ПИРИ РЕЙСТІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ӘЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН ҚҰПИЯ ҚАЛУДА 1513 және 1528 жылы сызылған дүние жүзіл...
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ҚАШАН АЯҚТАЛДЫ?
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Совет Одағына басып кірді. Кеңес тарихшыларының айтуынша сол күні Ұлы Отан соғысы басталды. Адольф Гитлер сәл ертерек қимылдады. Егер екі аптаға кешіккенде 1941 жылы 6 шілдеде Кеңес Одағы Германияға басып кіру үшін «Гром» жоспарын жасап қойған еді. Сталиннің соғыс қимылдарын жау аумағында жүргіземіз деген сенімі соншалықты қорғаныс амалдары жасалмай, тек шабуылдық мақсаттар үшін әрекеттенгені енді ғана белгілі болып жатыр. Сол үшін шекараға таяу маңдарға орасан көлемде танктер мен самолеттер, оларға қажетті жанар және жағармай, жауынгерлік күштер жеткізіліп қойылған.Шабуылдың тұтқиылдан болғаны сондай, алғашқы тәулікте-ақ Қызыл Армия әскери әуе күштері аэродромдардың бомбалануы мен басып алынуынан 1200 самолетінен айырылған. Орыс қолбасшыларының қателігі мен сауатсыздығы салдарынан соғыстың екі айында бес миллион қызыл әскердің 4,5 миллионы қоршауда қалып тұтқынға түскен. Екі миллион орыс коллаборционисі немістер жағына өтіп Мәскеуге шабуылға қатысқан. Германияға басып кіру мақсатымен шекараға жеткізіліп қойылған жанармай қоры немістердің бір жыл бойы емін-еркін соғыс қимылдарын жүргізуін қамтамасыз еткен.Екінші жаһан соғысында Германия 8,3 млн адамынан айырылса, КСРО 47 млн (!!!) адамын құрбан еткен. Бір фашисті өлтіру үшін кеңестік 8 адамның өмірі қиылған.
1944 жылы 26 наурызда кеңес әскері кеңестік шекарасын қалпына келтірді. Сол күні Ұлы Отан соғысы аяқталды.
Ары қарай Шығыс Еуропаны фашистерден азат ету жолындағы Екінші жаһан шайқастары жалғасып жатты. Екінші жаһан соғысында немістерге қарсы 56 мемлекет шайқасса да орыстар Жеңіс күнін меншіктеніп кетті