Әшірбек Сығай атындағы театр фестивалінің жеңімпаздары анықталды

ТЕАТР
1745

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 11-16 қазан күндері аралығында Қарағанды қаласындағы С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында Әшірбек Сығай атындағы «Сын – шын болсын...» республикалық театрлар фестивалі өтті.

Баспасөз конференциясынан көрініс

Дүбірлі театрлар додасында республиканың 15 театры бақ сынап, өнерлерін ортаға салды. Фестиваль қазылар алқасының шешімі бойынша театрлар төмендегі жүлдеге ие болды: 

  • Әшірбек Сығай атындағы Гран-При – Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Құлагер» спектаклі. Авторы – І.Жансүгіров, режиссері – Ф.Молдағали;
  • Тәуелсіздікке 30 жыл Гран При – С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының «Электра» трагедиясы. Авторы – Л.Дюрконың, режиссері – Ж.Жұманбай; 
  • I орын – Мемлекеттік қуыршақ театрының «Ромео мен Джульетта» спектаклі. Авторы – У.Шекспир, режиссері – Д.Жұмабаева;
  • II орын – Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының «Qora Z» трагикомедиясы. Авторы – У.Шекспир, режиссері – Ә.Өмірбекұлы;
  • III орын – Шығыс Қазақстан облыстық «Дариға-ай» жастар театрының «Ғажайып трагедиясы». Режиссері Г.Адай;
  •  «Үздік режиссер» – Дина Жұмабаева;
  •  «Үздік ер адам бейнесі» – А.Островскийдің «Найзағай» спектакліндегі Тихон рөлі үшін Абзал Рәтбек (Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры);
  •  «Үздік әйел адам бейнесі» – Л.Дюрконың «Электра» трагедиясындағы Электра рөлі үшін Амира Омарова (С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры);
  •  «Үздік сценография» – Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының «Қорғансыздың күні» қойылымы. Режиссері – Фархад Молдағали, қоюшы-суретшісі – Қарлығаш Шалабаева;
  •  «Үздік актерлік ансамбль» – К.Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театрының «На встречу к мечте» спектаклі. Режиссері –  И.Казакбаев;
  •  «Үздік екінші план актері» – А.Платоновтың «Река Потудань» спектакліндегі отец Никиты рөлі үшін Максим Михеев (Ақмола облыстық орыс драма театры). 
  • «Үздік екінші план актрисасы» – Ж.Шайхисламұлының «Қыз Жібек» қойылымындағы Қамқа бейнесі үшін Ажар Шәкіржанова. (Ә.Мәмбетов атындағы мемлекетік драма және комедия театры);
  • «Үздік эпизодтық рөл» – Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» драмасындағы Сара қыз бейнесі үшін Еркежан Төлеубек. (Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы-драма театры);
  • «Үздік эпизодтық рөл» – А.Чеховтың «Кішкентай адамның үлкен трагедияся» спектакліндегі Нафанаил рөлі үшін Олжас Бекайдаров. (І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры).

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Әнші Қайрат Нұртастың концерт үстінде темекі шеккен видеосы желіде жарияланды, деп хабарлайды madeni...

Жаңалықтар

Атырау қаласында 8-қабаттан секірген келіншек мерт болды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Қайғылы о...