Шөмішбай Сариевтің 80 жылдық мерейтойына арналған жыр мен жүрек тоғысқан кеш

Фото: Қазақконцерт

ТЕАТР
690

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Атамекен-ай» атты шығармашылық кеші болып өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әртістерге көрсетілген ерекше құрмет белгісі ретінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ықылас гүлі табысталды.

Іс-шара барысында ҚР Парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаттары жеткізілді. Арнайы мерейтойлық кешке ақынның жары Жұмагүл Сариева қатысты.   

Концерттік бағдарламада автордың классикаға айналған таңдаулы шығармаларының ретроспективасы ұсынылды. Кеш қонақтары «Айналдым сенен, атамекен-ай», «Қазақ елі», «Домбыра туралы баллада», «Өмір-өзен», «Сағындым, сағым жылдар», «Аяулым», «Сен мұңыңды бер маған», «Еркеледің сен», «Өкінбе сен» және өзге де жауһар туындыларды тамашалай алды. Сонымен қатар, «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театрының әртістері ақын поэзиясынан тағылымды жырлар оқып, кештің мазмұнын одан әрі тереңдете түсті.