Экс-министр Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан марқұм Салтанат Нүкенованың анасы қызы жайында жантебір...
«Алатау» дәстүрлі өнер театрында ғылыми конференция өтті
Күні кеше, 31 мамырда, Қазағымның атадан балаға мұра болған аманаты дәстүрлі өнерімізді дәріптеп, зерттеп, барынша ұлықтап жүрген «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Жаңа Қазақстандағы дәстүрлі өнердің театр сахнасындағы даму үдерісі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Тамыры терең, тәрбиелік мәні зор салт – дәстүрімізді, дәстүрлі өнерімізді жетілдіріп, дамытып өркендету қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі. Осы тұрғыда ұйымдастырылған конференцияда дәстүрлі өнерімізді дамыту жайлы керемет пікірлер айтылып, дамытудың жаңаша жолдары мен бағыттары қарастырылып, біршама ұсыныстар жасалды.
Конференция модераторы – айтыскер ақын, Мәдениет саласының үздігі, «Алатау» дәстүрлі өнер театры директоры Ринат Рифхатұлы Заитов болды. Алқалы жиында :
- Мәдениет саласының үздігі,«Алатау» дәстүрлі өнер театрының көркемдік жетекшісі- Жұлдызбек ЖҰМАНБАЙ,
- М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры, өнертану кандидаты, профессор - Еркін ЖУАСБЕК,
- Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Рухани жаңғыру жобалық кеңсесі директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, профессор- Берік ЖҮСІПОВ,
-өнертану докторы, театртанушы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры- Бақыт НҰРПЕЙІС,
-әнші, өнертанушы, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының редакторы- Ерлан ТӨЛЕУТАЙ,
-ақын,Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары – Бақыт БЕДЕЛХАН,
- М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты- Аманкелді МҰҚАН,
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Еркін ШҮКІМАН,
- М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Музыкатану бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты, қауымдастырылған профессор- Айнұр ҚАЗТУҒАНОВА баяндама жасады.
Ауқымды жиыннан кейін қонақтар театр қымызханасында ұйымдастырылған Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығының «Қазақтың дәстүрлі музыка өнерін қалыптастырған ұлы тұлғалардың домбыралары» атты көрмесін тамашалап, берекелі дастарханнан дәм татып, 31- мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай қойылған «Кез болған соң кер заман» музыкалық қойылымын көріп, қимастықпен тарқасты.
Разида Тоқтарбекқызы «Алатау» дәстүрлі өнер театры, Ақпарат және маркетинг қызметін дамыту бөлімінің редакторы