Еліміздегі ғимараттардың, құрылыстардың, өндірістік көздерінің, көліктердің, құрылғылардың және тағы...
Жолтай Әлмашұлының «мұңмен алысқан адамының» премьерасы Ташкентте жалғасты
Шығарма жазылғалы он жыл ішінде еліміздің талай жерлерін аралады, тіпті ағылшын тілінде де сөйлеп үлгерді!
Шығармада ХХ ғасырдың басындағы саяси жағдайларға байланысты атажұрттан алыстап Франция жеріне қоныс аударып, кейіннен өмірінің соңғы сәтінде Қазақстанға деген махаббатпен еліне асыққан Асан қарияның сағынышы, оның бұл арман-тілегін орындауға бекінген қызы Мақпалдың батыстық тәрбиеге беріліп кеткен ағасы Маратпен арпалыса жүріп әкесін туған топырағына әкелгені суреттеледі.
«Өзіміз елде жүрген соң байқамаймыз, шетелден қазақ жеріне асыққан қандас бауырларымызбен сөйлескенде олар тарихи отанына деген ерекше сағынышымызды, ыстық сезімімізді сөзбен айтып жеткізе алмайтындарын айтады» дейді. Мұны мен Ташкентте анық сезіндім. Өзбекстандағы қазақ ағайындардың елге деген сағынышы көздерінен байқалып тұрды. Адам жасы ұлғайған сайын туған жердің қадірі мен қасиеті арта береді. Біз осы пьеса арқылы соны көрерменге ұғындыруға тырыстық», – деді шығарма авторы бізбен сұхбатында.