Көлікті 5 минуттан артық қыздарғандар айыппұл төлейді

Фото: Жасанды интеллект

Жаңалықтар
137

Қазақстанда қыс мезгілінде көлігін 5 минуттан артық қыздырған адамдарға айыппұл салынбақ. Бұл нормаға 20 жылдан астам уақыт өтсе де, қоғамда енді резонанс тудырып жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

Астананың қысында бірде-бір көлік қыздырылмаған күйі қозғала алмайды. Себебі солтүстіктің ауа райы паркингте тұрған көлікті де қыздыртуды талап етеді. Ал көлігін 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынады. Айыппұл болса көлігін 5 минуттан артық қыздырғандардың куәгерлері мұны ІІМ-ге жеткізген жағдайда артылмақ. Олардың видео және фото түріндегі дәлелі де болуы керек.

Әкімшілік полиция комитетінің мәліметінше, қозғалтқышы 5 минуттан астам жұмыс істеп тұрған көліктерді қоюға тыйым салынады. Егер қыздыру бұл уақыттан асып кетсе кемінде 5 АЕК айыппұл салынбақ.

ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабының 1-бөлігіне сәйкес, көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) (2025 жылы - 19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Осыны бір жыл ішінде қайталанғандарға 10 АЕК (39 320 теңге) айыппұл салынады. 

Жаңалықтар

Жамбыл облысында ауа райы бұзылып, көліктің барылық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы Қ...

Жаңалықтар

Өзбекстаннан Ресейге, Қытайға және Орталық Азия елдеріне жаңа халықаралық автобус бағыттары іске қос...