ТЕАТР ТАРИХЫ

ТЕАТР
1606

1977 жылдың 8 ақпанында Қазақстан Компартиясының Көкшетау облыстық комитетi бюро отырысында «Облыстық драма театрының ашылуы туралы» қаулы қабылдайды.

«Ақмола облыстық орыс драма театры» МКҚК 1977 жылы құрылды. 1977 жылдың 28 қазанында алғашқы театр маусымы жарияланды. Көрермендер пiкiрiне театрдың басты режиссерi, ҚР еңбек сiңiрген өнер қайраткерi Куклинский Яков Аронұлының қойылымында Л.Славинның «Интервенция» спектаклi ұсынылды. Я.А. Куклинский — Карпенко — Карого атындағы Киев ГИТИС –нiң түлегi, мүдделестер тобымен бiрге Қостанайдан Көкшетауға келiп, орыс драма театрын құрды. Я.А. Куклинский 20 жыл бойы (1977-1997 ж.) театрдың үзіліссіз  көркемдiк жетекшiсi болып қызмет еттi.

Ақмола облысының орыс драма театры Қазақстанда рок–опера жанрының пионері болып табылады. 2004 жылы сахнада У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» рок–операсы дарынды композиторы Е.Терихинаның музыкасына қойылған. Бүгінгі күнде, ол көрермендердің сұранысы мен жылы ықыласына бөленген театр хиті болды. Осы спектакльде Астана, Қарағанды, Петропавловск қалаларының қырықтан астам көрермендері болды.

2002 жылы театрдың мерейтойы қарсаңында 200 орынға және 150 орынға арналған екі залы бар жаңа ғимаратының ашылу салтанаты болды,

Бүгінгі таңда театр репертуарлары өз көрермендерінің көңілінен шығу үшін әр жыл жаңа прьемералармен толығуда

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...