Астанада «Ерлік жайлы естеліктер» атты концерт-спектакль өтті

ТЕАТР
822

Бейбітшілік және келісім сарайында Жеңіс күніне арналған «Ерлік жайлы естеліктер» атты мерекелік концерт-спектакль өтті, деп хабарлайды janabastau.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мерекелік концертке Халық қаһармандары – Бақытжан Ертаев пен Айдын Айымбетов және Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Астана қалалық мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов және басқалар қатысты.

«Бейбітшілік және келісім» сарайында өткен концертте елге белгілі әншілер Роза Рымбаева, Жеңіс Ысқақова, Медет Салықов пен Клара Төленбаева, Айгүл Қосанова және басқалар патриоттық рухтағы әндерді шырқап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Концерт сұрапыл соғыс жылдарындағы ержүрек жауынгерлердің ерлігі мен тылдағы қарапайым еңбек адамдарының тағдырын сипаттады. Ардагерлерге құрмет көрсету, тарихқа тағзым ету, бейбітшілікті сақтау сияқты құндылықтар дәріптелді.

«Маған бәрі ұнады. Қойылым да, актерлердің өнері де, режиссура да көңілімнен шықты. Батырларымыздың есімі аталған әндердің шырқалғаны керемет бір әсер берді. Қазақстан майдан даласына аттанған әрбір батырының ерлігін құрметтейді», деді қала тұрғыны Диас Темірханов.

Мерекелік кеш барысында майдан әндерімен қатар, театрландырылған қойылымдар қойылды.


author

Клара Төленбаева

ӘНШІ

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...