М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры

ТЕАТР
2119

Астана қаласы әкімдігінің М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры Қазақстандағы көне театрлардың бірі. Барельефтер мен ғимараттың сырты бір-бірімен үйлесімді көрініп тұр. Театр ғимараты жанындағы көшелер мен сябақтарды (қала ішіндегі шағын бақ) жайлырақ етеді. 100 жыл бұрын салынған ғимараттар өздерінің қасында осындай жылы атмосфераны (айналадағы жағдай) қалыптастырды. Драма театры бұрын Ақмолинск, Целиноград, Ақмола атанған Астана қаласында орналасып жатыр. М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры өзінің 100 жылдығын осында атап өтті.  Айта кету керек, Қазақстанда үш көне театр бар: А.Островский атындағы облыстық орыс драма театры (1858 ж.), Петропавл қаласының Н.Погодин атындағы облыстық драма театры (XIX ғасырдың 80-ші жылдары) және Астана қаласы әкімдігінің М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры.  Өкінішке орай, М.Горький атындағы драма театрының құрылу уақыты жайлы деректер әр түрлі, сондықтан бұл мәселе әлі күнге дейін өз шешімін таппады. Бір дерек ғана нақты белгіленген: Ақмола қаласында драма үйірмелері ерте пайда болды. XIX ғасырдың 90-шы жылдарында қалалық басқарма «драма өнерін құрметтеушілердің өтінішін» орындап, өз тарапынан 100 сом, кәсіпкер-ұста Кубриннің дәл осындай қаражат бөлуі негізінде, халықтың өнерге деген көптен бергі арманы ресми атауға және ғимаратқа ие болады. Сонау, 1899 жылы Ақмолада бүгінгі астаналық орыс драма театрында «Иван Сусанин» алғашқы спектаклі қойылды.  Қазіргі кезде бүкіл әлемге танымал М.Горький атындағы драма театры театрқұмарлар назарын өзіне тартуда, ол XIX және XX ғасырлардың сәулет ескірткіштері болып табылатын екі ғимаратта орналасты. Кассасы мен репетициялық залы бар, қызыл кірпіштен салынған ғимарат 1899 жылы Ақмолада пайда болған құрылыс болып табылады. Ол жақсы күйде сақталып қалған.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...