Мақала жазып, қаламақы ал

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
919

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетенін әзірлеудің ЕРЕЖЕСІ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша жаһандану кезеңіндегі терминологияны дамытудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-публицистикалық мақалаларды қабылдау талаптарын белгілейді.

ҰСЫНЫЛАТЫН ЕҢБЕКТЕРДІҢ МАЗМҰНЫ

«Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетендерінде жарияланатын мақалалар мазмұны төмендегілерді қамтуы тиіс:

  • Салалар бойынша жаңа терминдер мен олардың негіздемелері, жаңа терминдердің шығу тегі, тарихы, мазмұны;
  • Терминдерді біріздендіру мен іріктеудің мәселелері, оларды шешу жолдары, шетелдік тәжірибелер, олардағы қолданыстағы критерийлер мен олардың қазақстандық ортаға бейімділік талаптары;
  • Терминдердің қоғамда қабылдану жолдары, олардың тәсілдері, тәжірибелер мен нақты нәтижелер, байқау нәтижелері;
  • Бұқаралық ақпараттағы терминдерді пайдаланудың өзекті мәселелері, проблемеларды шешу жолдары, қазақ терминологиясын дамытудағы рөлі;
  • Терминдердің қолданыстағы сипаты, өміршеңдігі немесе өміршең еместігінің белгілері, проблеманы тудырушы факторлар, тәжірибелер мен олардың нәтижелері, статистикалық мәліметтер;
  • Терминдерді іріктеу мен бекітудің талаптары мен бейімдеу жолдары, проблеманы шешу жолдары, тәжірибе, статистикалық мәліметтер.

ҰСЫНЫЛАТЫН МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  • Ұсынылған мақалалар бұдан бұрын жарияланбаған болуы тиіс;
  • Мақала мәтіні Microsoft Word редакторында жазылған, шрифт Times New Roman, өлшемі 14 пт, аралық 1, өрістер - барлық жерде 2 см;
  • Мақаланың көлемі 5-7 бет;
  • Мақала атауы бас әріптермен, авторлар туралы толық деректер курсивпен (аты-жөні, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі) жазылады;
  • Пайдаланылған әдебиеттерге қойылған сілтемелер нөмірі мен беті тік жақшамен көрсетіледі [1, 15];
  • Мақалалар k.karlygash@tilqazyna.kzэлектронды поштасы арқылы 2023 жылғы 10 қазанға дейін қабылданады.

МАҚАЛАЛАРДЫ ЖАРИЯЛАУ

  • Электрондық журналға редакцияның сараптауынан өткен мақалалар ғана жарияланады;
  • Жарияланған мақала авторларына белгіленген мөлшерде қаламақы төленеді;
  • Электронды журнал «Termincom.kz» сайтына орналастырылады.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...