Түркістандық театр «Махаббат мұнарасы» қойылымын көрерменге тарту етті

ТЕАТР
5150

Түркістан музыкалық драма театры 2021 жылдың 17-18 желтоқсан күндері Тәуелсіздік күніне орай көрермендерге кезекті жаңа «Махаббат мұнарасы» спектаклін ұсынды. 

Сыршыл туындының авторы – Талаптан Ахметжан. Спектакльдің қоюшы режиссеры – Нұрқанат Жақыпбай, композиторы – Хамит Шанғалиев, балетмейстер – Мадина Мұратпекова және көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова. Спектакльде басты рөлдерде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ахметов, Ақбота Рахат, Жұлдыз Абдикаримова және Темірлан Еркінғалиев пен Айбек Боранбаев сомдады.

Бұл спектакльдің басты жаңалығы – эксклюзивті балет қойылымы, ерекше әсер беретін озық техникалық шешімдер және әлемге әйгілі Амати (Antonius Hieronymus Amati) тарихи аспабымен Швейцарияның  Цюрих қаласында тұратын талантты музыкант Эльдар Сапараевтың келуі.

Спектакльдің Түркістан қаласындағы премьерасына Талаптан Ахметжанның отбасы арнайы келіп, жаңа театр ұжымына шығармашылық табыстар тіледі. Екі күнге созылған «Махаббат мұнарасы» спектаклі көрерменін ерекше әсерге бөледі.

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...