Сенат депутаты Андрей Лукин АЭС-ті Семей полигоны аймағына салуды ұсынды, деп хабарлайды madeni...
Алматыда Халық қаһарманы Роза Бағланованың ескерткіші ашылды
Алматыда КСРО Халық әртісі, белгілі опера әншісі Роза Бағлановаға ескерткіш ашылды. Төле би көшесі мен Қалдаяқов көшесінің қиылысы, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ғимаратының алдында орнатылды. Ескерткішті қала әкімі Ерболат Досаев, Роза Бағланованың ұлы Тәжен Бағланов пен Асанәлі Әшімов ашты. Сондай-ақ ескерткіштің ашылу салтанатына қала тұрғындары мен бірқатар өнер иелері қатысты.
Әншінің 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпек. Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша елімізде 400-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған.
Роза Тәжібайқызы 1922 жылғы 1 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген. Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен 2-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады. 1947 – 1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949 – 1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты. Әншінің репертуарында әлемдік опера өнерінің туындылары, қазақтың халық әндері мен заманауи композиторлардың әндері бар. Аңыз әнші 2011 жылдың 8 ақпанында жүрек талмасынан көз жұмды.
Айта кетейік аталмыш ескерткіштің авторы – Ешкенов Ғазиз, Жамхан Айдар және Ақжолтай Ұлағат.
Фото: дереккөз