Былтыр 7 мыңнан астам тарихи құжат елге әкелінген

ТАРИХ
3069



Өткен жылы тарихи құжаттарды түгендеу мақсатында мамандар шет елдерден Қазақстанға 7 мыңнан астам құжат әкелді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Асхат Оралов айтты.

«Ғылыми-реставрациялық жұмыстар мен археологиялық зерттеулердің үздіксіз жүргізілуінің арқасында музей қорлары тұрақты түрде жаңа экспонаттармен толығып келеді. Мысалы, былтырдың өзінде 18 археологиялық зерттеу жасалған, 30-ға жуық ескерткіш қайта жөнделді. Оған қоса, архившілер тарихи құжаттарды түгендеу мақсатымен өткен жылы елімізге 7 мыңнан астам құжатты шет елдерден әкелді. Ол құжаттарда арғы-бергі тарихымыздан сыр шертетін құнды деректер жеткілікті екені анық», - деп тоқталды Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

inform.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайда өткен WTA 500 санатындағы турнирде екінші рет жеңіске ж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды облысында SHACMAN маркалы самосвал мен Алматы – Петропавл бағытындағы жолаушылар пой...