«Астана Опера» театрының балет әртісі Қуат Кәрібаев «Одиссея-Arts» Халықарал...
Ақтастағы Ахико
4
СӘУІР
Сәрсенбі
18:30
Авторы: Мадина Омарова
Жанр: Драма
Ұзақтығы: 2 сағат
Зал: Үлкен зал
Жас санаты:+7
Сипаттама:
Спектакльге арқау болған оқиға – жапондық Ахико Тецуроның тағдыры. Ол Қарлаг түрмесіне 15 жасында түсіп, жан төзгісіз азапты торда 10 жыл отырған. Лагерьден өлімші халде босап шыққан ол қазақ анасының қамқорлығының арқасында тірі қалып, өмірге қайта оралады. Заман оңалғанда өз Отанына шақыру алып барғанымен онда тұрақтай алмай, Қазақстанға қайта оралған.
Ахико Тецуроның тағдыр жолы – сталиндік зұлмат жылдарда Қазақстанға қоныс аударған, айдалып, жазықсыз сотталып лагерьлерге әкелінген мыңдаған адамдардың, түрлі ұлт өкілдерінің тағдыры. Бүгінгі Қазақстан –достық, адамгершілік, биік рух мекені.
Карлаг қасіретін қазақ сахнасында алғаш рет бейнелеп отырған қойылым Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.
Премьера: 22, 23 қазан, 2016 ж.
Қоюшы режиссері - А.Маемиров,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Режиссердің ассистенті - Д.Ақмолда,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы суретші - К.Курманбекова
Киім суретшісі - Б. Әбдіманапова
Балетмейстер - Г.Мұхамеджанова
Хормейстер - Г.Берекешев
Вокал - Г.Карамолдаева
Сахна сайысын қоюшы - А.Байлин
Музыкамен көркемдеген - А.Мышбаев
Режиссердің көмекшісі - С.Гениярова