«Жаңа адамдар» су тасқынынан зардап шеккендерге көмек керсетті

Фото: «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы

Жаңалықтар
586

Табиғат апаттары Қазақстанның көптеген аймақтарын шарпыды. Биылғы су тасқыны соңғы 30 жылдағы ең ірі деп саналды. Ол 2012 және 2017 жылдардағы табиғи апаттардың ауқымынан асып түсті. Үлкен су тек ауылдар мен қалаларды ғана емес, тас жолдарды да шайып өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Су тасқыны мәселесі бүкіл елді сөзсіз біріктірді. Бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар, қарапайым қазақстандықтар билікке көмектесіп, су тасқынының салдарын жоюға өз үлестерін қосуда. «Жаңа Адамдар» да зардап шеккендерге көмектесу жолындағы ортақ іске өз үлесін қосты. Бүгін біз Көкшетауда тасқын судан зардап шегіп қиын жағдайда тұрып жатқан 30 отбасыға гуманитарлық көмек көрсеттік.

Сіздерде де дәл қазір қиналып жатқандарға көмектесуге мүмкіндік бар. Адамдарға азық-түлік пен жеке гигиена құралдарынан басқа көрпе мен жастық, жылытқыштар, аяқ киім және кішкентай балаларға арналған бұйымдар қажет. Жақын жердегі гуманитарлық көмек жинау пунктіне хабарласыңыз және дәл қазір қиын жағдайға тап болғандарға қол ұшын созыңыз.

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...