Архив саласының қызметкерлері марапатталды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2407

20 желтоқсанда «Архивші күні» кәсіби мерекесі қарсаңында Шымкентте «Шетел архиві деректеріндегі Қазақстан тарихы: проблемалар мен тың жобалар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.



Аталған жиында ҚР МСМ Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш архив саласын дамытудың негізгі факторы, проблемалары және жетістіктері туралы баяндады.

Сондай-ақ, конференция барысында шетел архивтерінде табылған деректердің маңызы, Ресей Федерациясының соғыс және әскери тарих архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжат жинаудың ғылыми негіздері мен нәтижелері, оларды ғылыми айналымға енгізу жөніндегі мәселелер қарастырылды.

Іс-шара шеңберінде архив саласының ардагерлері мен мемлекеттік архив қызметкерлері «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...