Astana Musical: «ЕНТ тапсырмаймын»

ТЕАТР
2008

Драма жанрындағы туынды белгілі драматург Л.Разумовскаяның «Қымбатты Елена Сергеевна» атты шығармасына негізделген.

Драманың сюжеті өте қызық. Оқушылар өз мұғалімін туған күнімен құттықтап келеді. Бір қарағанда, бұл жақсы ықыласқа толы көрініс, бірақ олай емес. Әркімнің көздеген өз мақсаты бар. Оған қол жеткізу үшін кейіпкерлер қандай әрекетке барады? Ар-ұят пен әдептен аттауға дайын ба?

Спектакльде жасөспірімдердің басты проблемалары, түсініспеушілік пен ұрпақ сабақтастығы мәселелері көтерілген. Кезінде қоғамда резонанс тудырған пьеса белгілі режиссер, театрдың көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазиннің режиссерлігімен сахналанады.

«Astana Musical» театры осы туынды арқылы жастарды ессіз әрекеттерден туындайтын күрделі мәселелерден абай болуға, оларға дер кезінде төтеп беруге шақырады.

БАҚ ақпарат үшін:

эл.адрес: infoqazaqconcert@gmail.com; 

т.: + 7 705 572 72 66 (Әсем)

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол ережесін бұзған 32 жастағы жүргізушіні полиция қызметкерлері тоқтатады, деп хабарлайды MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға кей өңірлерде әкімдік жергі...