Қытайда «Қазақконцерт» әртістерінің өнерін 5000-нан астам көрермен тамашалады
Фото: Қазақконцерт
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қытай астанасы Бейжіңде өнер көрсетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бейжіңнің ең ірі орталық саябағы - Чаоян саябағында өткен «NAURYZFEST» іс-шарасында мекеме әртістері ұлттық өнеріміздің озық үлгілерін ұсынды. Концерттік бағдарламада Құрманғазы, Тәттімбет, Жаяу Мұса, Манарбек Ержанов, Латиф Хамиди, Абай, Нұрғиса Тілендиевтің және т.б. шығармалары орындалды.
Іс-шараға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Әділхан Макин, Ардақ Елеусіз, Аяулым Қамажан, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Әйгерім Елемес, Жаслан Кәрім, Ибраһим Амин, Лаура Кумарханова, Тоғжан Үмбет, Аққанат Смағұлова, «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі және «GULDER» ансамблінің балеті қатысты.
Қытай мемлекетінде өтетін бұл концерт мәдени іс-шаралар қатарындағы маңызды оқиғалардың бірі болды. Аталған шара қазақстандық орындаушылық мектептің жоғары кәсіби деңгейін таныстырып, мәдениетаралық ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етті. Іс-шараны 5000-нан астам көрермен тамашалады.