Салтамның жаны жәннатта»: Салтанат Нүкенованың анасы қызына арнап жантебірентерлік жазба жариялады

𝙺𝚞𝚗.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
5357

Экс-министр Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан марқұм Салтанат Нүкенованың анасы қызы жайында жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол қызына деген сағынышын жазып, өздерін әлі күнге дейін қолдап келе жатқандарға алғысын білдірді.

«Мен осы айлар бойы қызымның есімімен ұйықтап, оянып жүрмін. Салта әрқашанда менің ойымда және денемнің әр бөлшегінде өмір сүріп жатыр. Бізден үйіміздің жаны мен күнін тартып алды. Кеудедегі ауырлық қалған өмірімнің соңына дейін қала бермек. Астанада балаларынан айырылып қалған аналармен болған кездесуден соң менің Салтамның жаны жәннатта екеніне тағы да көзім жетті. Жеп-жеңіл көйлек киген ол біздің әкесі және маған, ағасына ары қарай да өмір сүруімізге сол жақтан көмектесіп тұрады. Кездесулерде адамдар қасыма келіп құшақтап біздің отбасымызды және Салтаны жақсы көретіндерін айтады. Сіздердің қолдауларыңызға алғысымды білдіремін. Әлі күнге дейін қолдап келесіздер», - деп жазды анасы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...