалдық және рухани-этикалық прогрестің күштері өзара жарыса отырып, қатар әрекет етті. Содан кейін, бірақ, бұрын-сонды болып көрмеген жағдай болды: этикалық прогрестің күші сарқылып қалды, ал сол кезде рухтың жетістіктері материалдық салада тұрақты түрде өрістеді, ғылыми-техникалық прогрестің ғажайып көрінісіне айналды. Осыдан кейін тағы да онжылдықтар ішінде біздің мәдениет алғашқыда этикалық қозғалыстың әлсіреу салдарын сезінбей, материалдық жетістіктердің артықшылығы ретінде қолданылды. Адамдар сол бұрынғысынша этикалық мәдени қозғалыс жасап кеткен ахуалда өмір сүрді, бұл орайда олар мәдениеттің неге душар болғанына және халықтар арасындағы қатынастарда ненің пісіп-жетілгенін ескермеді.

Мәселен, біздің уақытқа, ол үшін ойсыздық тән, мәдениет ғылыми-техникалық және көркем шығармашылықтардағы жетістіктерде басымдық танытады деген көзқарасқа сүйенді және этикасыз немесе оны мейілінше шектеу арқылы бола береді деп тұжырымдады.

Мәдениеттің осындай ықшамдалған тұжырымдамасы қоғамдық пікірде орнығып алды, сондықтан адамдар оған сүйенді, олар қоғамдық жағдайы мен ғылыми мәліметтілік арқылы рухани өмірге қатыстының бәрін мәдениетке теліді.

Бізді күллі әлемнің ықыласты қызметкерлері етуге тиіс болған нақтылық сезімінің даңқын қалай шығардық десеңізші! Әйткенмен біз, шындығында, балалар сияқты қылық жасадық, таудан жеңіл шана тептік, табиғи әрекет ететін күштерге қамсыз сендік және жеңіл шанамен зыңғып келе жатқан жақын арадағы бұрылыста немесе жақын арадағы ойда болмаған бөгетте өзімізді ұстаудың сәті түсе ме деп түк ойланбадық.

Этикалық мұраттардың байыбына негізделген әрекеттілікті қамтамасыз ететін Ойлау қатпары ғана еркін, яғни жоспарлы - мақсатқа лайықты әрекетті тудыруға қабілетті. Ақиқаттан алынған мұраттар биік болып тұратын өлшемде ақиқат ақиқатқа әсер етеді және адам психикасы тек төмендетуші өзгерткіш ретінде ғана қызмет етеді.

Жаңа оқиғаларға өзіміз айналдыру үшін оқиғалардан алынатын әсерлер ойлау құрылымызда үнемі жинақталады және онда өңделеді. Осы ойлау құрылымыз фактілерге қатынасымызды алдын ала анықтайтын құндылықтарды жасауға септігін тигізетін анықтылыққа ие болады.

Әдетте мұндай анықтылық ойлауымыз арқылы туындайтын ақиқатқа қатысты осы ақылды ойларда беріледі. Олар жойылғанда бос орындар пайда болмайды, олар арқылы оқиғалардың өздері бізге эсер етеді. Пікірлер мен сезімдер ойлау құрылымына басым ықпалын тигізеді, олар ақылға негізделген ойлар арқылы осыған дейін реттеліп, басылып келген болатын. Атам заманғы орманды шауып түсіргенде, алып ағаштардың орнына бұта өседі. Ұлы сенімдермен де осындай жәйт болады: бір жолы бүлінгендер ұсақтарымен ауыстырылады, қандай да болмасын олардың функцияларын орындайды.

Демек, нақты сезімімізге тән ақылға қонымды этикалық мұраттарынан безгенде объективтілігіміз өспейді, азаяды. Сондықтан қазіргі адам ол өзі өзін санайтындай салауатты бақылаушы, үнемшіл калькулятор емес. Ол фактілермен оянатын көңіл-күй мен құмарлықтың әсеріне душар болады. Өзіне есеп бере отырып, ұтымдылықты қызбалықпен араластыратыны соншалық, олар бірін бірі бұрмалайды. Осы сиқырланған шеңберде қандай да бол¬масын заттарды алсақ та - ең ұсақ мәселелерден бастап жалпылай қамтитын дүниежүзілік проблемаларға дейін қоғамымыздың пікірлері мен күштері айналады. Жеке адамдар, сондай-ақ күллі халықтар да нақты және қиялдағы құндылықтарға жүгінеді, олардың арасында ешқандай ерекшеліктерді ескермейді. Нақ осы объективтілік пен объективсіздіктің, салауаттылықтың және мәнсіздікке мәз болу қабілетінің қиын елестететін үйлесімі заманамыздағы ойлау жүйесіндегі жұмбақ әрі қауіпті сипатты құрайды.

Сайып келгенде, сезіміміздің нақтылығы өз құмарлығымыз және пайда табудағы барынша тоғышарлық түсінігіміз арқылы бір фактіден оған тікелей қабысатын басқа бір фактіге түрткі болатындығымызда. Себебі іске асырылуға тиісті бүтін нәрсе жайында саналы түсінігіміз өзімізде жетіспейді, белсенділігіміз өздігінен өтіп жататын оқиға ұғымының алдында тізе бүгеді.

Фактілерге біз барынша ұтымсыздықпен үн қатамыз. Келешегімізді жоспарсыз, іргетассыз нақты жағдайлардың қалтылдақ негізінде саламыз және оны бұл жағдайларға тән ретсіздікпен ауысу және көшудің қиратқыш әсеріне ұшыраймыз. «Әйтеуір қатты топырақ аяқ астында!» — деп айқайлап жібереміз және... оқиғалардың ретсіздігіне батамыз.

Сондай тағдырға қарайтын соқырлығымыз өзіміз жасаған, өткенге жүгінген сезіміміздің нақтылығы болып келетін тарихи тәсілге сену арқылы одан әрі тереңдей түседі. Біз өткенді егжей-тегжейлі білу келешек оқиғалардың даму бағытын түсінуге мүмкіндік берген сыни ұрпақ екенімізге сенімдіміз. Ақиқаттан алынған мұраттарға өткеннен екшелген мұраттар қосылады.

XIX ғасырда пайда болған сыни тарихнаманың жетістіктері таңдануға лайық. Бірақ мәселе басқа да: нақ себебі бізде тарихи ғылым бар екенінен ұрпағымызға нағыз тарихи тәсіл тән бе?

Тарихи тәсіл сөздің жақсы мәнінде алыс және таяуда өткен оқиғаларға қатысты сыни объективтілікті білдіреді. Тіпті тарихшыларымыз да фактілерді бағалауда субъективті пікірлер мен мүдделерден абстрактлану қабілетіне ие емес. Оларға әзірге алыс заманамен шұғылдануға тура келетіні соншалық, оның қазіргі заманымызға ықпалы туралы соз етуге де болмайды, олар өздері жататын мектеп көзқарастары мүмкіндік беретін шамада объективті болып қалады. Егер зерттелетін өткендегі оқиға бүгінгімен кездессе, онда оны түсіндіруге зерттеушілердің ұлттық, діни, әлеуметтік және экономикалық көзқарастары қолданылады.

Соңғы онжылдықта тарихшылардың объективтілігі емес, тек ғылымның өскені байқалады. Алдыңғы замандарда жасаған зерттеушілерге бұл мұрат қазіргіден гөрі таза болып көрінген. Біз өткендегі ғылыми зерттеуде зерттеуші өмір сүретін заманның ұлттық және діни көзқарастарынан туындайтын нанымдар үнсіз қалуы үшін шындап талап етпеуге дейін жеттік. Ең зор ғылымилық пен күні бұрын пішілген оймен үйлесімі біз үшін әдеттегі іске айналуда. Ашық біржақты шығармалар тарихнамамызда бірінші орынға ие болуда.

Ғылымның тарихшыларымызға шамалы ықпал еткені соншалық, олар тәрбиешілер болудың орнына бұрынғыша тек ғалымдар ғана бола алған. Мәдениет қызметіне өздерін нақты қоюды ұйғару міндеті оларды тарта қойған жоқ. XIX ғасырдың ортасында тарихи ғылымды көтерумен байланысты Мәдениетті көтеру үміті ұлттық мемлекеттерді құру талабымен және демократиялық үкіметтік реформаларды жүргізумен байланыстырылған үміт секілді аз негізделген болып шықты.

Нәтижесінде сондай тарихшылар тәрбиелеген ұрпақтың тарихи тәсілінің оқиғаларды жүйелі объективті қабылдаумен жалпы байланысы аз. Объективтілік үшін өткендегі нәрселерімізді алдынғы ұрпақтардан гөрі жақсырақ түсінетініміз емес, заманауилық үшін шамадан тыс мән беретінімізді мақұлдамауға болмайды. Кейде оны заманауилықпен жай ауыстырып аламыз. Бұрынғымыз оз нәтижелерімен қазіргіде бар екені бізді қанағаттандырмайды. Біз бұрынғымыздың әрқашан бізбен болғанын қалаймыз және өзімізді ол арқылы аңғаруға ұмтыламыз.

Қалыптасуымыздың тарихи процесін үнемі уайымдау және ұғынуды тілеген кезде өткенге қалыпты қатынасымызды ойдан шығарылған қатынасымызбен ауыстырамыз. Қазіргілердің бәрі өткендегімен байланысты деп өзімізді үйретуге ұмтыла отырып, одан алып шығару және талаптарымызды, пікірлер, сезімдеріміз бен құмарымызды негіздеу үшін өткенімізге қиянат етеміз. Тарихнама ғылымымыздың көзінше халықтың қолдануына арналған ойдан шығарылған тарих пайда болады, онда ұлттық және діни нанымдар іскерлікпен дәлелденеді. Мектептегі тарих оқулықтарымыз тарихи өтірік көшеттері.

Тарихқа бұлайша қиянат ету біз үшін қажеттілікке айналды. Өзіміз иелігінде қалатын мұраттар мен сеніміміз ақылмен негіздеуге берілмейді. Бізге, демек, оларға «тарихи» іргетасты бейімдеуден басқа ештеңе қалмайды.

Өткенде орын алған бағалы нәрсеге онша қызықпайтынымызды атап кеткен жон. Өткендегі ұлы рухани жетістіктер бар болғаны бейғамдықпен тіркеледі. Біз ақылымызға тиюге мүмкіндік бермейміз. Оларды мұраға қалдыруға әлі бейімді емеспіз. Тек бүгінгі жоспарларымызбен, құмарлығымызбен, сезімдер және эстетикалық талғамымызбен түсіндірілетін нәрсе ғана біз үшін құнды. Бұл жоспарлар, құмарлық, сезімдер мен эстетикалық талғамды біз өткенге ауыстырамыз және содан соң, өзімізді алдай отырып, онда тамырымыз бар деп пайымдаймыз.

Тарихты тұрғызған мәдениеттің сипаты осындай. Байырғы оқиғалардың алдында қастерлеу дінге қайтадан айналады. Өткендегі сияқты қаралатыннан немесе солай түсіндірілетіннен соқыр болған біздер келешекке қарауды ұмытамыз. Біз үшін ештеңе айналып өтпейді, ештеңе біткен жоқ. Біз өткенді қазір жасанды түрде дүркін-дүркін жаңаруға мәжбүр етудеміз. Біз орын алған фактілерді тұрақтандырудамыз, ол халықтарымыздың әркім қалыпты дамуына мүмкіндік бермейді. Осы қазіргі заманның алдында қастерлей отырғанымыздай бүгінгі оқиғаларға батамыз, себебі тарихтың алдында қастерлей отырып, біз өткен оқиғалардың иелігіне түсеміз.

Ақиқаттың алдында бас июімізден және тарихымыздан мәдениетіміздің құлдырауымен аяқталатын сыртқы апаттың айыпкері болатын ұлтшылдық дүниеге келді.

Ұлтшылдық деген не? Қалыпты сенімге сандырақ ой сияқты отанға сүйіспеншілікке әрі салауатты сезімге қатынастай Рақымсыз әрі сандыраққа дейін жеткізілген отаншылдық.

Ол арамызда қалай туындайды?

XIX ғасырдың басында өмір сүруге құқықты ұлттық мемлекет мақұлдады. Мұны негіздеу үшін ұлттық мемлекеттің табиғи және біртекті организм ретінде бәрінен де гөрі мәдениетті мемлекеттің мұратын жүзеге асыруға қабілетті екені көрсетілген. Фихтенің неміс ұлтына арнап сөйлеген сөздерінде ұлттық мемлекет өнегелі ақыл талқысына душар болады, соңғысынан барлық жағынан оған бағыну қажеттілігі туралы біледі, оған салтанатты түрде ант береді, содан соң мәдени мемлекеттің қалыптасуын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Бұл орайда мемлекетке ұлтта таза адамдық қасиеттердің мәңгі біркелкі қалыптастыру қамын ойлауды өзіне негізгі мақсат етіп қарау қажеттілігі табанды түрде иландырады. Ұлттық мемлекет халықтардың бәріне игілік әкелуге қабілетті мұраттарды қорғауда өзінің айбындылығын іздеуі тиіс. Ал азаматтардың оңай сүйіспеншілігімен ұлтқа өзінің тиеселі емес, отанына жоғары сүйіспеншілігімен қарайтынын таныту, яғни сыртқы айбындылыққа және ұлт күшіне үлкен мән бермей, керісінше оның өз ұмтылыстарының басына «әлемдегі Мәңгі және Құдайшылдықты гүлдетуді» қоюын және оның ұмтылыстары өзеннің адамзат жоғарғы мақсаттарының жалпы ағынына құйылуын қадағалау ұсынылады. Сайып келгенде, ұлттық сезім ақылдың, адамгершіліктік пен мәдениеттің қамқоршысы ретінде қойылады. Отаншылдыққа табыну, тағылықтың көрінісі сияқты есептелуі тиіс, өйткені солайша ол өзін амалсыз апарып соқтыратын мәнсіз соғыстарда білдіреді.

Мәселен, ұлттық ой толық құнды мәдени мұрат деңгейіне дейін көтерілген болатын. Мәдениет құлдырағанда барлық өзге мәдени мұраттар қоғамға өзінің эсер ету күшін жоғалтты. Ал ұлттық мәдени мұрат теориялық саладан нақты ақиқат саласына ауысудың арқасында мәдениет факторы сияқты аман сақталды. Бүгіннен бастап ол мәдениеттен аман қалғанның бәрін өзіне сіңірді және мұраттардың мұратына айналды. Осы арадан, құлшыныстың бәрін шоғырландыратын, тек қана ұлттық мұратқа және нақ онда барлық рухани және адамгершілік құндылықтардың қамтылғанына сенімділікке қабілетті болатын заманымыздың ойлау ерекшеліктері туындайды.

Мәдениет құлдырағанда ұлттық мұраттың мәні де өзгерді. Этикалық мұраттардың ақылына негізделген басқалардың осы уақытқа дейін өзі бағынған қамқорлығы тығырыққа тірелді, себебі осы мұраттардың өздерінде проблемасы бар болып шықты. Енді ұлттық мұрат өзімен бірге оз еркімен жұмыс істейтін рухани күшті көрсетті. Әлбетте, ол өз түрімен бәрін мәдениетке қызмет етемін деп сендіруге талаптанды. Шынында, бірақ, ұлттық мұрат тек мәдениеттің сәулесімен қоршалған шындық мұратын ғана сіңірді. Этикалық мұраттар емес, тек ақиқаттың ырықсыз сезімдері ғана оны қозғалтты.

Заманауи көпшілік ұлттық көзқарастарды ақыл мен адамгершіліктің ықпалынан қоршауды талап етеді, қасиетті сезімдерді қорлауға мүмкіндік бермеудің ең дұрыс құралы деп есептейді.

Егер байырғы уақытта халықтардың сезімдерінде мәдениеттің құлдырауы шатасуды тудырса, онда бұл бұрынғы мәдениеттердің аясында ұлттық мұрат бүгінгі маңыздылықта мәдени мұраттың деңгейіне дейін ешуақытта көтерілмеуімен түсіндіріледі. Сондықтан ол кезде ұлттық мұраттың мәдениеттің нағыз мұраттарын ақыр аяғында ауыстырып алуы және ұғыну және сену, өмірге қарауда кемтар ұлтшылдық тәсілден илану арқылы мәдениетсіздіктің күй-жайына одан да бетер ынталандыруы және қиындатуы орын алған болар еді.

Ұлтшылдықтың науқас мәніне ену соңғы уақыттағы оқиғалардың дамуына барынша көп кінәны әділетті түрде қандай халыққа жүктеу керек деген пікірсайысты іс жүзінде жоққа шығарады. Ұлтшылдық өзін бәрінен қаттырақ дауыстап жариялаған жерде әрқашан күштірек болған. Осыған дейін өз эволюциясының жасырын сатысын басынан өткізген жерде ол көбінесе қарқындырақ дамыған.

Ұлтшылдық көзінің ақиқаттың өзінде емес көпшіліктің елесіндегі оның бұрмаланған сынуында жатқанына кез келген ұлтшылдық тұжырымдамасының үлгісінен көзі жеткізу қиын емес. Ұлтшылдық нақты саясат жүргіземіз деп пайымдайды. Ақиқатында ол үшін кез келген сыртқы және ішкі саясаттың мәселелерін шешуге нағыз іскерлік және дұрыс тәсіл тән емес. Өйткені, ұлтшылдық өз мәні бойынша эгоистік қана емес, сонымен қатар құлшынысқа толы ұлтшылдық. Оның нақты саясаты халықты құмарлықпен ынталандыруды, көпшіліктің мүддесін қозғайтын кейбір аумақтық және экономикалық проблемаларды догмат және мұраттану түрінде қайта бағалауды ұсынады. Ол өз талаптарын олардың нақты құндылығын қандай да болмасын ойлап айтылған анықтамасыз қорғайды. Миллион тұратын байлықты қолға түсіруге ұмтыла отырып, қазіргі заманғы мемлекеттер өз экономикасына қару-жарақтармен салмақ түсірді, миллиардтарды жұмсады. Қорғаныс пен сауданы кеңейту қамын ойлап, игі ниетімен олар халыққа салықтар салған, дұшпанның барлық іс-шараларынан үлкен дәрежеде бәсекелесу қабілетімен қорқытқан.

Сонымен, нақты саясат іс жүзінде нақты болмаған, себебі халықтың аралас құмарлығынан қарапайым мәселелерді шешілмейтіндей еткен. Ол экономикалық мүддені көрсетуге қойған, ал айбынды ұлтшылдық ойларын және ұлттың «дұшпандарының» ізіне түсуді кейінгіге сақтық ұстаған.

Өз қуатын күшейту үшін әр мәдени мемлекет қолынан келгеннің бәрін өз одақтастары етіп алған. Нәтижесінде жартылай өркениетті және мүлде өркениетсіз халықтар өзімшілдік мүддесімен бір мәдени халықты өзге халыққа қарсы қолданған. Бірақ көмекшілер оның берген соқыр құрал-саймандарының рөліне қанағаттанбаған. Олар Еуропаның мәдени халықтарына өкіметтер қашан езіне бола досына қарсы шыққаны жөн деп бұйрық бере бастағанша ұлғая түскен дәрежеде оқиғалардың барысына эсер еткен. Өзіміздің адамгершілігімізден бас тартқанымыз және бұрын қолымызда болған жалпы дәулеттің соңғы қалдықтарын мәдениетсіздікке құрбан шалғанымыз үшін өшіміз сондай болған.

Қалай да болмасын мұраттың қызғылт жұқа матасын жамылуға ұмтылу ұлтшылдықтың нақты саясаты деп аталатын науқас мәнділіктің көрінісі болып табылады. Билік үшін күрес құқық және мәдениет үшін күреске айналды. Негізінде бір халықты екіншісіне қарсы күрестің өзімшілдік мүддесі жатқан одақтар достастықтар делінді, олар ежелгі туысқандық пен тағдырдан туындады, өткенге сілтемелермен нығайтылды, тіпті тарих ішкі туысқандық көріністерінен гөрі ажалды дұшпандықтың көбірек мысалдарын ұсынды.

Ұлтшылдыққа ақыр соңында өзінің мәдени адамзаттық ойларын жүзеге асыруға кез келген үмітті жоққа шығару саясаты жеткіліксіз болды. Өз ойын ұлттық мәдениет деп жариялай отырып, ол мәдениет туралы ұғымның өзін қиратты.

Ертеректе жай мәдениет болған және әр мәдени халық оны ең таза және дамыған түрінде игеріп алуға ұмтылған. Бұл орайда ұлысқа қазіргіден гөрі өзіндік және бүтіндік анағүрлым тән болатын. Ол кезде әйткенмен ұлттық негізде рухани өмірді оқшаулауға ешқандай ұмтылу байқалмаған, бұл тіпті тек мұндай ұмтылудың ұлт күшінің көрсеткіші еместігін дәлелдейді. Біздің уақытымызда мәлімделінетін ұлттық мәдениеттің өзіндігіне шағымның өзі дімкәс құбылыс болып келеді, ол мәдени халықтардың сау табиғатын жоғалтуымен және ырықсыз сезімдерді емес, теорияларды басшылыққа алуымен алдын ала анықталады.

Олардың өз жанын мұқият зерттейтіні соншалық, соңғысы қандай да болмасын табиғи екпіндерге қабілетті емес. Олар оны егжей-тегжейлі талдайтыны, суреттейтіні соншалық, ол өзіне берілгеннен гөрі артығы үшін жауап береді, шынында болатын нәрсені көрмейді. Нәсілдер арасындағы рухани ерекшеліктер туралы қажырлылықпен данасынатыны соншалық, бұл бос сөз жабысқақ ой сияқты әрекет етеді, ал қорғалатын өзіндік ой өзінше ауру сияқты болып көрінеді.

Барлық салаларда адам қолының кез келген бұйымында, кез келген жасампаздығында мүмкіндігінше оны жасаған халықтың сезімдері, көзқарасы мен ойлауы күштірек шығуына өскелең шамада күш-жігер жұмсалады. Осы жасанды түрде ынталандыратын өзіндік нәрсе — табиғи нәрсенің жоғалуының бірден-бір куәсі. Қандай да бір халықтың дара ерекшелігі енді жете танылмаған немесе жартылай танылған нәрсе ретінде рухани өмірдің жалпы қазына қоймасына құйылмайды. Ол сезім түршігуі, қыңырлығы, сәні, амалына айналады. Ойды «өсіру» жүргізіледі, оның қауіпті зардаптары барлық салаларда жылдан жылға айқындала түседі. Тіпті көрнекті мәдени халықтардың рухани өмірі өткен уақытпен салыстырғанда қатерлі бір жақты қалпына түсті.

Мұндай дамудың табиғи еместігі тек қана оның тікелей нәтижелерінен емес, сонымен қатар рөлінен, оның кінәсінен, өзін дәріптеушілік, менменділік және бос үміттің үлесіне тиетінінен де көрінеді. Адамның басындағы немесе оның әрекеттеріндегі күллі бағалылығы ұлттық өзгешелігімен түсіндіріледі. Бөтен аспан астында дегеннің өзі жалпы ештеңеге ұқсас болуы мүмкін емес деп есептеледі. Елдердің көпшілігінде бүл атаққұмарлықтың алыс кеткені соншалық, ол үшін ақылсыздықтың алып бағаналары әбден қол жетерлік.

Алыс ұлттық мәдениетке рухани бастаманың кейінгі жоспарға шегінетіні өзінен өзі түсінікті. Ол қазір әсіресе тек сыртқы пішіні ғана. Ал іс жүзінде ұлт мәдениеті анық білінетін заттық сипатқа ие. Ол сол тиісті халықтың экономикалық және саяси талаптарымен бір одақта болып, барлық бүгінгі жетістіктерінің жиынтығына ұласады. Халық өзгешелігінде тамырланған ұлт мәдениеті болжауға болатындай лайықты халық аясымен тіпті шектелмейді. Ол сонымен қатар басқа халықтарды басып алу, оларды бақытқа жеткізуі тиісті болып сезінеді. Қазіргі заманғы халықтар ез мәдениетіне, өз өнеркәсіптік бұйымдарына немесе ауылдық шаруашылығына арналған өткеру нарығын іздейді.

Демек, ұлт мәдениеті насихат пен экспорттың құрал-сайманына айналды. Сондықтан шындығында жарнама туралы әсерлі қамқорлықтың байқалып отырғаны кездейсоқ емес. Қажетті сөйлемдерді дайын түрінде алуға болады, оларды тек қосу ғана қалады... Мәселен, әлем ұлттық мәдениеттер сахнасының бәсекесіне айналады, өз мәдениетіне теріс эсерін тигізеді.

Біз халықтардың грек-рим әлемі мұрагерлері ретінде орта ғасырда бірге кіргеніне және содан соң өзара ойларымен қарқынды түрде алмасып өз тәжірибесінде ренессансты, Білім мен жаңа дәуір ойын танығанына, өз бұтақтарымен әлемнің жаңа бөліктерінде бірге бүтін мәдениетті құрастырғанына онша сенбейміз. Бірақ егер барлық олардың рухани өмірінде ерекшеліктер жаңа уақытта байқалса, оның себебі ең алдымен мәдениеттің ұдайы құлдырауында жатыр. Мәселен, су қайтқанда оның апатын бөлетін қайраң ашылады, су тасығанда ол оның астына жасырынады.

Қаншалықты аралық өзімен тарихи қалыптасқан мәдени адамзатты құрайтын халықтарды рухани жіппен қазір тығыз байланыстыратыны соншалық, олардың бәрі бірдей азуға душар болып отыр.

Одан әрі фактілерге қателікпен сене беретініміз Нақтылық сезімімізбен байланысты. Біз оптимизм ахуалында өмір сүреміз, әлемдегі бар қайшылықтардың өздері мақсатқа лайықты алға басу рухында шешіледі және синтезделеді, онда бағалы нәрсе тезисте және бағалы нәрсе антитезисте қосылатынына сенімдіміз.

Осы оптимизм туралы айта отырып, әдеттегі негізбен және онсыз Гегельге сілтейміз. Бұл нақтылық сезіміміздің рухани әкесі екені даусыз. Гегель — қолдағы барды иеленуге тырысқан алғашқы ойшыл адам. Ол бізді алға басуды тезистерден, антитезистер мен синтездерден көруге, олардың даму барысында қалай алға шығатынына үйретті. Бірақ оның оптимизмі ақылдылыққа және біздікіне ұқсас барлық нақты нәрсенің пайдалылығына жай сену болмады. Себебі Гегель рационализмнің ішкі рухани дүниесінде жасай отырып, этикалық мұраттардың парасатына негізделген күшке сенеді, ол сонымен қатар толассыз рухани алға басуға сенеді. Және соңғысы ол үшін шүбәсіз болғандықтан, ол оны жүйелі болып жатқан оқиғалар сатысында көрсетуге кірісті және бір уақытта оның сыртқы фактілердің жүйелілігінде қалай іске асатынын ұсынуға тырысты. Бірақ оқиғадағы имманенттік мақсатқа лайықтылықты, алға басуға сенімінің оның рухани - этикалық алғы шарттарының нәтижесінде ұмытылатын күшпен атап көрсете отырып, Гегель ақиқатқа қатысты аласталған оптимизмнің іргетасын қалайды, ол жалған түсініктің тұтқынынан бізді көптеген он жылдықтар ішінде босатпайды.

Фактілердің арасында тек қана шексіз созылатын қайшылықтар бар. Алға басу рухында тегістелетіндей үшінші орта фактіні олардың өздері түзе алмайды. Мұндай жаңа факті пайда болса, қайшылықтар ойлау жүйесі аясында жеңілуі тиіс, онда іске асырылуға тиісті этикалық мұраттардың ақылына негізделгені көрініп тұр. Бұл мұраттар қайшылықтан туындауға ұмтылатын жаңасының алғы шарты болып келеді.

Алға басудың имманенттік принциптері фактілерінде болжай отырып, біз тарихтың алға басқан ағымын анықтап қарағанбыз, онда біздің тағдырымыз мәдениеттің алға басуы сияқты даяр етілді, бірақ қоғамның нақты эволюциясы тіпті мұндай оптимизмнің пайдасына болмай шықты. Тіпті қазір, көзқарасымызға ақиқатында жан түршігерлік фактілер көз алдымызға елестеткенде, біз сенімімізден бас тартуға келіспейміз. Ол біз үшін, шынында, бұрынғыдай нанарлық емес. Бірақ этикалық рухқа сенім оптимизмін негіздейтін басқа нәрсе ойымыздың бейнесінде революцияны білдіретіні соншалық, біздің оны қабылдауымыз қиынға соғады.

Фактілерге сенімімізбен ұйымдарға сеніміміз де байланысты. Идефикске ұқсас, біздің уақытымыздың барлық әрекеттері мен ниеттері арқылы қандай да болмасын басқа мәнінде мемлекеттік және қоғамдық өмірдің институттарын жетілдіру немесе қайта құрудың сәті түссе, күткен мәдениеттегі алға басу өзінен өзі басталар еді деген сенім өтеді. Әйткенмен біз қоғамдық тұжырымдарымызды реформалаудың бірыңғай жоспарынан өте алыспыз. Біреулер оны антидемократиялық рухқа жаба салады. Басқалары, демократиялық принциптер өмірге әлі жеткіліксіз жүйелі түрде іске асырылуда, мұны қате деп қарайды. Үшіншілері қоғам социалистік немесе коммунистік ұйымын панацея деп есептейді. Бірақ бәрі өзіміз өмір сүретін мәдениетсіздік күй-жағдайы қоғамдық институттардың мүшкілдігімен алдын ала анықталған және қоғамды қайта ұйымдастырудан мәдениеттің гүлдеуін күтеді. Бәрі ынтымақтаса отырып жаңа қоғамдық институттар қоғамның жаңа рухын туғызады деп есептейді.

Мүмкін болмайтын осы шатақта дербес ойлауға қабілетсіздер ғана емес, сонымен қатар арамызда өте парасаттылықпен ойлайтындар да бар. Біздің уақыттың материализмі рухани және наздылық арасындағы қатынасты бастан аяққа төңкереді. Ол рухани бағалы нәрсе тек қана дүниеге нақты әрекеттің нәтижесі ретінде келе алады деп есептейді. Тіпті соғыстан ол рухани жағынан бізді жаңартады деп күткен! Ақиқатында өзара қатынастардың сипаты қарама-қарсы тұрған. Қолдағы бар рухани құндылықтар шынайылықтың құрылуына мақсатқа лайықты түрде эсер ете алады және сайып келгенде рухани өмірде бағалы нәрсені нығайтуға қабілетті фактілер туғыза алады. Барлық институттар және ұйымдардың тек салыстырмалы мағынасы бар. Әртүрлі қоғамдық және саяси мекемелерді иелене отырып, әртүрлі мәдени халықтар - бәрі бірдей -мәдениетсіздіктің бірдей ахуалына келді. Бастан кешіргеніміздің және әлі де кешіріп отырғанымыздың бәрі бізге рух - бәрі, ал қоғам институттары мардымсыздықты білдіреді деген сенімді беруі тиіс. Институттарымыз мүшкілдікті білдіреді, себебі оларда мәдениетсіздік рухы әрекет етеді. Өзіміз ұмтылатын қоғамымызды мақсатқа лайықты ұйымдық жетілдіру жаңа рух біздің уақытымызға дем беруге қабілетті болатын жағдайда ғана бізге пайдалы бола алады.

Тіпті заттық-экономикалық салаға тұтасымен жататын күрделі проблемалар ақыр соңында тек қана сенімдердің әдеттендіру жолымен шешіледі. Қоғам өмірінің тіректерін мақсатқа лайықты қайта ұйымдастыру тек алға біршама ілгері жылжытуға қабілетті, бірақ оны толық шешуді қамтамасыз ете алмайды. Біз үшін жалғыз нақты жол - ең алдымен ескі жағдайда жаңа адамдарға айналу, жаңартылған ойлау жүйесімен қоғамға айналу, халықтар арасындағы және халықтар ішіндегі қайшылықтарды шешу, мәдени жағдайда өмір сүру мүмкіндігі. Әлемімізді нақты жаңартудың басқа тәсілі жоқ. Кез келген әрекеттер бекерге кететін шығындарды білдіреді, себебі оларда назар рухқа емес, сыртқы факторларға аударылады.

Адамзат тағдырын алдын ала анықтайтын оқиғалар саласында нақтылық сыртқы фактілерде емес, адамдардың сенімдерінде болады. Рухтың бізді болмыстың жаңа шарттарын жасауға қабілетті етуін және мәдениетке жаңадан оралуды қалаймыз ба, әлде немесе бізді нақтылы ақиқаттан рухани нәрсемізді бұрынғыша ала береміз бе және нәтижесінде опат болуға тоқтамай кете береміз бе? Тағдыр тәлкегімен алдымызда тұрған тағдырдың мәселесі солай.

Нақтылықтың нағыз сезімі біз тек ақылға негізделген этикалық мұраттар арқылы ақиқатпен қалыпты өзара қатынастарға келе аламыз деген мызғымас шындықты ұғынуда жатыр. Тек қана солардың арқасында адам және қоғам болып жатқан оқиғалардың үстінен жалпы ие бола алатындай өш алады. Оларсыз - біз не істемесек те оқиғалардың билігінен -ешуақытта дараланып шыға алмаймыз.

Қазір халықтар арасындағы қатынаста және әрбір халықтың ішінде болып жатқандар -осы шындықтың жарқын көрінісі. Біздің уақытымыздың тарихында ешуақытта ертеректе байқалмаған сандырақтың ізі бар. Келешек тарихшылар, әдеттегідей, оны бүге-шігесіне дейін талдайды және бұл орайда ғылымдылығы мен әділдігін танытады. Бірақ қазір және келесі уақытта да бүгінгі тағдырымыз құбылмалылығын тек қана әдептанудан қол үзген мәдениетпен қанағаттандыруға тырыстық дегенді түсіндіруге болады.

IV

Мәдениетті жаңғырту жолы

Сонымен, мәдениеттің этикалық ұғымы бірден бір заңды ұғым.

Бірақ мәдениетсіздіктің бүгінгі күй-жағдайынан оның гүлденуін сипаттайтын жағдайына оралатын жолымыз қайсы? Сондай жол жалпы бар ма?

Оны мәдениеттің этикалық емес тұжырымы теріске шығарады. Ол үшін мәдениеттің құлдырауының кез келген көрінісі — тек жас құбылысы. Кез келген табиғи процесс секілді мәдениет өзінің дамуында қайсыбір уақытта қажеттілікпен өзінің ақырына келуі тиіс. Демек, бізге мәдениеттің өлуінің табиғи себептерін ғана мақұлдау және қалай дегенмен этикалық сипатын одан әрі жоғалтатын қызықсыз қуанышсыз нышандарын табу қалады...

Бәрін ақиқат іргетасына негіздейтін ойлау, оптимизм мен пессимизмге келіп тіреледі. Егер, фактілерде мәдениеттің алға басуының тұрақты жүзеге асырылуын шамалайтын ақиқатқа оптимистік тәсіл өзінің мүшкілдігін анықтаса, онда тәуелсіз талдайтын рух терең сезімдерсіз мәдениеттің «мамыражай кезеңінің» басталғаны туралы баяу түңілген жорамалға қайтып келеді.

Этикалық рух оптимизм және пессимизм арасындағы осы ойынға қатыса алмайды. Ол мәдениеттің құлдырауында олардың нақты қорқынышты нәрсе екенін көреді. Ол өзінен мәдениеттің өлуі тоқтамай шынында созыла берсе, дүние не болады деп қорқынышпен сұрайды. Оның мәдениет үшін жаны ауырады. Ол үшін қызықты аналитикалық жаттығулар емес, үміт, онымен этикалық рух адамзаттың одан арғы бар болуын байланыстырады. Мәдениетті жаңарту мүмкіншілігіне сенім өмірдің бір бөлігі болып келеді. Сондықтан этикалық рух нақтылықтың оптимистік - түңілген сезімімен тоқталғанымен ешуақытта қанағаттана алмайды.

Мәдениеттің бүгінгі құлдырауын табиғи нәрсе деп түсінетіндер, жалпы мәдениет емес, қандай да бір мәдениет ыдырауға душар және оның орнына жаңа тарихи кезеңде жаңа нәсілдің жаңа мәдениеті гүлдейді деген оймен өздерін жұбатады. Мұндай көзқарас қате. Жер шарында болашақта рухани өмірдің көсемдері ретінде орнына келетін әлеуетті дарынды халықтар да қалмады. Бізге жер бетінде жасайтын барлық халықтар белгілі. Олардың арасында тағдыры біздікімен анықталмайтын мәнде мәдениетімізге қатысы бар бірде бір халық жоқ. Олардың барлығы - қабілетті және қабілетсіз, алыс және жақын халықтар - біздің мәдениетімізде қолданылатын мәдениетсіздік күштерінің ықпалын оз бастарынан кешіруде. Олардың барлығы біздің ауруымызбен ауырады және тек қана бізбен бірге жазыла алады.

Шығармашылық күшіміздің қайта түлеуіне сеніміміз сарқылса, Бір нәсілдің мәдениеті емес, бүгінгі және келешектегі күллі адамзаттың мәдениеті апатқа душар болады.

Бірақ ол сарқылуға тиісті емес. Егер этикалық мәдениет элементімен басты бөлшегі болып келсе, онда батыс шығысқа айналады, ойларымыз бен мұраттарымыздың бейнесінде этикалық энергия тек қана қайтадан оянады және олардың көмегімен біз ақиқатқа эсер етуге тырысамыз. Оны қолдану үшін дүние жүзінде ауқымдағы мұндай тәжірибеге лайықты болады.

Әрине, олармен буған ұқсас кәсіпті орындау кезінде кездесетін қиындықтардың үлкен болып келетіні соншалық ақиқатында этикалық рух күшіне зор сенімге ие болу керек.

Бірінші қиындық ұрпағымыздың ненің бар, не жоқ болуын түсінбеуінде жатыр. Ренессанс және Ағарту заманының адамдары батылдықты өздері өмір сүрген сыртқы және рухани жағдайлардың мүлде мүшкілдігіне сенудің көмегімен әлемді жаңартуға ұмтылу әрекеттерінен алған. Әзірге көптеген замандастарымыз бізге сол ұрпақтар өсиет еткен істі алға жылжыта алмай отыр. Өкінішке орай, заманымыздың адамдары заттарды сондай күйінде мүлде көруді қаламайды және бар күшімен оларға барынша коп оптимистік көзқарасты ұстануға талаптанады. Бірақ ақиқатқа қараудың осы қабілеттілігінде қанағаттандырмай, төмендеп бара жатқан мұраттардың тұрғысынан да уайымшылдықтың әсері байқалады. Өздерінің көптеген жетістіктерімен мақтанатын ұрпағымыз негіздердің негізін құрайтын жетістікке - адамзаттың рухани алға басуына сенбейді. Осы ең жақсы үміттен қол үзіп, біз уақыт билігіне бағындық. Бізге мәдениетті қайта түлетуге дайындалу үшін өзіміз тұтқыны болып отырған бейғам оптимизм мен және бейғам пессимизмнің одағын кұртуға қаншама күш-жігер жұмсауымызға тура келеді десеңізші!

Алдымыздағы жұмыстардың басқа бір қиындығы оны қалпына келтіру сипатында жатыр. Уақытымыз мұқтаж болатын мәдени мұраттар ол үшін жаңалық емес. Ертеректе олар адамзат дәулеті болып, өзінің эсер ету күшін қазір жоғалтқан көптеген тұжырымдар бізге жетті. Біз, шын мәнінде, осы тұжырымдардың қазіргі заманның ақиқатына әсерін елеулі түрде қолдану үшін олардың байырғы беделін қайта түлетуді қолға алуымыз керек.

Қолданылғанды пайдаланылмағанға айналдыруымыз керек... Бұдан қиынырақ міндет бар ма? Ол нақты емес дейді тарих. Ертеректе қолданылған ойлардың оларды ешқашан қолданбаған халықтардың дамуының қозғау күшіне қайтадан айналғаны ешуақытта болмаған. Мураттардың жойылуы үнемі ақырғы әрі қайта оралмайтын әрекет болды.

Мәдениет тарихының келешексіздік пен мұңның қапас жарығымен алда қалай қамданатынымызға жарық беретіні сөзсіз. Одан оптимистік үн қатуға қол жеткізетін адам оны өзіне тән емес тілде сөйлеуіне мәжбүр етеді.

Бірақ өткен уақыттың тарихы болатын емес, болған нәрсені талқылауға мүмкіндік береді. Егер ол ешуақытта белгілі бір халықтар мәдениеттің құлдырауын бастан кешірмегенін және содан соң оның қайта түлегенін дәлелдесе, онда біз сонымен қатар ешуақытта бұрын болмаған нәрсе бізде орын алуы тиіс екенін де білеміз. Сондықтан біз ақылды мәдениет күтіп сарылатын ақылды этикалық мұраттардың тарихи «тозуын» пайымдаумен қанағаттана және өзімізді табиғат дамуына ұқсастықпен тыныштандыра алмаймыз. Біз тиісті осы уақытқа дейін олардың тағдырының неге сондай болғанын түсініп, мұны ұқсастықтарымен емес, рухани өмірдің заңдарымен түсіндіруіміз керек. Біз тек жаңа қолданылған нәрсе тағы қолданылмай қалатын және рухани - этикалық нәрсе енді «тозбайтын» уақытта олардың есігін ашу үшін құпияның кілтін табуды қалаймыз. Мәдениет тарихына бұрынғы ұрпақтардың қараған өлшемдерімен қарай алмаймыз. Бізге жаңа тәсіл тән болуы тиіс. Өйтпеген жағдайда біздің тағдырымыз шешілетін болады.

Неліктен мәдениет мұраты сенімнің алғашқы күшін, оның шынайылығының лайықты дәрежесін сақтамайды, неліктен өнегелік, ақылға қонымды айқындылығын жоғалтады? Неліктен бізге алдыңғы ұрпақтар өсиет еткен шындық нағыз шындықтар болуын тоқтатады және тек бос сөздерге айналады?

Бүл не - қайтарылмас тағдыр ма? Немесе бұлақ көзі сарқылды ма, себебі біздің ойлауымыз терең қабаттарына, тұрақты ағатын жер асты суына енбеді.

Істің мәні жалпы құндылығын мүлде жоғалтқан нәрсе ретінде өтіп кеткен нәрсенің арамызда жалғаса беретінінде емес. Ол мұндай қатерлі көлеңке бола алады. Өзіміз ешуақытта тікелей алып жүре алмайтын ойларымыз бар, себебі тарихта оларды қалыптасқан күйінде тауып аламыз. Өзіміз мұра еткен ойлар өзінде қамтылған шындықты қайтадан тудыруға әлсіз, себебі өздерінде өлген шындық болып келеді. Декаденттік ескі әлемнен жаңа заманға өтетін нәрсе көбіне у сияқты әрекет ететін заттарды қалдық өнімдерімен айырбастауға ұқсас.

Егер дұрыс болса, Ренессанс заманында герман халықтары грек-рим ойшылдарының мұраттарына жүгіну нәтижесінде мәдениетін дамытуға шешуші стимул алды, онда олардың өмір сүруіне қайшы келген рухани дербестіксіз жағдайында жүздеген жылдар бойы грек-рим мәдениетін ұстап қалғаны да дұрыс. Құлдырағанның бәрін герман халықтары грек-рим мәдениетінен қабылдаған, бұл олардың қалыпты рухани өміріне ұзақ уақыт кедергі жасаған. Осымен орта ғасырлардың мәнін қурайтын сау және аурудың оғаш қоспасы түсіндіріледі. Өткенге кеткен грек-рим мәдениетінің қауіпті жаңғырықтары біздің рухани өмірімізде де осы күнге дейін өздерін білуді сездіртеді. Санамызда шығыс және грек әлемінің ұғымы сақталып қалғандықтан, қарама-қарсы жағдайда жалпы біз үшін орын алмайтын проблемаларды шешуге тырыса отырып біз ақиқатында зардап шегеміз. Біздің діни ойларымыз ең көне уақыттан осы күнге дейін иудейлік трансценденттік пен грек метафизикасының мұрагерлік жат ел үстемдігінде әлі тұрғанының өзі жеткілікті! Өздеріне табиғи мәнді табудың орнына олар азап пен бұрмалауларға шыдап келеді.

Бір заманның ойлары «тозуға» душар болатындықтан және мұндай жағдайда жаңа ұрпақтың ойлауы тежелетіндіктен, адамзаттың рухани алға басуы тұрақтылығымен ерекшеленбейді, оған тек ретсіздікпен үйлесетін самғаулар мен құлдыраулар тән. Жіптері үзіледі, олардың ұштары әрең тартылады, жоғалады немесе қайтадан ретсіз қосылады. Осы уақытқа дейін осы самғаулар мен құлдырауларды оптимистік түсіндіру заңды болып есептелді, себебі грек-рим мәдениетін Ренессанс және Ағарту мәдениетімен ауыстыруға тұрақты сілтеме жасау, мызғымас нәтиже ретінде осыдан келіп ескі, қаусап бара жатқан мәдениеттердің орнында жаңа мәдениеттің пайда болу фактісін шығара отырып, мұндай процесті алға басу деп есептеу мүмкіншілігі бар. Бірақ осы бақылаудан қорытушы шығару маңызды кемшіліктерден азап шегеді. Ұдайы көтеру рухында жүйелі самғаулар мен құлдырауларды түсіндіру мүмкін болады, себебі бұл жағдайда тек қана, тек құлдыраған мәдениеттің аз ықпалына түскен және содан соң өзінің салмақты үлесін сезген жаңа халықтар ескеріледі. Іс жүзінде мәдениетіміз грек-римдік мәдениеттің органикалық жалғасы сияқты дүниеге келген жоқ, бірақ алдыңғысынан қолданылған мұраттарға сау рухтың реакциясы сияқты соңғысынан мура алған балдақтармен алғашқы қадам істеген. Процестің мәні «тозған» ойлардың «тозбаған» халықтардың «тозбаған» ойларымен үйлесу және өзара әрекеттесуін қурайды.

Қазір әлемде біздің өмірі біткен мәдениетіміздің немесе үнділіктер және қытайлардың -біздің және басқа да өмірі біткен мәдениеттердің қолданылған ойларындағы кез келген мұратын әлсіретеді. Демек, самғаулар және құлдыраулар ұдайы алға басудың емес, ұсталынбас кері кетудің буындары болып қалады.

Мәдениеттің қайта түлеу жолындағы тағы бір үлкен қиындығы осы қайта түлеуге ішкі және сыртқы оқиғаларда ғана емес, сонымен бір уақытта ішкі оқиғаларда мәнін табу бұйырғандығы деуге болады. Осы арқылы материалдық және рухани нәрсе арасындағы әрекеттесуге табысқа жетуге жағдай жасау болмай қалады. Ренессанс заманынан бастап XIX ғасырдың ортасында мәдениет ғимаратын тұрғызған адамдар қоғамдық және мемлекеттік институттарды жетілдірудегі жетістіктерден рухани салада алға басуды күткен. Екі түрдің талаптары олардың бағдарламасына бірдей қатысқан және олардың қызметінің бірдей маңызды объектілері болып келген. Қоғамдық өмір институттарын озгерту бойынша жұмыс істей отырып, сол уақыттағы адамдар жаңа негізде рухани өмірді гүлдендіруге жағдайлар жасауға сенімді болатын. Екі саланың біріндегі табыстар екіншісінде алға басуға үмітті нығайтты және адамдардың энергиясын екі еселеді. Мемлекеттік құрылымдарды ұдайы демократияландырумен жұмыс істегенде, олар өздеріне әділдік пен бейбітшіліктің әлемде үстемдік етуін таратудың сәті түседі деп ойлаған.

Біз, олардың жасаған барлық институттарының рухани банкроттық дағдарысқа ұшырағанының куәгерлері, алдағыларымыздың мысалынан қоғамдық институттарды озгерту және оның үстінде рухани өмір жаңартумен бір уақытта жұмыс істей алмаймыз. Біз үшін мұндай міндетті жеңілдететін үйлесім қолайлы емес. Біз тіпті ғылым мен ойлаудың ескі әрекеттесуіне үміттене алмаймыз. Бұрынғы уақытта ғылым мен ойлау тығыз одақта әрекет еткен. Өз бостандығын қорғай отырып, ойлау, практикалық танып білу жолын салған. Өз кезегінде ғылымның барлық жетістіктері қоғамның рухани өмірінің пайдасына жұмсалған, себебі көбірек табиғаттың даму заңдылықтарының бәрі нанымдардың үстемдігін жоюға жағдай жасаған, сонымен қатар, адамдардың адамзат болмысы рухани заңдардың іргетасына негізделуі тиіс деген ойын нығайтқан. Мәселен, ғылым мен ойлау ақылдың және ақылға негізделген сенімдердің беделін бірлесіп көтерген.

Қазір ойлау ғылымнан ештеңе алмайды, себебі соңғысы өзіне қатысты оған тәуелсіз әрі енжар болып отыр. Үдеуші ғылым барынша бейғам дүниетанумен сыйысады. Ол өзінің ісі - нақтылы проблематиканы әзірлеумен шұғылдану және зерттеулердің жеке нәтижелерін бекіту деп пайымдайды, себебі тек қана мұндай жағдайда іскерлі, салауатты ғылымилық кепілді болады. Ғылыми фактілерді талдап қорыту және дүниетануға алынған қорытындыларды тарату оның міндетіне кірмейді. Ертеректе бір уақытта ғылымның өз ұрпағының жалпы рухани өміріне үлесін қосқан әр адамы ойшыл болған. Біздің уақытымыз ғылым мен ойлау арасында қабырғаны салу қабілетіне ие болды. Сондықтан бізде, ғылым бостандығы әлі бар, бірақ ойлайтын ғылым мүлде жоқ.

Жиынтығында ертеректе тәжірибеден өткен табиғи, сыртқы өлшемдер жарамсыз болып қалды. Бізден жалғыз нәрсені, бұрынғыларына ұқсас емес әрекетті талап еткен. Жұмыс істей отырып, біз көлемді қабырғалардың зор ауырлығы қысымымен шіркеудің іргетасын жаңартатын адамдарға ұқсауға тиістіміз. Алып революция революциялық әрекеттерсіз жасалмауы тиіс.

Көрсетілген факторлардан басқа, мәдениетті жаңарту даралыққа бөленген адамдар ғана қозғалыс сақтаушылары бола алатынымен қиындай түседі.

Мәдениеттің қайта түлеуінің бұқаралық әсерлену шіліктің эсерін көтеретін қозғалыстармен ешқандай жалпы байланысы жоқ. Мұндай қозғалыстар әрқашан тек сыртқы оқиғаларға реакциялар болып келеді. Мәдениет болса, барлық жеке адамдардың үлкен саны - қазіргі мезгілде үстемдік етуші қоғамның ойлау жүйесіне қарамастан және оған қарсы - өзінің көзқарастарының жаңа жүйесін жасап шығаратын уақытта ғана қайта түлей алады, ол қоғамның ойлауы жүйесіне ықпалын бірте-бірте тигізе бастайды және ақыр соңында оны анықтайды. Мәдениетсіздік жағдайдан бізді тек қана этикалық қозғалыс алып шыға алады. Этикалық қозғалыс жеке адамда ғана пайда бола алады.

Белгілі бір қоғамның келешек туралы мәселедегі соңғы сөзі оны ұйымдастыруды көбірек немесе азырақ жетілдіруге емес, ал оны құрайтын жеке адамдардың азды-көпті ішкі белсенділігіне байланысты. Көптеген адамдардың дара болмысындағы шамалы жалпы өзгерістер тарихта ең маңызды әрі ең аз зерттелген өзгерістер болып келеді. Олар барлық оқиғалардың алғы шарты ретінде көрінеді. Сондықтан адамдарды және өткен уақыттың оқиғаларын нақты түсіну қиын. Негізін салушыларымыздың әрқайсысы ие болған дара сапалары туралы және оның оларға сәйкес қоғаммен қатынасын қалай орнатқаны, оның ықпалын басынан қалай кешіргені және жауап оған қалай эсер еткені туралы біз жорамалдарды ғана айта аламыз.

Анығы бір: жеке адамның қоғамнан гөрі қоғамның жеке адамға эсер еткенінде мәдениет құлдырай бастайды, өйткені мұндай жағдайда шешуші мөлшері қажеттілігіне қарай -адамның рухани және өнегелік нышандары төмендейді. Қоғам бұзылуда және ол және олардың алдында туындайтын проблеманы шешуге және түсінуге қабілетсіз болады. Жиынтығында апат ерте ме, кеш пе басталады.

Біз нақ сондай жағдайда болатындығымыздан, әр адам біздің жағдайымызда білдіру, осы уақытқа дейінгі ден гөрі жеке батылдықты көрсетіп, жеке адамның ғана қолы жетерлік рухани-этикалық ойларды ұсыну функциясын оз жауапкершілігіне алуы тиіс. Көптеген адамдардың санасындағы төңкерістен басқа ештеңе бізді құтқара алмайды.

Жаңа қоғамдық пікір жария етілмей қалыптастырылуы тиіс. Бүгінгі пікірді баспасөз, насихат, ұйымдар, сонымен қатар параға сатып алу және қысым жасаудың қаржылық және басқа құралдары қолдайды. Осы ойларды табиғи емес түрде таратуды адамға адамнан таралатын, тек қана шын ойды және шынды түсінуді есепке алатын табиғи нәрсені қарама-қарсы қойған жон. Тек қана күрестің жабайы тактикасына сүйенетін, қарусыз, қазіргі үстемдік етуші қоғамдық пікірге қарсы қарама-қарсылық Голиафтың бәріне оз сауыт-саймандарының әсемдігімен Дәуітке қарсы тұрғанындай сияқты.

Өрістейтін күресте біз ешқандай тарихи ұқсастықтарға сүйене алмаймыз. Әлбетте, және өткендегілер де ойлайтын заманның үстемдік етуші жалпы рухына қарсы ойлайтын дара рухтың күресінің мысалдарын білген. Бірақ проблема ешуақытта бүгінгідей болған емес, себебі қазіргі ұйымдарда, қазіргі бейғамдық пен халық құмарлығында іске асырылған уақытымыздың жалпы рухы өзінше жалғыз құбылыс болып келеді.

Одан рух талап ететінді жүзеге асыруына және уақыт мүмкіндік бермейтінді жасауды қалайтынына заманауи адамның күші жеткілікті бола ма?

Ол оз билігіне оны мың тәсілмен бағындыратын, аса ұйымдастырылған қоғамның аясында қайтадан тәуелсіз адам болып, қоғамға өзінің кері әсерін тигізуі керек. Өзінің барлық институттарының көмегімен қоғам адамды бұрынғыша өзіне пайдалы кескінсіздік жағдайында ұстауға күш-жігерін жұмсайды. Ол адамның тұлғасынан қорқады, өйткені онда рухтың дауысын және ақиқатын табады, ол ешуақытта уәде беруді артық көрмес еді. Бірақ оның билігі үрейі сияқты зор.

Қоғамдық өмірді қашып құтыла алмайтын бейнемен реттеумен экономикалық шарттар байланысты, олар мүмкін емес мейірімсіздікпен қазіргі адамды еріксіз, дербессіз, бейғам, адамшылық сезімдерден айрылған жанға айналдырады. Олар — соңғысы, біз өзгерте аламыз. Тіпті күш-жігеріміздің нәтижесінде рух оз жұмысын бастаса, біз бәрі-бір тек баяу істей аламыз және оларды толық болмаса да билей аламыз. Сонымен, адамдардан тіршілік талаптарын теріске шығару талап етіледі.

Шешу үшін рухтануға тұрарлық қандай ұлы мақсаттар! Ол тек насихаттық шындықты ғана мойындайтын нағыз шындықты түсінуді қайтадан түлетуі тиіс, Ол тіпті ішінен оларға қарсы тұратындардың арасында қуанышсыз өткендегі және бүгінгі саяси оқиғалар ұлттық құмарлықты қолдайтын жағдайларда жөнсіз отаншылдықты жоққа шығарып, адамзат мақсаттарымен келісетін мейірбан таққа отырғызуы тиіс. Ол ұлт мәдениеті пұт сияқты құрметтелетін, ал мәдени адамзат ұғымынан ештеңе қалмаған кезде адамдарды мәдениеттің әрбір адамның және барлық адамзаттың, барлық халықтардың шаруасы екенін түсінуіне қайтадан әкелуі тиіс. Ол қазіргі мемлекеттер соғыс салдарынан рухани және экономикалық жағынан құлдыраған кезде тіпті мәдени мақсаттар туралы ойлай алмайтын, барлық мүмкін боларлық құралдардың, соның ішінде құқық ұғымын білдіретін, құралдардың көмегімен қазынаны толықтыру, тек өмір сүру жолында қам жеп отырған кезде мәдени мемлекетке сенімімізді қолдауы тиіс. Біздің рух, бір халық басқа халықтың сенімін, адамгершілікке сенімді, мұратын, әділеттілігін, салауатты ойын және адалдығын тартып алғанда және әр халық, бәрімізді мәдениетсіздіктің саңылаусыз алыс түкпіріне алысырақ апаратын күштердің билігінде қалғанда шарттарда мәдени адамзат мұратын жариялап, ұйымдастыруы тиіс. Ол өмір сүру үшін нан табуға қиындықтың өсіп бара жатқанында адамдарға материалдық қам-қарекеттің үлкен ауыртпалығы жүктелгенде және қалғанының бәрі олардың көздеріне елес еткенде мәдениетке назарды аудартуы тиіс. Ол экономикалық өмірдің рухани өмірге кері әсері әр күн сайын көбірек қиындай және қоғамның бұзылуын ұдайы күшейте түскенде бізге алға басу мүмкіншілігіне сенім беруі тиіс. Рух қабілеттілікке үміттенуге сыйлық беруге тиісті, зиялы және діни институттар мен бірлестіктер ғана емес, сонымен қатар беделді адамдар, ғалымдар мен өнер қайраткерлері тек мәдениетсіздік аясында ерекшеленетін кезде, үнемі өзгермейтін биікте бола бермейді, ал ойшылдар және халықтың көзінше солай саналатын атақты адамдар, шешуші мәселелерде көз алдымызда қатардағы жазушылар сияқты және академиялардың мүшелері ретінде ғана елестейді.

Мұның бәрі мәдениеттің еркіне қарсы тұрады. Қадам сайын біздің көңіліміз қайтады. Грек-рим декаданы заманындағы, оқиғалар дүниесінің алдында қарусыз болған, оның тағдырына әлемді қолына берген, өздері өздерімен тұйықталған адамдардың жайы бізге мәлім ғой! Олар сияқты, бастан кешіріп отырғанымыздан есіміз танады. Олар сияқты бізге бейғам өмір сүру - өмірді қанағат етерлік жалғыз нәрсе дейтін еліктіретін дауыстарды естиміз.

Сана мәдениеті дүниетануға сүйенеді және рухани ояну және тек қана адамдардың этикалық ұмтылыстарының нәтижесінде қайта түлей алады дегенді сезіну мәдениетті қайта түлетуді әдеттегі қарастыру кезінде көзқарасымыздан сытылып шығатын барлық қиындықтарын сезілетін күйде көз алдымызға келтіруімізге мәжбүр етеді. Бірақ сонымен бір уақытта ол қайта түлету мүмкіндігі немесе мүмкін еместігіне қатысты барлық түсініктерін бізден жоғарырақ қояды. Егер этикалық рух - оқиғалық салада мәдениетті іске асыруға жеткілікті серпін берсе, мәдениетті жасайтын дүниетануға және осы арадан туындайтын мәдениетті жасайтын сенімдерге келісімен мәдениет патшалығында қайтадан боламыз.

Біздің құлдырауымыздың тарихы күйікпен және көңілсіздікпен рух шешуші саты болып келеді деп шындықты уағыздайды. Шындық болашақта бізге жоғары деңгейде эсерін тигізуі тиіс.

V

Мәдениет және дүниетану

Рухтың ұлы мақсаты - дүниетануды жасау.

Дүниетануда дәуірлер өз ойын сенімдері мен істеріне негіздеуді табады. Тек мәдениетті жасау дүниетанымына келе отырып, біз оның мәдениет гүлдетуге қажетті ойларына, сенімдер мен істеріне қабілетті болып шығамыз.

Дүниетану дегеніміз не? Қоғам мен адамды ойландыратын, қоршаған әлемнің мәні, адамзат және адамның ондағы орны мен мақсаты туралы ойларының жиынтығы. Өзім өмір сүретін қоғам нені білдіреді, әлемде жасайтын менің өзім нені білдіремін? Одан нені көруді қалаймыз? Одан нені күтеміз?

Қоғамды құрайтын жеке адамдардың болмыстың түпкі сұрақтарына қандай жауап беретініне қарай заманның рухы туралы талқылауға болады.

Осы арқылы дүниетану мағынасы қайта бағаланбай

ма?

Әлбетте, осы шақта көптеген адамдар ұғынылған өмірге деген көзқарасында саналы дүниетанымға дейін көтерілмейді. Олардың көбі сонымен қатар қажеттілікті ұғынбайды және оз ойлары мен сондай дүниетаным сенімді шығару қажеттілігін бастан кешірмейді және әдеттегі коп немесе аз дәрежеде оз заманы ұсынатын әуенге бағытталады, оз дәуірінің жетекші дауыстарына құлақ қояды.

Бірақ бүл дауыстар кімге тиеселі? Қоғам дүниетанымын қалыптастыруға қатысқан және одан біршама бағалы ойды шығарған, ұрпағымыздың беделін пайдаланатын адамдарға ма? Жиынтығында жеке адамдардың, сондай-ақ қоғамның барлық ойлары мен мұраттары үстемдік етуші дүниетануға қатысты болады. Әрбір заман — саналы немесе саналы емес түрде өзіне ықпалын сезбейтін ойшылардың басында пайда болған нәрсемен өмір сүреді.

Ойшылдар мемлекетті асыраушы болуы тиіс деп пайымдайтын Платон пікірі дұрыс емес. Олардың қоғамға үстемдік ету сипаты — заңдар мен бұйрықтарды жай шығару және ресми билікті жүзеге асырудан гөрі жоғары. Олар — бас штаб офицерлері, жалғыздықта алдағы шайқастарды терең және жан-жақты ойластырады. Қоғамдық өмірде басты рөл ойнайтындар төменгі офицерлер - тәжірибешілер болып келеді, бөлімдерге және бөлімшелерге бас штаб нұсқауларын пәлен уақытқа сөз сөйлеуге, анда-мында еруге, пәлен бекетті алуға деген нақты бұйрықтарға айналдырады. Кант пен Гегель күллі өмірінде олардың шығармаларының бір бетін оқып шықпаған және тіпті оларға көнетініне сезіктенбеген миллион адамдардың ақылдарының үстінен әмірлік еткен.

Қоғамдық бұйрық бекеттерінде отырғандар — ірі және ұсақтары,— тек қана заманның ойлауында бар нәрсені іске асыра алады. Онда олардың ойнауы тиісті аспабын олардың өздері дайындамаған — олар оған жай қасына қойылған. Орындалатын музыканы, өйткені олар жазбайды —- оларға дайын нота ұсынылады. Олар ұсынылған пьесада ештеңе өзгерте алмайды, олардың мақсаты — оны біршама ептілікпен жаңғырту. Егер пьеса мәнінен айрылса, олар оны айтарлықтай жақсарта алмайды; егер ол жақсы болса, олар оны біршама нашарлата алмайды.

Демек, жеке адамдар немесе ойлар пәлендей дәуірдің тағдырын анықтайды ма деген сұраққа заман нақ сол адамдардан оз ойларын алады деп жауап берген жөн. Егер белгілі бір заманның ойшылдары құндылығы бар дүниетануды жасаса, онда ол олардан жасау үшін алға басуға көмектесетін мұраттарды алады. Егер олар бұған қабілетсіз болса, онда пәлендей нысанда байқалатын құлдырау басталады. Дүниетану әрқашан қорытындыны тарихтан алады.

Билік басында тұрған көрнекті басқарушылардың коп болуына қарамастан Рим империясының күйреуі көне философтардың империяның сақталу қажеттілігін дәлелдейтін ойды қамтитын дүниетануды алға шығармағанымен түсіндіріледі. Қорытынды аккорд және философиялық ойдың ақырғы үкімі ретінде стоицизм пайда болғандықтан Жерорта теңізі халықтарының тағдыры шешілді. Қаншалықты айбынды болғанмен көнгіштікпен ойлау ол дүниежүзілік империяны алға басу рельстерінде ұстап қала алған жоқ. Ең іскер әмірлердің күш-жігерлері зая болды. Олар шірік жіпті иірді.

XVIII ғасырда рококо заманы басқарушылары мен министрлері аздау болғанда дүниежүзілік тарихтағы жалғыз прогресшіл қозғалыс Еуропа халықтары арасында орын алды. Неге осылай болуы мүмкін еді? Себебі Білім беру және рационализм ойшылдары дүниетануды жасады, ол қоғамда таралған бағалы ойларға нұр шашты.

Бірақ, тарих бүл ойларға сәйкес қалыптаса бастағанда алға басуды туғызған ойлау тоқырау жағдайына түсті. Нәтижесінде біз, өткеннің қымбат мұрасын зая кетірген және қираған орындарда жиналған ұрпаққа айналдық, себебі алдыңғы ұрпақтар бастаған құрылыстың аяқталуы мүмкін емес. Тіпті егер басқарушыларымыз бен мемлекеттің билік өкілдері шынында алыстан көрмейтін болса, онда оларға бізге құлаған апатты ұзақ уақытқа қақпайлаудың сәті түспес еді. Мәдениеттің ішкі және сыртқы күйреуі дүниетану жағдайымен алдын ала анықталған болатын. Басқарушылар - ірі және ұсақтары - бар болғаны заманына лайық әрекет еткен.

Білім берудің идеалистік дүниетанымы, рационализм және ұлы философия XIX ғасырдың басында өз бұрынғы күшінің әсерінен айрылғанда, дүниежүзілік соғыс пісіп жетілді. Нақ сол кезде халықтар арасында туындаған барлық таластарды мақсатқа лайық шешуді қамтамасыз ете алатын ойлар мен сенімдер бізден кете бастады.

Жағдайлардың еркімен біз толық құнды дүниетанудан амалсыздан бас тарттық. Философияның күйреуі және табиғи ғылым теориясының пайда болуы ойлауды қанағаттандырарлық идеалистік дүниетанымды қол жетерліксіз етті. Әлі күнге мұндай жағдай сақталып келеді. Бұдан басқа, уақытымыз осындай нағыз терең ойшылдарға кедей болған. Үлкен танымы бар және ең ізгі ойларын басшылыққа алған талапты ақыл иелерінің кейбіреулері және бірнеше көз шағылыстыратын кометалардың жекеленген үзіктерді біртүтас етуге тырысқан - тағдырымыздың сыйлық бергені, міне, осы. Осы ақылдың дүниетануды қосқаны қандай да болмасын академиялық үйірмені қызықтырып әкетіп, бірнеше ізбасарды және оқушыларды рухтандыра алған. Халық болса олардың теориялық ілімінен ештеңе шығарған жоқ.

Жиынтығында өзімізді дүниетанусыз амалдай тұрғамыз деп сендіре бастадық. Әлем мен өмір мәні және оларға жауаптар туралы қажеттілік бізде өшіп қалды. Аңғарылған бейғамдық өз өміріміз бен қоғам өмірі үшін нақты сезімімізбен жасырып айтылған кездейсоқ ойларды қабыл алуымызға апарып соқты. Бір жарым ұрпағы өмірінің аралығында біз кез келген дүниетану жоқ болғанда жасалатын дүниетануды, ең нашар мүмкіндіктерді және дүниетанудың рухани өмірді ғана емес, сондай-ақ жалпы адамзат қоғамы өмірінің түбін қазатынын жеткілікті түрде жақсы білдік. Бас штаб офицерлері өзінің ұрпағына күрестің жоспарларын жасамайтын кезде төменгі офицерлер ойларда және практикалық істерде болсын - бізді арандатушылықтан арандатушылыққа жеткізеді.

Сайып келгенде, заманымыздың қайта түлеуі дүниетанудың қайта тууынан басталуы тиіс. Алыс және абстрактылы дүниетану басқасынан гөрі аса қажет болуы мүмкін. Тек біз қайтадан мәдени шығармашылық қазынасына иелік етеміз және барлығымыз бірге одан өмір мен әрекетке арналған негізгі мұраттарды шығарып алуға тұрғанда идеалдардың тарлығынан азап шекпейтін және олардың шынымен бар екендігіне саналы түрде қарсы қойып салыстырып ақылдылықпен басқаратын тағы да қоғам пайда болды. Жаңа ойлардың іргетасына бізге тарих ғимаратын жаңадан тұрғызу алда тұр.

Қоғам, және жеке адам үшін дүниетанусыз өмір бағдарлаудың ең жақсы сезімін патологиялық бұзу болып келеді.

Дүниетану мәдениет жасайтын дүниетануға айналу үшін қандай талаптарға жауап беруі тиіс?

Бірінші және жалпы басты талап - дүниетану ойландыруы тиіс.

Тек ойлау арқылы туындаған және ойлауға жүктелген нәрсе ғана барлық адамзат үшін рухани күшке айнала алады. Тек көптеген адамдардың ойлауында сынатын және бүл орайда шындық сияқты қабылданатын нәрсе ғана сенімнің табиғи тапсырылатын және сарқылмайтын күшіне ие болады. Тек адамның барлық рухани қабілеттері ойлайтын дүниетануға тұрақты жүгінетін жағдайда ғана оянады.

Біздің уақытымызға ойлайтын дүниетануға қарсы эстетикалық қате түсінік тән. Әйткенмен ақиқатқа орай болжалдайтынымыздан гөрі біз әсіресе, романтизм балалары болып келеміз. Соңғысының білім беру мен рационализмге қарсы барлық дәлелдері қисынды өзін өзі бекітуге ұмтылатын дүниетануға қарсылығы арқылы барлық уақытта өзекті болып келді. Біз мұндай дүниетануда зеріккен зият керліктің мерекесін, пайданың жалпақ түсінігін және үстіңгі оптимизмді алдын ала көреміз, ол адамзаттың данышпандығы мен энтузиазмын құртады деп есептейміз.

XIX ғасырдың басында романтизм ұсынған рационализмге қарсылықта негізделген аз болмады. Әйткенмен соңғысы жәбірлеуге ұшыратқан және қиратқан, өз жетілмегеніне қарамастан барлық адамзаттың рухани өмірінде ең зор құбылыс және бағалы ұлттық қондырмасы болған нәрсені мақұлдамауға болмайды. Бәріне - ең білімділерден ең білімсіздерге дейін - шындық алдында ойлауға және қастерлеуге сенім тән болатын. Бір себеппен сол заман алдыңғы кез келген заманынан жоғарырақ және біздің дәуірімізден едәуір жоғарырақ болған.

Мұратшыл сезімдер мен сөйлемдер ұрпағымыздың назарын не болса да ақылдың өзінің не екенін білуге ұмтылуынан басқа жаққа аудармауы тиіс. Бұл тіпті, рухымыздың әр алуан бастамасын тұншықтыратын құрғақ, салқын ақылы емес, олардың тірі әрекеттестігіндегі рухымыздың барлық функцияларының жиынтығы. Онда танымымыз, ерігіміз, рухани мәнімізді анықтайтын өзара құпия диалогты жүргізеді. Ол ұсынатын дүниетанулық ойлар, өмір сүруіміздің және адамзаттың мәні туралы ойлап, болжалдай алатынымыздың бәрін қамтиды; олар болмысымызға бағыт береді және құндылығын қалдырады. Ойлау арқылы туғызылған жігерлілік негізінде жел биік емес төбелердің арасынан соғатын таулы шыңдардың самал желі сияқты күңгірт түйсіктер бар жігерлілікке жатады. Егер біз ақылдың жарығын іздеуге жаңадан батылдансақ, біз ешқандай энтузиазмге қабілетсіз ұрпақ деңгейіне дейін құлдырамаймыз, ұлы биік мұраттардың ұлы және терең құмарлығымен тұтанамыз. Олар өмірімізді толтырады, асқан кедейлікті және бүгінгі жабайы мұраттарымызды ығыстырады.

Рационализм - XVIII ғасырдың соңында жөне XIX ғасырдың басында аяқталған идеялық қозғалыстан гөрі үлкендеу. Ол кез келген қалыпты рухани өмірдің қажетті құбылысы болып келеді. Әлемде кез келген нақты алға басу ақыр соңында рационализммен алдын ала анықталған.

Сөзсіз, тарихта рационалистік деп аталатын замананың ойлау жетістіктері өзімен бірге аяқталмау мен қанағаттанбаушылықтың ізін қалдырады. Бірақ сол уақытта ұсынылған дүниетану тек ойлауға негізделуі тиіс деген принцип дұрыс. Егер тіпті жас ағашта бірінші дәндері толық піспесе де, ол рухани өмірдің тірі ағашы болып бәрібір қалады.

Рационализмді алмастырған барлық қозғалыстар қол жеткен нәтижелерден алыс артта қалады. Олар алыпсатарлық ойлардан, тарихтан, сезімдерден, эстетикадан, жаратылыстанудан дүниетануды алып шығуға тырысқан. Шурфтарды ойластырылған және есептелген күйде бекітіп тастаудың орнына олар жер қойнауын жорамалдап ақтарған. Тек қана рационализм жоспарлы және дұрыс таңдалған жерде іздеу жүргізген. Егер оған жер қойнауында қымбат металды анықтаудың сәті туспесе, онда бұл қолында болған құралдың терең қабатты игеруге жеткіліксіз болғанымен түсіндіріледі. Қайыршылыққа ұшыраған және арандатушылық ізденістерге сенбеген біздер амалсыз рационализм еңбек еткен шахтада жұмысты қайта бастауға және осында болуы тиісті алтынға кезігу ниетімен барлық жер асты қабаттарынан өтуге мәжбүр болдық.

Ойлайтын дүниетануды тереңдету жолымен ақырына дейін бару... алданулардың тұйығынан шығудың жалғыз мүмкіншілігі.

Ерте рационализмнің қолынан келмеген философиялық, тарихи және табиғи ғылымдық проблемалар көшкіндер сияқты құлады және оны мақсатқа барар жолынан тайдырды. Жаңа ойлайтын дүниетану осы ретсіздіктен шығуға тиісті. Ақиқат әсерінен жалтармай, ойға қалу мен сананың ұзақ жолынан өте отырып, ол болмыс пен өмірдің соңғы мәніне ұмтылып, оларда бірдеңені табу үмітін қалдырмауы тиіс.

Адамға әмбебап болмыста өз болмысын аңғаруына мүмкіндік беретін соңғы білімнің мистикалық сипаты бар дейді. Яғни ол әдеттегі ақылға жетпейді, әсерленушіліктің нәтижесі болып келеді.

Бірақ неге ойлау жолы мистика патшалығы басталатын жерде аяқталады деп болжанады? Әлбетте, бұрынғы рационалистік ойлау әрқашан мистиканың алдында тоқтатылған. Ол тек логиканың қатал аясында қалу мүмкіншілігі бар уақытқа дейін алға қозғалуға ұмтылған. Өз жағынан мистика қайсыбір кезеңде оның алдында есеп беруі тиіс болатындай ойдың тууына жол бермеу үшін рационалистік ойлаудың беделін кетірген. Әйткенмен бір-бірі туралы ештеңе білгісі келмеген рационалистік ойлау және мистика тығыз буындармен байланысты.

Ақылдағы құпия жолмен бізде түптелген таным мен ерікке қажеттілік өзара аңдасуға келуге тырысады. Өзіміз ұмтылатын соңғы білім - өмір білімі. Танымымыз өмірді сырттан, ерік - ішінен қарайды. Себебі өмір сияқты білімнің соңғы мәні болып келеді, соңғы білім қажеттілігіне қарай өмір ойлап айтылған әсерлену шілікке айналуда. Мұндай әсерленушілік, бірақ, ақылдан қол үзілмеген және бөлектенген, оның жер қойнауында болып жатқан үдеріс болып келеді. Танымға оз қатынасын тиісті жолмен ғана анықтап, ол арқылы өтіп, онда қисынды болған тілек өмірге әмбебап еріктегі және жалпы болмыстағы өзінің мәнін аңғаруға қабілетті болады. Егер тілек тану қажеттілігін жайдан-жай жоққа шығарса, ол белгісіз қиялдау жолына сырғанайды. XVIII ғасырдағы рационализм сияқты тану аңдауға арналған өмірдің мәніне жету үшін ол ақыр соңында өмірді ойлап айтылған әсерлену шілігіне ұласуы тиіс екенін мақұлдамайды, сонымен ең терең және қарапайым негізделген дүниетануды жоққа шығарады.

Сайып келгенде, жүйелі, жарты жолда тоқтап қалмайтын ойлау қалай болғанда да барлық адамдарға қажетті тірі, қисынды ақталған мистикаға әкеледі.

Күрт әлі кеткен ойлау қажеттілігімен заманауи адамды ескерсек, ойлайтын дүниетануға қажетті, адамдардың өздері және қоршаған әлем туралы ойға қалу қабілеттілігіне шүбә ақталған. Бірақ заманауи адам - патологиялық құбылыс.

Негізінен тіпті орта табиғи дарыны бар адамға мүмкіншілікке ғана емес, сонымен қатар табиғи қажеттілікке қарай ойлайтын дүниетануды жасау үшін өзін айналдыратын ойлау қабілеттілігі тән. Көне заманның және жаңа уақыттың ұлы ағартушылық қозғалыстары сенімділікті сақтауға көмектеседі, адамдарға олардың өмірі мен қылықтарына эсер етуді ширатуға қабілетті қарапайым ойлау тән. Адамдарды бақылау және жастармен жұмыс осы сенімімізді көбірек нығайтады. Өзіне ойлайтын дүниетануды жасауға қарапайым әуестік дербес ойға қалуға қажеттіліктің ояну дәуірінде бізді өктем қозғайды. Аяғында, бірақ, біз осы әуестіктің өшуіне рұқсат етеміз, алайда, өзімізді кедейлендіреміз де және мейірбан істерге қабілетіміздің азаятынын ақыр соңында әбден анық сеземіз. Біз жалпы су беруін тоқтатып, жиі ластана беретін бұлақтарға ұқсаспыз.

Біздің уақытымыз кез келген басқадан гөрі ойлаудың осы мың бұлағын қорғау қажеттілігін елемеген. Өзіміз әлсірейтін адам өлтірерліктей шөлдеу ақиқатында мұндай менсінбеушіліктің салдары болды. Бірақ бұлақ суына бетіне жарып шығуына кедергі жасайтын қоқымды тазаласақ болғаны шөл даланың суарылған құмында өмір жаңадан оянады.

Әлбетте, кез келген басқа саладағыдай, дүниетану саласында да, бастаушы және жетектегі салалар бар. Осы тұрғыда адамдардың дербестігі әрқашан салыстырмалы. Тек мәселе бастаушылардың бастамасының - дербестікке немесе дербессіздікке бағдар ұстауында болып отыр. Біреуі шындыққа эволюцияны тартады, екіншісі соңғысының өлімін білдіреді.

Әр адами мәннің қалауы өзінің ойлайтын дүниетанымын жасап шығару үшін нағыз адамға айналуында болады.

Бірақ, мәдениет мұраттары мен оған негізделген нанымдар одан негіздемені таба алатындай ойлайтын дүниетаным қандай болуы тиіс?

Оптимистік және әдептілік.

Болмыс болымсыздықтан жоғарырақ тұратын дүниетану оптимистік болады және әлем мен өмірді бағалы нәрсе ретінде пайымдайды. Әлемге және өмірге осындай қатынас болмысқа барынша құнттылықпен қарау ұмтылысын туғызады. Айтылған ұмтылу өз кезегінде жеке адам өмірінің, қоғам, халықтар мен адамзаттың жағдайларын жақсартуға бағытталған қызметті - нәтижесі мәдениеттің сыртқы жетістіктері болып келетін қызметті; рухтың табиғат күштерінен үстемдігі және қоғамның биік әлеуметтік ұйымын ширатады.

Әдептану — адамның ішкі келбетін жетілдіруге бағытталған қызметінің саласы. Ол өздігінен дүниетанудың түңілген немесе құлшынысты болатынына тәуелді болмайды. Бірақ бұған қарамай оның ықпалын жасау саласы тарылады немесе кеңейеді.

Жүйелі түңілген дүниетануда брахмандар және Шопенгауэрдің ойлауында бізге көз алдымызға елестейтіндей әдептану әлемге эсер ету мақсатын көздемейді. Ол тек жеке адамның әлемнің және оның рухының ішкі босатылуынан көрінетін өздігінен жетілуіне бағытталған. Бірақ әдептануды әлем мен өмірді пайымдайтын дүниетану қайта бағдарлаған сайын оның ықпалын жасау саласы кеңейеді. Енді оның мақсаты тек қана жеке адамның ішкі жетілуі емес, сонымен қатар соңғысының басқа адамдарға және әлемнің барлығына эсер ету. Ол адамға әлем және оның рухынан бостандығын өзіндік мақсат ретінде сыйламайды. Оның пайымдауынша, іштей азат болған адам бір уақытта қоршаған әлемде таза көбірек өздеріне ұқсастардың арасында рухтанған және таза күш ретінде көбірек әрекет ету, сайып келгенде жалпы алға басу мұратына өз үлесін қосу қабілетіне не болуы тиіс.

Сонымен, мәдениет оптимистік дүниетану және әдептанудың әрекеттестігінің нәтижесі. Жекелей алғанда оптимистік дүниетану да, әдептану да оны тудыруға қабілетті емес. Оптимизм әлемде қалай болғанда да оқиғалардың ағымының ақылға қонымды мақсаты болады, жалпы әлемде және қоғамда өмір сүру жағдайларын жақсарту жеке адамның рухани - өнегелі жетілуіне көмектеседі де¬ген сенімділікті береді. Этикалықтан әлемге және қоғамға эсер етуге қажетті мақсатқа лайықты принциптерді қалыптастыру және мәдениеттің соңғы мақсаты болып табылатын жеке адамның рухани және өнегелік жетілуіндегі барлық жетістіктерге шоғырландыру мүмкіншілігі туындайды.

Нақ оптимистікте және этикалық негіздегі бастамада дүниетанудың мәдениетті жасайтын қозғаушы энергиясы бар екенін ұғыну неге және қандай жолмен мәдениет мұраттары сарқылады деген сұрақ туындатады. Осы табиғаттан алынған ұқсастықтарды басшылыққа ала отырып, бүл сұраққа толық жауап беруге болмайтыны айқындала түседі. Салауатты, іскерлік тәсіл басқа жауапқа мегзейді: мәдениет мұраттары дүниетануда оптимистік және этикалық бастаманы жеткілікті берік негіздеудің сәті түспегендіктен сарқылды.

Мәдениет ойларының және оларға негізделген нанымдардың пайда болу процесін талдап, дүниетануда оптимистік немесе этикалық бастаманың мәнін немесе басқалары бірге қайсыбір жолмен сенімнің үлкен күшін тапқан және ойлардың мәдениетті жасауын ынталандыратынын анықтаймыз. Мәдениет құлдырағанда себеп-салдарлық байланыс орын алады, бірақ оның әрекеті жағымсыз сипатқа ие. Ғимарат шөгеді немесе мүлдем құлайды, себебі оптимистік немесе этикалық іргетас берік болмайды. Құлдыраудың басқа себептерін бәріне қалауымызша іздеп табу мүмкін емес. Мәдениет ойларының және оларға негізделген нанымдар оптимизмнен және әдептанудан туындайды. Әзірге екі тіректер қажетті беріктілігін және тұрақтылығын сақтайтын кезде ғимаратқа ештеңе қауіп төндірмейді.

Сонымен, мәдениет келешегі ойлаудың оптимизмді, яғни дүние - және алдындағы замандардың дүниетануынан гөрі өмірлік пайым және әдептануды сенімдірек және қарапайымдық түрінде негіздеуге қабілетті дүниетануға бара алатынына тәуелді болып келеді.

Біз, батыс әлемінің адамдары, қызметке шөлдеуіміздің және оның дүниетанымын тазартатынның лайықты проблемасын ешуақытта ойлаған емеспіз. Бірақ біз сондай дүниетануды түпкілікті қалыптастыра алған жоқпыз және нәтижесінде қызметке шөлдеудің бағдарсыз тұтқынына түстік. Бізге әлем және өз өміріміздің мәнін анықтауға мүмкіншілік бермей, біздің уақытымыздың рухы бізді қызмет иіріміне тастайды. Ол бізді пәлен мақсаттарға, пәлен жетістіктерге қызмет етуге толассыз мәжбүр етеді. Ол тек әлем мәні және өміріміздің мәнімен пәлен мақсаттарға және жетістіктерге жанқиярлықпен берілгендіктің жалпы несі ортақ деп ес жимауымыз және сұрама уымыз үшін қызметке ұстамсыз шөлдеуімізді әдейі күшейтеді. Мысалы, тексіз және ешуақытта салауатсыз жалдамшылардай, көтеріңкіге де, аласаға да бірдей жанқиярлықпен қызмет етуге дайын күйде біз өмірдің қою түнегінде дүниетанусыз әрең-әрең жүреміз. Әрекеттер және алға басуға арандатушылық шөлдеу орын алған әлемде жағдайлар қуантпаған сайын оған қызмет етуге келіскен жалдамшылардың бейнесі қараңғылау және әрекеттері түсініксіздеу бола түседі.

Ойлауымызды шығыстікімен салыстырғанда қаншалықты батыс әлеміне тән әрекеттерді аңсаудың тереңдетілген ойға қалумен аз байланысты екені әсіресе анық көрініп тұрады. Соңғысы өмір мәнін бұрынғыша іздеумен айналысады және практикалық істерде арымаушылығымыздың мәні туралы сұраққа - елемеуді қажымай жалғастырып отырған сұрағымызға бізді әкелуге ұмтылады. Біз үнді ойлауынан өзімізге келген ойларға мән береміз. Біз оларға тән жер істерінен безушілікке қарсы турамыз. Біз қанағаттанбауды және әрекетсіздік мұратының қателігін сеземіз. Өмір сүру құқығының адамды толық жетілдіруге бағытталған алға басуға ғана емес, сонымен катар жалпыға бірдей алға басуға ұмтылуға да еркі бар екенін сезікпен ұғынамыз.

Әрекетсіздік дүниетанымының тұтқынындағы қарсыластарымыздан гөрі біз, дүние және өмір пайымының арандатушылары, алдануымыз зор және қорқынышты болғанымен, айтарлықтай заттық қана емес, сонымен қатар рухани - этикалық жетістіктерді де қамтамасыз ете аламыз деп өзіміз үміттенеміз.

Әйткенмен бізге өмірге айбынды, бізге бағынбайтын және әсерлі нәрсе бар бізге бөтен тәсілмен толық ақталудың сәті түспейді. Өмірге осындай тәсілді бейнелейтін сенімдер мен көзқарастардың айбындылығының көздері бұл сенімдер дүниетануды іздеудің тууымен және өмір мәнін іздеуден пайда болған. Бізде дүниетану орнында ырықсыз сезімдер және әрекет күштері бар. Дүние және өмірді теріске шығаратын біз дүние және өмірді пайымдайтын дүниетануға, ал болмыстың түңілген тұжырымына алып келген ойлауға, -қабілетті оптимистік тұжырымды негіздей алатын ойлауды қарама-қарсы қоя алмаймыз.

Демек, батыс рухын ояту - білімді және сауатсыз - адамдардың бәрінің дүниетанусыз бүгінгі күй-жағдайдың апаттылығын ұғынуынан басталуы тиіс. Біз алдағы уақытта дүниетану қоспаларынсыз жүре алмаймыз. Бүгіннен бастап барлық істеріміз бен ниетімізді - сөйтсе де қызметке және бізді ұлы, сондай-ақ аласа істерге итермелейтін және бейғамдық жағдайында ұстап қалатын алға басу еркіне негізделетін сұрақ билеуі тиіс.

Тұтқынында біз болып отырған мәнсіз болмыстан ойлап айтылған болмысқа ауысу үшін тек бір жол бар: әрқайсысымыз өз мәнімізге, бірге тиісті ойланып қалу және барлық жаңадан шоғырландыруға, өзіміздің және бізді қоршаған өмірге беретін мәннен шығарылатын әрекетке және алға басуға еркіміздің қандай жолмен баратынына назар аударуымыз керек.

Өзіміз өмір сүретін сенімдер мен мұраттарды ұлы тексеру қазіргі уақыттағымен салыстырғанда үздіктерін адамдарға ұйыту жолымен іске асырыла алмайды. Ол тек адамдар өмір мәніне қарай ойланып қалатын және жаңарту, өмірімізге беретін мән тұрғысынан ақылдылықтың дәрежесіне сәйкес өз мұраттарын қайта қарайтын жағдайда мүмкін болады.

Соңғысын және ең қарапайымын осылайша ойластыру сенімді дара өлшем болып келеді. Менің тілектерім мен істерім тек менің қызметімнің мақсаты өмірімнің және басқа адамдардың өмірінің мәнімен келісетіндей өлшемде мәні мен құндылығын табуда. Дәстүрлер, әдеттер мен қоғамдық бедел арқасында қаншалықты маңызға ие болса да, барлық қалғаны және қауіпті әрі әбігерлік болып келеді.

Халықтар ішкі ыдырау жағдайын бастан кешіріп отырғанда, адамдар жұмыссыздықтан, қайыршылық күй және аштықта азап шеккенде, жаппай әлемде билігі барлар ең арсыз және мәнсіз жолмен одан айрылғандарды жәбірлегенде, адамзат бірыңғай бүтін ретінде барлық жағынан ыдырағанда Енді өмір мәні туралы сонау алыстағы ойға қалуға оралу талабы ақиқатында мысқыл сияқты айтылады. Бірақ әйткенмен тек қана адамдардың кедергілердің бәрін және қайыршылық күйді жеңуге қабілетті өздігінен тереңдеу күшін туғыза алады. Осы бағытта кез келген басқа әрекеттер - шүбәлі және мүлде жеткіліксіз іс-шаралар.

Көктемде шабындықтардың былтырғы шөбі жаңа көк шөпке жол бергенде, бүл өсімдіктердің түбірлері миллиондаған жаңа өскіндерді шығаратындықтан орын алады. Уақытымызға қажетті ойларды жаңарту үшін тек қана бір жол ғана мүмкін: барлық адамдар өмір мәні туралы және әлем мәні туралы ойлауынан оларды шығарып, оз сенімдері мен мұраттарын жаңартуы тиіс.

Бірақ дүние бізге сезікті күйінде тән дүние және өмірлік пайымды - және ойлау арқасында ойлап айтылған өмір мен қызмет үшін күштің тұрақты және сенімді көзі болып келетін дүние және өмірлік көзқарасқа айналдырудың сәті түседі деуге кепілдік бар ма? Неге бұрынғы ұрпақтар бекер соғысқан нәрсені іске асыруға тиістіміз?

Тіпті егер жаңадан оянатын ойлау тек кемеліне жетпеген және қанағаттанарлықсыз дүниетануға әкелсе, онда үлкен күш-жігердің арқасында табылған осы дүниетану шындық сияқты дүниетанусыз жағдаймен немесе біз ойлау талаптарына қарамастан оның ішкі адамгершіліктеріне қарап қолдайтын қандай да болмасын беделді дүниетанумен салыстырғанда алға басу болып келеді, терең және адал жан қиярлықты бастан кешірмейді.

Шындыққа берік сенім және оны ашық ғибадат ету кез келген толық құнды рухани өмірдің басталуы болып келеді. Тіпті ең терең діни сезім ойлау шектерінен аспайды, түбірлене береді, тек қана жеткілікті түрде тереңге кетеді.

Өмір мәні туралы ойланудың өзі бағалы. Егер ол жаңадан бізге қол жетерлік болса, атаққұмарлық және құмарлықпен иландырған барлық мұраттар, көпшіліктің сенімінде жаппай таралатын қаскүнем арамшөптердей түбінде солады. Егер бәріміз күн сайын бірнеше минутты өзіміздің кешкі уақытымызды қоршаған ортамыз туралы ойлануға арнасақ, рәсімге қатысушылардың басқаларымен маңызды емес сөздермен алмасып, шексіз жұлдызды әлемге қарасақ, өлік шығарғанда өмір және өлімнің жұмбағы туралы ойға берілсек, табыттың ар жағында бейғам мерекелеудің орнына, адамдардың бүгінгі өмір жағдайы ұтқан болар еді. Қоғамдық пікірді қалыптастыратын және қоғамдық өмір оқиғаларына шешуші ықпалын тигізетіндердің есалаңдығымен және құмарлығымен иландырған мұраттар адамдарға билік етуін жоғалтқан болар еді. Адамдар ең болмаса шексіз және ақырғы, болмыс пен болмыссыздық туралы біршама ойланған болар еді және соның нәтижесінде нағыз және жалған, нақты бағалы және елесті нәрсе туралы талқының өздігінен тереңдеу өлшемін іздеп табар еді. Ертедегі раввиндері, егер тек қана күллі Израиль сенбіні барынша сақтаса, Қудай патшалығы басталады деп оқытқан. Тек қана бізге әлем және өмірдің мәні туралы бірнәрсені ойға қалудың қайсыбір ұқсасын ең болмаса оған қарама-қарсы қоюға сәті түссе, қазір барлық адамзатты ораған әділетсіздік, зорлық-зомбылық және өтіріктің өзінің қиратқыш күшінен айрылады деп айтқан дұрыс болар еді!

Бірақ әрекеттерді аңсауымыз ақталуы және сондай ойланумен игіленуі үшін өмір мәні туралы ойға қалуға адамдарды итермелеу және талап ету қауіпті ме? Соның нәтижесінде осы орны толымсыз нәрсені - әрекеттердің өздерінен туындайтын тіршілік белсенділігін жоғалтып алмаймыз ба.

Өмір мәні туралы ойға қалудың қыспағы арқылы өте отырып әрекеттерді аңсауымыз қаншалықты күшті немесе әлсіз болады деген сұрақ тіпті ең басты мәселе ретінде қойылатын шешуші сұрақ болмайды. Өйткені онда тек өмірімізге бере алатын мәнге бағынышты ақылға қонымды әрі орынды нәрсе. Әрекеттің сандық жағы емес, сапалық жағы шешуші болып келеді. Қызметке ерігіміз өзін ұғынуға келуі және соқырлықтан арылуы маңызды.

Бірақ, бәлкім, біз танымсыздық тұйығына кіріп, бізге әлемге және өмірге қайсыбір мәнді беру қолымыздан келетінін амалсыздан ұғына алатын шығармыз...

Жолға шыққанда ойлау бәріне, соның ішінде танымсыздық тұйығына кіру мүмкіндігіне дайын болуы тиіс. Бірақ тіпті егер әрекетке ерігімізге әлем және өмірдің мәнінің танымсыздығына шексіз және сәтсіз ұшырау бұйырғанда, бұл бейғамдық летаргиясынан гөрі ол үшін ащы көңіл қалу болады. Өйткені осы көңіл қайтудың өзі тазарту және игілендіруді білдіреді.

Әзірге ондай көңіл-күйге берілудің ешқандай керегі жоқ. Біз дүние және өмірлік пайымдауды - өзіміздегі қажетті және бағалы нәрсе ретінде бастан кешіреміз. Демек, ойлауда оны негіздеуге болады деп болжануы мүмкін. Осы өмірге ерігімізде ол өмірдің мәніне жетуі тиіс. Дүние және өмірлік пайымдауды білдіретін дүниетану іргетасын осы уақытқа дейін істеуге тырысқандай қалаудың жөні бар екенін естен шығарып тастауға болмайды. Бұрынғы ойлау әлем мәнінен өмір мәнін алып шығуға ниеттенген. Бізге әлем мәні туралы сұрақты шешілмеген күйінде қалдырып, өмірде ерігімізде қаланғаннан өміріміздің мәнін алып шығуға тура келетіне әбден мүмкін.

Біздің мақсатқа ұмтылуымыз алда тұрған жол мейлі, көрінбесе де, — қозғалысымыздың бағыты анық. Барлығымыз өмір мәнін ойланып қалуға және дүние мен өмірлік пайымдау дүниетануды жасау үшін бірлесіп күресуге тиіспіз, онда біз үшін соншалықты қажетті және бағалы қызметті аңсауымыз өз ақтауы мен түсіндірмені, оз бағдарларын алады және шынығады, тереңдейді және игілікке айналады, нағыз адамшылықтың рухына иланған мәдениеттің ақырғы мұраттарын шығару және жүзеге асыру қабілетіне ие болады.

Швейцер А. Благоговение перед жизнью

// Упадок и возрождение культуры. Философия культуры.

Часть первая. М.: Прогресс, 1992. С. 44-79


author

Альберт Швейцер

ФИЛОСОФ

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...