Аңыздың бәрі әдемі басталып, әдемі аяқтала бермейді. Кезекті кейіпкерімізді зерттеу барысында,...
"Сахнаға сөз емес, әрекет керек" деген жаңсақ пікір
«Самғау» фестивалінен бір ғана спектакль есімде ерекше қалыпты. Ол «У Моста» театры алып келген М.Мак Донахтың «Калека с Инишмана» комедиясы. (реж С.Федотов). «Қазір сахнаға сөз емес әрекет керек, сөзді ешкім тыңдамайды» деп жансақ пікір қалдырып жүргендерге осы Перм театры дәлелдей түскендей.
Екі сағат жиырма минут болған бұл спектакльдегі актерлердің сахнадағы сөйлеу шеберлігі, сөз қолданыстары көңілге қонды. Сөздің өзіне әрекет құра білген, оны ойната білген режиссердің жұмысынан, сахна өнерінің әсерлі құралы – сөз екенін тағы да ұғынғандай болдым. Сахнагерлер сөзді тек сырттай әшекейлеп жүрген жоқ, кейіпкерлерінің жан байлығын, күрделі иірімдерін айқара ашып, анық жеткізе алуларымен ерекшеленіп тұр.
Бүгінгі күнде Қазақ бола тұра өз ана тілімізді қорғай алмай күнде қозғап жүрміз, қорғаштап жүрміз. Ұят. Ұлт болып ұйысуымыздың өзі тілден бастау алады. Тіл - адамның адамдық белігісі, ортаға тастар қаруының бірі болғандықтан, актер үшін де, адамзат үшін де ең бастысы тіл екендігіне ешкім дау айта алмас.
Айзат Қадыралиева