ТАХАУИ АХТАНОВ ТЕАТРЫ ТАҢ ҚАЛДЫРА БАСТАДЫ

ТЕАТР
826

Театр - хас өнердің айнасы. Айна лас болса өнер көрінбейді. Бұлыңғыр. Театрдың айнасын кімдер сүртпеді? Біз де тазарттық. Күмістей жалтыраған сəулесі бар. Бірақ, алыстан көрінеді... Ақтөбеге театрға жаңа басшы келіпті дегенде бəрі шулады. "Əй, тым жастау екен"-деді. Мен де солай ойладым. Кейін директордың аты-жөнін естігенде көңілім тынышталды.Өзіміздің шалқарлық Нұрхан Қадырбаев екен. 

Нұрханды Алматы қаласында Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында студент кезінен танимын. Елгезек жігіт əсем қалаға "Екі Езу"  театрының концертімен барғанымызда "ағалап" алдыңнан шығады. "Əй, осы бала үлкен бастық болады" дейтін марқұм театрдың əртісі Нұрдəулет Ақжігітов қалжыңдап. Айтқаны келді. Нұрхан оқуды бітіре сала  алғашқы қадамын лауазымды қызметтерден бастады.Мəдениет минстрлігінде жұмыс жасады. Кейін Алматы қаласындағы Елебеков атындағы эстрадалық цирк колледжінде директрдың орынбасары  болды. Соңғы қызметі Ғ.Мүсірепов атындағы жас-өспірімдер театры еді. Енді, жас басшы несімен таң қалдырып жатыр?... Бірінші театрдың ішкі тәртібін жөнге келтірді. Əртіс деген ерке халық қой. Қазір, олар басшылыққа емес, тек сахнада сүйікті көрермендеріне еркелейді. Театрдың репертуарын күрделендірді. Белгілі əртістер Болат Əбілманов пен Айгул Иманбаева Ақтөбеге келіп, Гогольдің "Ревизор" комедиясын театр əртістерімен  бірге ойнады. Режиссері - Жұлдызбек Жұманбай. Өнердегі шығармашылық байланыс, тəжірибе алмасу деген осы. Орыс труппасы "Қара шекпен" спектаклімен толықты. Қоюшы режиссері - Данияр Базарқұлов. Айтпақшы, Данияр қазір Ахтанов театрының көркемдік жетекшісі. Мекемеде кадрлық алмасулар да жүріп жатыр. Бұған көз алартудың керегі жоқ. Жаңа басшы өзінің алға қойған болашақ жоспарларын іске асыру үшін кадрлық саясаттың  көмегі ауадай қажет. Нұрхан театрға келісімен үлкен орталарда тəжірибе жинағанын көрсетті. Бастапқыда басшының жаңа талаптарына басын шайқағандар қазір, қолдап қол шапалақтап отыр. "Директордың қалпағын қайырып жібереміз" дейтіндер сабаларына түсті. 

Осыдан екі жыл бұрын бастау алған "Балауса" эксприменталды театр фестивалі биыл Халықаралық деңгейде өтіп елді шулатты. Фестивалге Ресей кино жұлдызы Дюжевтің келуі үлкен жаңалық болды. Қазір театрда өнердің қара қазаны бір қалыпты бабымен қайнап жатыр. Нұрханның отыны қара қазанға күйе түсірмейді. Күйдірмейді. Əрі таусылмайды. Піскендері атақ алып үлгерді. Жас əртіс Бағдат Төлеуғалиев осы жылы Ұлттық театр сыйлығының "Үміт" номинациясына ие болды. Айтатаны жоқ қазір театрдың айнасы жылтырап келе жатыр.  Н.Қадырбаев басқарған Тахауи Ахтанов театры талай белестерді бағындыратыны сөзсіз. Осындай мəдениетті, таланты басшыны тауып қойған Ақтөбенің мəдениет басқармасы мен Облыс басшылығына үлкен алғыс айтамыз.

 

Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН ҚР Мəдениет қайраткері

author

Тахауи Ахтанов

ЖАЗУШЫ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...