Ақмола облысында жыл басталмай жатып өрттен 11 адам көз жұмды

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2142

Ақмола облысында өрт оқиғалары жиілеп кеткен. Былтырдың өзінде 29 оқиға тіркеліп, 10 адам қаза тауып, 46 адам ауыр жарақат алған, деп хабарлайды madeniportal.kz Malim.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, жыл басынан бері Бурабай ауданында 6 оқиға тіркеліп, соның салдарынан 5 адам қаза тауып, 1 адам зардап шеккен. Ал улы газға тұншығып тағы 3 адам көз жұмған.

Сонымен қатар, Целиноград ауданында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, 3 адам жарақат алған. Шортанды ауданында да газ баллонының жарылуынан 3 адам мерт болып, 10 адам жарақаттанған. Сол сияқты, Қорғалжын ауданында газ баллонының жарылуынан 3 адам бақилық болып, 16 адам зардап шеккен. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбиялық әнші Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Чоко департаментіне кенеттен келіп, бүлінген...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдың оңтүстік-батысында толассыз жауған нөсер жаңбыр ауыр зардаптарға әкелді. Қатты жауын салдар...