Постмодернизм ұғымы нені білдіреді?

ТАНЫМ
10765

(Талдау жасау)

Өкінішке орай, қазіргі кезде ең жиі қолданылып жүрген постмодернизм ұғымының нақты анықтамасы жоқ. Əңгіме оның мағынасының кеңдігінде, немесе көпқырлылығында жəне таңдаулылығында ғана емес. Постмодернизм ХХ ғасырдың соңындағы мəдениеттің салаларында, өнерде, философияда, ғылымда, саясатта болып жатқан құбылыстардың кең шеңберімен байланысты. Осының өзі оны түсіндіруге қиындық тудырады. Басты проблема постмодернизмнің мəні туралы нақты түсініктің болмауы, əрі айқын, əрі адамды баурап алатын, теледидардан, кинода жиі естілетін, журналдарда, көркем əдебиеттерде кездесіп қалатын осы сөздің (постмодернизм) тасасында нендей мағына жатыр деген сауалдардың туындауында. Көптеген осы терминді қолданып жүргендер оның мəнісін дұрыстап түсіндіріп бере алар ма екен, түсіндіре алған күннің өзінде олардың əрқайсысы осы ұғымның мағынасын өздеріне лайықтап түсіндіруге тырысады. Мынандай парадоксалдық жағдай туындайды, «постмодернизм деп жазып, іліп қойған плакаттың астында спектакльдер қойып, өлеңдер жазуға ғана болмайды, сондай-ақ, құймақ пісіруге, əлем-жəлем киінуге, сүйісуге жəне керісуге, сонымен қатар əлемдік мəдениеттің қойнауынан кез келген өзің ұнаған авторды алып пір тұтуыңа болады» [1].

Постмодернизм модаға айналды, жəне оны өзіңе пір тұтуда, мінеп-сынауда модаға айналды. Осының екеуі де тепе-тең жағдайда постмодернизмнің нақты анықтамасының жоқтығын жеңілдітеді. Соған қарамастан, постмодернизм проблемасы ғылыми ортадағы көптеген жылдар бойы, яғни кем дегенде жиырма жыл бойы ең көп талқыланатын проблемалардың бірі. Сондықтан постмодернизм терминінің шығу тарихын, мəндік сипаттамасын, қазіргі кезеңдегі мəдениеттің қалыптасуында алатын ролін түсіндіру өте маңызды болып табылады.

Осы аталған қарапайым емес ұғымды түсундірудің қайнар көзі мына анықтама болып табылады: потсмодернизм – белгілі бір даму деңгейіне жеткен қоғамның негізгі тенденцияларын, бағдар-бағытын білдіретін дүниеге көзқарас. Сондай-ақ бұл көқарас белгілі-бір бірыңғай теорияға немесе ілімге сəйкес келмейді, оны білімнің алуан түрлі саласын қамтитын, түрлі ыңғайлар мен көзқарастардың ауқымды спектрі ретінде қарастыру керек. Дегенмен де осыған қарамастан оларды біріктіретін, ортақ бір нəрсе бар деп ойлау керек.  Нақты бір дəуірдің кез келген интеллектуалдық іс-қызметінің негізінде жатқан жалпылықты «уақыт рухы» деп атау дəстүрге айналған. 

Постмодернизм комплекстік (кешендік) идеялық ағым ретінде осы уақыт рухының квитэссенциясын білдіреді, қалай болғанда да, ол (постмодернизм) бүгінгі күннің рухани ақуалын бейнелеп көрсетеді. Постмодернизмнің басты ерекше белгісі бірден бір дұрыс деп есептелетін, жалпы теорияның көмегі арқылы əлемді бір тұтас бөлінбейтін деп қарастыруға мүмкіндік бермейтіндігі.

Постмодернизм деп əдебиеттегі, архитектурадағы, ғылымдағы т.б. жеке бір ағым деп түсінуге болмайды, керісінше «постмодерн» деген атау алған нақты бір дəуірдің көзқарасын білдіретін жалпы көрінісі. Ереже бойынша, осы екі ұғымды ажырата білу керек деу қабылданған [2] – «постмодерн» «модерннен» кейінгі келетін дəуірді білдіреді; ал «постмодернизм», осы тарихи кезеңдегі мəдениетті білдіреді.

«Постмодерн» жəне «постмодернизм» терминдері «пост» деген жалғаудың көмегі арқылы пайда болды. «Пост» жалғауының мəндік мазмұнын дұрыс түсіну постмодернизмнің мəнін ашып түсіндіруде маңызды орын алады. «Постмодернизм» ұғымы жайдан-жай пайда болған жоқ, сондықтан терминологиялық қиындықтар аяқталмайды. Оның мəнін нақтылаудың қиындығы «модерн» туралы трактовкалардың көптігінде. Сондай-ақ, модерн жəне модернизм ұғымдарының астарында не жатқанын білу тікелей постмодерн жəне постмодернизм ұғымдарын қалай түсінетіндігімізге байланысты. Осыған байланысты «модерн» ұғымының негзгі мəндік мағынасын қарастырамыз. Ең алдымен, modern сөзі «қазіргі кезең» деген мағынаны білдіреді. Оның екі мəндік мағынасы бар: біріншісі қазіргі кезең «қазіргі кезең талабына сай», екіншісі модернге, яғни модернизмге. Өз кезегінде «модерн» терминімен мəдени құбылыстардың ауқымды тобы белгіленеді. Тар мағынада, «модерн» ұғымы деп ХІХ ғ. – ХХ ғ. басындағы көркем-əдебиеттік қозғалыс түсінілді. Ал кең мағынада «модерн» ұғымы Жаңа заман (Modernity) деп аталған белгілі бір дəуірге сəйкес келген тарихи кезеңді айқындайды. Бұл дəуір Антикалық жəне Ортағасыр дəуірінен кейін келді. Осы екі дəуірдің жиынтығы «Pre-modernity» (предмодерн) деп аталады. 

Модерн тарихи дəуір ретінде модернизм деп аталған ерекше философиялық жəне ғылыми көзқараспен сипатталады. Өкілдері - Бэкон, Декарт, Ньютон, Гегель, Маркс жəне т.б. Бұл көзқарастың негізгі идеясы - адамның ақыл-ойының əлемді нақты объективті заңдылықтарға бағынатын, біртұтас жүйе деп қарастыруға мүмкіндігіне деген сенім, сондай-ақ, табиғат пен қоғамның негізгі заңдылықтарын табу тарихи прогресске əсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге əлемді соған сəйкес қайта құруға мүмкіндік береді деген сенім.

Осылайша, модернизм өзінің теоретикалық құрылымында адам абсолюттік білімге жете алады, сөйтіп ол оны жүзеге асыра алады дегенді білдіреді. Осы жерде мынаны атап өту керек: бұл қағида Жана Заманнан бұрын пайда болды, бұл кезеңде аталған қағида теоретикалық жəне практикалық қолданысққа толық енген болатын. Осы факторды естен шығармауымыз керек, себебі осы түсінікке көп нəрсе байланысты. Атап айтқанда: «постмодернизм» дегеніміз не: «модерннен» кейін келген нақты тарихи кезеңнің ақуалы ма, немесе, идеялық ағым ба?

«Модерннің» мəндік сипаттамасын айқындайтын тағы бір маңызды факторды атап өткен жөн. Модерн нақты бір тарихи дəуір ғана емес, - ол тарихты төменгі фоормадан жоғарғы формаға қарай өрлейтін процесс ретінде қарастыратын нақты дүниетанымдық позиция. Бұл позиция бойынша, дамудың жаңа сатысы өткенді басып озып, керек болса жоққа шығаруы керек. «modern» сөзі латынның – modo «жуырда» деген сөзінен туындайды. Осылайша модерн дегеніміз жаңаға бағытталған, өткеннің «адасуын» тузеуге тиіс, болашақ қоғамның фундаменті бола алатын дəуір деп қорытынды жасай аламыз.

«Модерн» терминінің мағынасын талдауды аяқтай келе, оны талдаудың тағы бір нұсқасына тоқтала кеткен жөн. П.Козловски «модерн» ұғымының талдаудың нұсқасы көп,- деп есептейді. Дегенмен де, «модерн» ұғымының мазмұнының жинақталған түсіндірмесін беруге тырысып көрелік. Модернді жеке бір тарихи кезең деп қарастыруға болмайды, оны өзінің бастауын Ежелгі Грециядан алатын, христиандық дəуірден өтетін, сөйтіп толық көрінісін Жаңа Заманнан табатын тарихи жоба деп қарастырған жөн. Осы тарихи, яғни дүниетанымдық жүйені Хабермас айтқандай, «модерннің жобасы» деп айтуға болады.Оның мынандай сипатты белгілері бар:

- шындықтың алуантүрлілігін бірыңғай негізден шығаратын əлемнің универсальдық бейнесін жасауға ұмтылу;

- осы негіздер туралы адамның ақылойының абсолюттік білімге қол жеткізе алатындығына сенім білдіру;

- осы білімді шын мəнінде толығынан жүзеге асыруға ұмтылу;

- осындай жүзеге асыру адам бағытын ұлғайтуға əсер етеді деген сенім;

- адамзат дамуының біртіндеп дамитындығына деген сенімділік, бұл жерде қазіргі өткен дəуірден, ал болашақ бүгінгіден үстем болады.

Модернді тарихи жоба деп қарастыру көптеген проблемаларды шешуге көмектеседі жəне бұл ұғымның мағынасының көп мағыналылығын көрсетеді. Сондай-ақ, модернді осылайша түсіну, модернистік тенденциялармен қатар антимодернистік түсініктердің бар екенін білдіреді. Мысалы, Жаңа Заманда модернистік көзқарас үстем болған тұста де Сад, Ницше, Джойс т.б, фигураларды өмірге əкелді. Енді постмодернистік дүниеге көзқарас қашан пайда болды, «модерн» мен «постмодерн» дəуірлерінің хронологиялық шегі қайда деген сауалдаға жауап іздестіріп көрелік.

Зерттеушілердің ешқайсысы да, «модерн» қашан өткен кезеңге айналды, ал «постмодерн» өзінің құқығына қашан ие болды деген сауалдарға нақты жауап бере алмайды. Бұл қиындықтың алғашқысы – ол «постмодерн» терминінің қашан пайда болуына байланысты. Əңгіме «постмодерн» ұғымы оның пайда осы дəуірде пайда болды деген дəуірінен бұрын пайда болды, бірақ ол кезде бұл термин əлі де бүгінгі күнгі мағынасына ие бола қойған жоқ еді. Солай бола тұра бұл кезең «постмодерн» деген ұғымды қолдана бастаған кезеңнен басталады. Бұл ойды түсіндіре кетелік. А.В.Гулыга «постмодерн» терминін 1917 жылы неміс философы Рудольф Панвиц қолданған дейді. Р.Панвиц бұл терминді европа мəдениетінің құлдырауын болдырмауға ұмтылған жаңа адамдардың дəуірін анықтау үшін қолданған. Бұл тұрғыдан біз Ницшенің «жоғарыадам» идеясын ғана кездестіреміз. «Постмодерн» ұғымдарын 1934 жылы Фредерико де Ониз жəне 1939 жылы Арнольд Тойнби қолданған [3].Кейінірек бұл терминді біз АҚШ-да 60-жылдары əдебиеттегі талас-пікірлердің барысында кездестіреміз. Бұл кезеңде «постмодерн» авангардық əдебиеттің дағдарыстық хал-ақуалы бейнеленді. Кейіннен оған оң мəн-мағына беріліп, дағдарыстан алып шығады деп үміт артты.

Осы кезде «постмодерн» деп жаңа арихитектуралық стильдерді, адамдардың тек қана жақсы өмірге ұмтылуларын ғана емес, сондай-ақ көзге түсуге ұмтылуларын, эстетикалық лəззат алуға ұмтылуларын да айтты. Жоғарыда атап өткеніміздей, «постмодерн» жəне «постмодернизм» терминдері бүгінгі күнгі мəндік мағынасына бірден ие болған жоқ. 70-ші жылдардың соңы – 80-ші жылдардың басында бұл теминдермен бір дəуірдің көзқарастары анықталған жоқ, жеке мəдени құбылыстар мен уақиғалар анықталды. Сондықтан бұл термин философияның қарастыратын терминдерінің қатарында болған жоқ. «Постмодернизм» ұғымы философиялық ұғым ретіндегі статусқа (мəртебеге) 1979 Ж.-Ф. Лиотардың «Состояние постмодерна» деген еңбегі жарыққа шыққаннан кейін ие болды. «Постмодернизм термині «уақыт рухын» бейнелеп көрсететін термин ретінде қолданылды. Өзінің шығармасында алдына қойған мақсатын айта келе Лиотар былай дейді: «Бұл зерттеудің пəні қазіргі кезеңдегі анағұрлым дамыған қоғамдардың білімінің қалақуалын зерттеу. Біз оны «постмодерн» деп атауды жөн көрдік. Бұл сөз... трансформациядан кейінгі мəдениеттің хал-ақуалын бейнелеп көрсетеді [4]. Постмодерн дəуірін сипаттай келе, Лиотар оны қалыптасқан факт деп қарастырады.

Постмодернистік дəуірдің өзінің құқына ие болуы біртіндеп, байқалмай өтетін процесс ретінде қарастырылды. «Постмодерн радикалды, айқын белгіленген хронологиялық уақиға емес. Уақыт жағынан ол 60-жылдардың аяғында басталып», бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.

Бұл жерде постмодернизмді қандайда бір нақты дəуірмен байланыстыруға болмайды, өйткені постмодернистік көзқарастарды оның пайда болған күніне дейін-ақ кездестіруге болады. Мысалы, постмодернизмнің көрнекті өкілі Умберто Эко «постмодернизм арнайы белгіленген хронологиялық құбылыс емес, ол рухани хал-ақуал...Бұл тұрғыдан қарағанда деп жалғастырады ол өз ойын, - əр дəуірдің өзінің постмодернизмі бар деген фраза дұрыс» [5].

Эконың позициясына Н.С.Автономованың көзқарасы жақын келеді. Ол постмодернизмді батыс мəдениетінде кезең сайын қайталанып отыратын əлденендей жаңалықтың нышаны ретінде баға береді (6).Эконың «əр дəуірдің өз постмодернизмі бар»деген сөзін тасымалды түрде қараған жөн. Əсіресе өткен «постмодернизмдер» оқшауланған болды. Ал қазіргі кезеңдегі постмодернизм жаһандық сипат алып отыр, сондықтан жақшаның қажеті жоқ [7].

Оның жаһандық сипат алуы ХХ-шы ғасырдың соңы батыстық өркениетте – постмодерн дəуірінің басталған кезеңі. Басты тарихи уақиғаға постмодерндік мəдениеттің қалыптаса бастаған кезеңін жатқызуға болады. Бұл өзгерістер экономикасы дамыған елдерде алпысыншы жылдардың екінші жартысында басталды жəне оған индустриалдық қоғамнан постиндустриальдық қоғамға немесе ақпараттық қоғамға көшуге өтудің басталуы деп сипаттама беруге болады. Міне нақ осы кезеңде постмодерндік кезеңнің базисін құраған электрондық технологияның ең озық түрлері дами бастайды. Постмодерннің пайда болуы постиндустриалдық немесе ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тығыз байланысты. 60-70-жж. Бұл қоғамның теориясының негізін салушылар Д.Белл, Д.Рисман, А.Тоффлер, З.Бзежинский, т.б.Осылайша постмодернизм қазіргі кезеңнің технотрендік сипатын айқындайды жəне оны өзінің категорияларына енгізіп, түсіндіруге тырысады, мəні бойынша, ақпараттық қоғамның дүниеге көзқарасы ретінде қарастырады. 

60-шы жылдардың соңының постмодернизмнің пайда болуының кезеңі делінуіне Маркстің жобасынан бастап, Маркузенің жобасымен аяқталған «ұлы тарихи жобаларды» күштеп қайта құру мүмкіндігіне деген түпкілікті түңілу себеп болды. Бұл оқиғаның шырқау шегі 1968 жылы болған əлеуметтік-саяси оқиғалар болды. Бұл кезеңдегі ерекше маңызды орынды Францияда май (мамыр) айында болған қоғамды революциялық жолмен қайта құруды талап еткен солшыл радикаль күштердің толқулары алды. «1968 жылдың мамыры (майы)» француз философтарының ортасында үлкен резонанс тудырды, олар бұл оқиғаны бүкіл батыс қоғамының дағдарысының көрінісі деп бағалады. 1968 жылы солшыл радикаль күштердің жеңіліске ұщырауы «модернистік сценарий» бойынша қоғамды өзгерту мүмкіндігіне деген түңілудің салдары еді. Осылайша, «1968 жылдың мамырын» постмодернистік дүниеге көзқарастың қалыптасуының бастауын білдіретін шартты шебі деп есептеуге болады. Сонымен бірге осы уақиғаға байланысты постмодернизмнің философиялық базасын жасаған тəуелсіз идеялық ағым постструктурализм пайда болды. Сондай-ақ, 1968 жылдың Францияда «жаңа философтардың» мектебінің пайда болғанын да атап өткен жөн.

Постмодерннің қалыптасуы тек қоғамдағы əлеуметтік-саяси процесстермен ғана байланысты емес. Дəуірлердің алмасуының индикаторы əрқашанда өнердегі жаңа ағымдардың пайда болуы екені мəлім. «Тек қана рухани мəдениетте - деп атап көрсетеді Л.Зыбайлов жəне В.Шапинский, - постмодернистік ментальдықтың модельдері қалыптаса бастайды жəне олар өздерін өнерде көрсете бастайды...» [8].

60-шы жылдардың екінші жартысы шығармашылық іс-қызметте батыс қоғамында постмодернистік трансформациялық процесстің басталғаны байқала бастады. Ол əсіресе əдебиет саласынан көріне бастайды. 60-шы жылдары Владимир Набоков, Джон Барт, Томас Пирчон, т.б. авторлар бір-бірінен тəуелсіз рухы жағынан жақын əдеби шығармалар жаза бастайды. Олардың кітабын туыстырған ерекше «жазу стилі» еді. Оның сипатты белгілері: жанрлардың араласуы, алдын-ала белгіленген құрылымның, сілтемелердің, иронияның жоқтығы. Осы ерекше стильді постмодернизмнің əдебиетте пайда болуы деп есептеу қабылданған. Постмодернистік тенденциялар сондай-ақ осы кезеңде архитектурада байқала бастайды. 60-шы жылдардың соңында постмодерн тəуелсіз стиль ретінде бекіді.

Постмодернизмнің ғылымда қалай көрініс бергеніне соқпай кетуге болмайды. Постмодернисттікке өзінің рухы жағынан Илья Пригожиннің əлемнің тұрақсыздығы туралы гипотезасы жақын. Пригожиннің көзқарасы жаратылыстану саласындағы дəстүрлі ыңғайларды түбірінен қайта қарастырған озіндікұйымдастыру (синергетика) теориясының негізін қалады.

Қоғам мен мəдениеттегі өзгерістер философияның назарынан тыс қала алмады. Францияда постструктурализм деген атау алған жаңа идеялық ағым пайда болады. Постструктурализм идеялары Жак Дерридтің еңбектерінен айқын көрінеді. Жак Деррид поструктурализмнің философиялық базисін салып қана қойған жоқ, ол сонымен бірге ол постмодернизмнің де негізін салды. Дерридтің концепциясының негізгі ұғымы деконструкция болып табылады.

Сол кезеңдегі философияның хал-ақуалын дағдарыстағы жағдайда деп бағалаған ол, - одан шығудың жолы деконструкцияда деп есептейді. Бұл ұғым бойынша философиялық ойлаудың жиегін кеңейтуге болады. Осы əдістің негіздерін ол өзінің 1967 жылы жарыққа шыққан «О грамматологии» деген еңбегінде атап көрсетеді. Постмодернизмнің пайда болу мəселесіне қайта орала отырып, мынаны атап өтеміз: постструктурализм постмодернизм философиясынан он жыл бұрын пайда болса да, ол (постструктурализм) өзінің рухы, идеялық бағыты жəне методологиясы жағынан постмодернистік дүниеге көзқарастың версиясы болып табылады. Постмодернизм философиялық ағым ретінде постструктурализмнен туындайды жəне онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол екеуінің шегін бөліп көрсету қиынға түседі. Осылайша, постструктурализмді постмодернизм философиясының алғашқы негізін салушы кезең ретінде түсінуге болады.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мынандай тұжырым жасауға болады: постмодернизмнің қашан пайда болғандығы туралы хронологиялық белгісіздік постмодернизм ұғымын түсіндіруге қиындық туғызады. Тағы бір қиындық постмодернизм бірыңғай, біртұтас теория емес. Тек философия саласының өзінде постмодернизм көптеген идеялық ағымдарды қамтиды. Олардың ішінен Дерридтің, Фуконың, Делездің, Барттың постструктурализмімен қатар, француз «жаңа философиясын» да, сондай-ақ тікелей постмодернизмнің өкілдері Лиотар, Бодрийяр, Джеймсон т.б. зерттеулерін де кездестіруге болады.

Постмодернизмнің нұсқаларының санының көптігі бұл құбылыстың пайда болуы туралы бірыңғай тұжырым жасауға қиындық əкеледі. В.Новиков, былай деп атап көрсетеді: постмодернизмнің нұсқасының көптігін университеттердің санының көптігімен, одан əрі оларда жұмыс істейтін профессор-оқытушылардың санымен салыстыруға болады [9]. Осындай жағдай постмодернизм деген не деген сауалға жауап беруге қиындық тудырып отыр.

Постмодернизм туралы алуантүрлі түсіндірмелерімізді қорытындылай келіп, осы ұғымның мəнін анықтауға тырысып көреміз. Постмодернизм - ХХ ғасырдың соңында пайда болған ерекше дүниегекөзқарас деп түсінуіміз керек. Оның басты ерекше белгісі плюрализм, яғни бірмезгілде алуан түрлі көзқарастардың болатындығымен келісуіміз керек. Егер де, постмодернизмді билософиядағы бағыт, немесе басқаша айтсақ, постмодернистік философия деп сөз ететін болсақ, онда постмодернизм деп, - ХХ-шы ғасырдың соңында кең етек алған алуантүрлі теориялардың жиынтығы постмодернистік дүниегекөзқарасты айтамыз. Бұл теориялар өздерінің алдына мына төмендегідей міндеттерді қояды:

• классикалық рационализм принциптерімен метафизикалық ойлаудың дəстүрлі бағыттарын сынау;

• қазіргі қоғамда болып жатқан процесстерді түсіндіру;

• модернистік жобалардың енуіне салдар болған, ХХ ғ.мəдениетте дағдарыстық құбылыстарды жеңуге қабілетті дүниеге көзқарастың жаңа негіздерін жасау. 

Постмодернизм туралы шолуымызды аяқтай келе, бұл феноменнің қарама-қайшылығын ескере отырып,оған анықтама беруде шектен шықпауды ескерген жөн. Постмодернизмнен қорқудың қажеті жоқ, оған байланыстының бəрін қара деп, немесе бəрін күлгін түсте қабылдаудың да қажеті жоқ. Постмодернизмді «арыстан басты, айдаһар құйрықты, ешкі денелі», яғни үйлеспейтіндерді үйлестіретін дүние ретінде қарастырудың да қажеті жоқ. Керісінше, қазіргі кезеңдегі фантастикалық күрделі қоғамда өтіп жатқан, əдеттегі процесстердің шеңберіне сейкес келе бермесе де шындықтың бейнесі деп ұғыну керек.

Әдебиеттер тізімі

1. Вайнштейн О.Б. Постмодернизм история или язык.// Вопр.философии. 1993.№ 3-7.

2. Козловски П. Современность постмодерна//Вопросы философии. 1995. № 10.с.87.  82 ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 2 (37). 2011

3. Пантин В.И. Ритм общественного развития и переход к постмодерну// Вопр.философии. 1998. № 7. с.3.

4. Лиотар Ж-Ф. Состояние постмодерна. М.,1988. с.9.

5. Эко У. Заметки на полях «Имени розы». М.,1997, с.635.

6. Автономова Н.С. Возвращаясь к азам// Вопр. философии. 1993. № 3.с.17-23.

7. Затонский Д. Постмодернизм в историческом интерьере//Вопр.философии. 1996. № 3, с.197.

8. Зыбайлов Л.К., Шапинский В.А. Постмодернизм. М.,1993, с.4.

Б.Х. Хамзеева, 

Ж.Н. Қазиева

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...