Youtube видеохостингі ең алғашқы видео

ТАРИХ
3304

Бүгінгі таңда ең көп қолданушысы бар видеохостинг — YouTube. YouTube видеохостингі 2005 жылы 15 ақпанда құрылды. Оны PayPal компаниясында жұмыс істеп, сол жерде танысқан үш кісі: Стивен Чен, Джавед Карим, Чад Хёрли құрған. Ол кездегі мақсаты компаниядан жинаған бонусының нәтижесін YouTube арқылы анықтау еді.

Youtube – Жер шарындағы ең ауқымды бейнематериалдардың кешені. Мұнда кез-келген адам өзінің туындысын (видеоматериал), идеяларын бүкіл әлемгепаш ете алады. Қазір үйде отырып-ақ ақша тауып, атаққа ие болып жатқандар саны артуда. Жыл сайын қараушылар саны 40%-ға көбейіп отыратын Youtube-қа алғашқы салынған видео «Мен хайуанаттар бағындамын» деп аталады. Ол 2005 жылы 23 сәуірде салынған.

Youtube тарихындағы алғашқы салынған видео "Мен хайуанаттар бағындамын" деп аталады. Ол 2005 жылы 23 сәуірде салынған;
 

Бейнежазбаны Джавед Карим жүктеді. Ол Сан-Диего саябағында түсірілген, 18 секундтық әуесқой видео. Мұнда жай ғана пілдер туралы айтылады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...