Бүкіләлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күні: қайырымдылық концерті өтеді

ТЕАТР
1000

3 сәуірде Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасында «Күн барлығына нұрын төгеді» қайырымдылық концерті өтеді. Оған түрлі диагноздары бар балалар қатысады. Оларға танымал қазақстандық әртістер Майра Ілиясова, Светлана Айтбаева, Гүлнұр Оразымбетова, Арайлым Рахымқызы, Әкімхан Мәженов пен Ақбота Құснадин, Қазақ ұлттық хореография академиясының оқушылары қолдау көрсетеді. 

«Астана Опера» қайырымдылық қызметпен 10 жылдан бері айналысып келе жатқанын атап өтуіміз қажет. 

– Бұл біз үшін ерекше концерт, себебі күрделі медициналық диагноздары бар балалардың өздері бағдарлама қатысушылары атанады. Мұндай шараларды өткізу тәжірибемізде бұрыннан бар болғаннан кейін, біз балалардың жағдайына музыканың оң ықпал ететінін байқаймыз. Олардың барлығы сахнаға шығатындарына қуанышты әрі мәз мейрам болады. Ал олардың ата-аналары бұдан да зор сезімді бастан кешіреді, балаларының риза екенін көргенде олардың көздері қуаныштан  жайнайды. Мұндай сәттерде тағы да жақсылық жасағың, осы балаларды қамқорлық пен ілтипатқа бөлегің келеді, – деп атап өтті «Астана Опера» директорының орынбасары Айжан Құрманғалиева. 

Концерттің басты мақсаты – аутизмі бар балалардың керемет ән айтып, билейтінін және музыкалық аспаптарда ойнай алатынын көрсету. Және ең маңыздысы – шығармашылықпен айналысу балаларға қоғаммен біте қайнасуға көмектеседі. 

Концерт бағдарламасы отандық және шетел композиторларының музыкасынан құрылған, оның ішінде Вольфганг Амадей Моцарт, Иоганн Себастьян Бах, Шарль Гуно, Төлеген Мұхамеджанов, Ескендір Хасанғалиев және тағы басқаларының шығармалары бар. Айта кету керек, осыншалық күрделі бағдарламаны орындау ерекше балалар үшін жоғары көрсеткіш саналады. 

Кешке Дарын Әжмолдаев, Жігер Ахметқали, Нұрым Нарымбай, Ербол Зәкәрия, Ерасыл Зәкәриянов, Әділ Кенжебай, Амин Бижан, Ұлан Үсенәлиев, Гүлдана Акимова, Даниял Жуасов, Рахматулла Ділдахан, Ернұр Тұрмаханбетов және басқалары қатысады.  

Соңғы жылдары осындай ерекшеліктері бар адамдарды қорғайтын көптеген көрнекті тұлғалардың арқасында аутизмнен хабардар болуда және оны қабылдауда айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізілді. Олар аутизмі бар жандардың өз отбасылары мен қоғамның толыққанды мүшелері екенін қалың көпшілікке жеткізу үшін талмай жұмыс істеуде. 

Концерттің басталуы 15.00-де.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...