Дәретханаға камера қойған мектеп директорына қатысты тергеу басталды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
5056

Мектеп дәретханасына камера қойған директор сынға ұшырады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қызылқоға ауданының мектебінде жанжал туды. Оған себеп ерлер дәретханасында камера орнатылғаны. Оқушыларды қатаң қадағалау идеясы ата-аналардың наразылығын тудырды.

Ш. Еркінов атындағы орта мектептің директоры мәлімдегендей, бейнебақылау орнату дәретханадағы мүліктің бүлінуі мен ұсақ бұзақылықтың жиі болуына байланысты қажетті шара болған. Оның айтуынша, камера бастапқыда дәретханаға емес, қолжуғыштарға бағытталған.

"Бұл ретте оқушылардың құқықтары бұзылған жоқ. Камераны орнату туралы шешім мектеп әкімшілігімен және қамқоршылар кеңесінің басшысымен бірге қабылданды. Бұл шара тек тәртіпті сақтау және одан әрі бұзушылықтардың алдын алу үшін қабылданды. Жазбаларға мен ғана қол жеткіздім", - деп сендірді мектеп директоры.

Қазіргі уақытта Атырау облысының білім басқармасы камераны алып тастау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, оқиғаны тергеумен айналысатын комиссия құрылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...