20-сәуірден бастап, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Астана Балет» театры, «Eurasian Dance Festival» бірлесе отырып, астаналық театр сахнасында өткен халықаралық балет өнері фестивалінің аясында көрсетілген спектакльдер мен гала-концерттердің онлайн-көрсетілімін жүргізеді.
Театрдың тууы, тұңғыш спектакльдер, репертуар және режиссура мәселелері1926 жылы қаңтарда ресми түрд...
«Әртістер мен көрермендердің театр залына қайта оралуын күте отырып, Еуропа мен Азияның айтулы театрлары мен би ұжымдары біздің сахнада көрсеткен жарқын қойылымдарының бейнежазбаларының архивтерін көрсетейік деп шештік. Үш жыл ішінде, бұл балет фестивалі Қазақстанның мәдениетіндегі елең етерлік құбылысқа айналды. Көрермен қауымды осы қойылымдармен танысуға я болмаса сүйікті спектакльдерін қайта тамашалауға шақырамыз», - деді театр басшылығы.