Ұлттық және әлемдік классика һәм заманауи драматургиялық шығармалар мен балаларға арналған с...
Айзат Қадыралиева. "Самғау" фестивальінен соңғы ой
Фестивальге қатысатын спектакльдерден гөрі, оларға берілетін номинациялардың көптігі мені жиі таңқалдыратын. Лайықты болмаса да беру керек екен, себебі ол алдын ала бекітіліп қойған, бөлініп қойған (номинацияларды айтам және әрине арасында алушыларда). Содан ол фестивальден бәрі бірдеңе алып қайтады. Сосын олар «бәлен фестивальден мынандай номинация алдық, лауреат атандық» деп, жүрген жерінде жарнамалап, жалаулатып жүреді.
Ал күні кеше өткен «Самғау» фестивалінен номинация тұрмақ орындарды да алып тастапты. Біз негізі өте қызықпыз, жалпы бір түрліміз, не мөлшерден тыс марапаттап жібереміз, не мүлдем алып тастаймыз. Ортасы жоқ. Қаптаған номинацияларды алып тастағанын жөн көрдік, бірақ орындардың қалғаны дұрыс еді-ау. Фестиваль - жарыс.
Әр театр, әр режиссер өзіне тәуір көрінген дүниесін көптің талқылауына түсіреді. Бәйгеге түскен қойылымдарға қызу пікір-талас жүргенде ғана олардың қою-сұйылығы анықтала түседі. Әрине, жүлделі орынға бәрі дәмелі, бірақ жарысқа түскендердің бәріне жамбас бұйыра бермейтіні рас.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген нақылдан аттап кетпес үшін, соңында «кімдікі күшті» соған орын беру керек деп ойлаймын. Өнер – жарыс деп жар салған соң, ол қашанда озғандікі болу керек шығар.
Айзат Қадыралива