Біріншіден, қолданыстағы қазіргі Елтаңбаның жекелеген элементтері, әсіресе, ұлт тарихынан сусындап ө...
Ғазиз Құнапия. Адамзат бастауындағы алғашқы алтайтектілер
Жалғасы
Мақаланың басын мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.
Қазақ даласындағы алғашқы адамдардың өмір сүруі үшін біз жоғарда атап өткендей табиғат пен климаттық жай-күйлер қолайлы болуы, тіршіліктің негізгі көзі ішіп жейтін коректік заттардың барлығы болу керек екені айтылғанды.
Ғалымдардың айтуы бойынша эоплейстоцен кезеңінде немесе төрттік дәуірдің алғашқы кезеңдерінде солтүстіктен келген ызғардың әсерінен болған биік таулардың басындағы қарлар мұзға айнала бастады. Хан Тәңірінің солтүстігіндегі Жоңғар Алатауы және оның батысындағы Алматы Алатауындағы биік құз шыңдардың басы мұз құрсаулна айнала бастады. Осылай болғанымен олардың беткейіндегі салқын леб тау етегі мен жазық далаларда сонша әсерін тигізе алмады. Осы себептертенде жазық далалардағы орман-тоғайларда мекендеген жан-жануарлар қалпыты жағдайда қалды. Ал, Қаратау өңірі адамдар мекендеуге ең қолайлы аймақ болды дегенді айтыпты.
Адам санатына жаңа бейімделген алғашқы адамдар орман-тоғайлардағы өсіп тұрған жеміс жидектермен қатар тұрақтарының маңында бар қолайлы аңдарды аулап солардың етімен көректенген. Ал, олардың дене бітіміндегі денелерінің барлық жерін жапқан қалың түк күндізгі ыстық пен түнгі салқынан жақсы қорғап тұрған. Осылайша алғашқы адамдардың даму сатысы өз ырғағымен алға қарай жүріп отырды.
Алғашқы адамдардың келесі бір даму сатысы Ашель мәдениеті кезінде заманға бейімделе бастаған алғашқы адамдар өмірден алған тәжирибенің арқасында тіршіліктерінде бірталай өзгерістер кіре бастады. Өздерінің аңшылық кәсібінде қолдан жасалған тас құралдардын жетілдіре түсіп, жұқалап өңдеп өткірлендіргені байқалады.
Бұған дәлел Оңтүстік Қазақстанның кіші Қаратау жотасының теріскей бетіндегі Қаратау қаласынан солтүстік шығысына қарай 30 шақырым жердегі Бөріқазған, 34 шақырым жердегі Тәңірқазған, 25 шақырым жердегі Кемер, Тараз қаласынан 170 шақырымдағы Ақкөлден батысқа қарай 13 шақырым жердегі ежелгі адамдардың тұрақтарынан табылған шақпақ тастарды жұқалап өткірлеп, мұнымен қоса тас құралдарға қажетті шикізаттарды тауып, бір жерге жиыстырып сұрыптап отырған. Ғалымдар табылған еңбек құралдардың жас шамасын осыдан 800 мың жыл бұрын болған дегенді келтіріпті. Алғашқы адамдардың өмір тәжрибесінде аң аулауда өзіндік айла тәсілдерді жетілдіре түскені байқалады. Бұл жағдайда далада жүрген аңдарды қаумалап қоршап немесе суатқа келген аңдарды аңдып отырып аулайтын болған. Бұған дәлел Қосқорған, Шоқытас деген жерлерде болған тұрақтарда тау жыныстарының үйінділерінің арасынан табылып отырған жан-жануарлардың сүйек қалдықтарын айтуға болады. Ғалымдардың зертеу жұмыстарының көрсеткен нәтижесі бойынша олардың жас шамасының болжалын осыдан 470-530 мың жылдар шамасында бұрын болған деп айтады.
Тәңірқазған, Бөріқазған тұрақтарынан табылған тас құралдары
Жалпы сол бір кезеңдерде климаттың құбылмалы жағдайы Орталық Азия Қазақстанның Солтүстік өңірлерінде тоң болып жатқан Сарыарқа және одан бергі өңірлер осыдан 200 мың жыл бұрын жылы ауа ағымы қалыптаса бастағанда орман-тоғайлар пайда болып, көк шалғындар жайқалып, сол өңірлер ірі сүткоректілердің тұрақты мекеніне айнала бастады. Бұл жағдайда өмірге бірталай бейімделіп қалған алғашқы адамдардың тұрақты мекендерді игере білуге зор мүмккіндік болды. Бұған дәлел Сарыарқаның төңірегіндегі Жаман-Айбат, Хантау, Өгізтау, Вишневка тұрақтары, Балқаштың солтүстік аймағы: Торыңғы, Ақтоғай, Саяқ сияқты тұрақтарды атап айтуға болады.
Ашел мәдениетінің соңғы кезеңдерінде өмірден біршама тәжирибе жинаған алғашқы адамдар аңшылық кәсіпті жетік меңгере бастады қолдары еңбекке бейімделіп, тас құралдарды одан әрмен жетілдіре түсті және тас құралдарды жасайтын қабатты шақпақ тастарды тауып, олардан аң аулауға басқада қажетті саймандарды жасайтын арнаулы жерлерді ұйымдастыра білген.
Алғашқы адамдардың даму сатысы мустье дәуірінде ғалымдардың айтуы бойынша олардың әлеуметтік тұрмысында бірталай өзгерістердің болғанын атап айтады.
Ой-саналары біртіндеп жетіліп, рулық тайпалық жағдайға бейімделуі рулық басшысының алға шығуын алып келді дегенді айта келіп, еңбекке бейімделген және сайлы тұрақтарда мекендеген адамдардың денесіндегі түктер азайып кетті дегенді келтіріпті Алғашқы адамдардың денесіндегі түктің азайып кетуі туралы ғылымда әр тарапта айтылғанмен алғашқы адамдардың жануарлар дүниесінен бөлінуі еңбек етудің нәтижесі деген ілімнің сыңар жақты екенін айтқымыз келеді.
Адам жер бетінде алғаш пайда болғанда жануарлар дүниесімен бірдей болғанмен о баста бөлек жаратылған құбылыс. Осылай себептенде, денесінде физиологиялық өзгерістер біртіндеп дамып пайда болғаны белгілі. Соның бірі денесіндегі түктің азаюы эволюциялық процесс дегіміз келеді. Ал, денесіндегі түктің азайып кеткені ауа райының қолайсыз кездерде одан қорғанудың амал тәсілдерін ойлап табуы ой сананың біртіндеп жетілудің нәтижесі деп көруге болады. Бұған сойған аңдардың терсін кәдеге жаратып киім немесе жамылғы ретінде пайдалануы, немесе одан қалды, осыдан 100-150 жыл бұрын оттың алғаш шығуы және оны пайдалануын айтар едік.
Өздерінің айналасында қоршаған ортада болып жатқан табиғат құбылыстарына алғашында түсніктері жетпей тылсым бір құдіретті күшке балап табынып келсе, уақыт өте келе бұндай құбылысты өздерінің өмірдегі қажетілігіне жарата білді. Алғаш отты адамдар назағай оты орманды жерге түсіп, ондағы ағаштардың өртенуі сол өртенген ағашты сөндірмей қоламтылап отырып, отты қайта жандырып алуы олардың тіршілігіне үлкен өзгеріс әкелді. Отың жылуын түсінне білген алғашқы адамдар суықтан қорғанудың болатынын жақсы сезіне білді. Отқа етті қақтап немесе пісіріп дәмді етіп жеу алғашқы адамдар үшін үлкен жетістік еді.
Осы кезеңнің ең үлкен ерекшелгі өмірге ұрпақ келіп, адам санының артуы рулық, топтық негізде бөлектенудің бірден-бір негіз болды деп атауымызға болады. Осы тұрғыдан алғанда өмірге ұрпақ әкелген аналар зор құрметке ие болды. Алғашқы кезде әйелдердің рөлі артып ру тайпада бар жаукершілікті қолына алған тарихта сол кезеңдерді «матриархаттық қоғам» деді.
Әйелдер өмірге ұрпақ әкелуімен қатар үңгірлермен өздері жасаған қарапайым баспанасында тамақ пісіру, аң терісінен жамылғы немесе киім тігу оларды ру мүшелеріне үлестіріп беру сияқты барлық шаруа әйелдердің қолында болды. Уақыт өте келе рулық топта ауыр еңбектің барлығы әйелдер қолынан келмейтіні белгілі болып, рулық қоғамда ерлердің үлесі артып, тарих ғылымында атап айтылатын патрихаттық қоғамға ауысқаны белгілі. Қазақ даласындағы алғашқы адамдарда да бұл тарихи процесс бұзылмай сақталғаны байқалады. Бұған дәлел тасқа салынған ежелгі адамдардың суреттерінен байқауға болады.
Осы кезеңнің сона қарай алғашқы адамдардың қазақ даласындағы адам аяғы баспаған жерлерді игере бастады. Шығыс Қазақстан Алтай тауларын, Орта Азия және Кавказ тауларынан табылған үңгірлердегі жадгерлердің жас шамасы арнайы зертханаларда зертелген нәтиженің қортындысы бойынша осыдан 30-45 мың жыл бұрын болғанын көрсетіліпті.
Ал, соңғы палеолит ғалымдардың айтуы бойынша алғашқа адамдардың жоғарғы сатыға көтерілген кезі деп есептейді.() Адамдар өз ара әңгімелесіп, көрген-білгенінің қарапайым есебінің қортындысын шығарып отыру дәрежесіне дейін жеткен сияқты. Бұған дәлел Қартаудың теріскей бетіне жататын Созақ өңіріндегі Үшбас тұрағынан табылған жауырын сүйегіне салынған аңшының арнайы салған белгілері осыдан 30 дан 40 мың жыл бұрыңғы болған болу мүмкін дегенде назар аударарлық дүние мұнда аңшы аулаған аңдарының санын белгіледі ме, әлде басқа бір дүниелерді белгілегісі келді ме, қалай айтсақта алғашқы жазудың үлгісін көрсеткендей әсер қалдырады. Дегенмен осы кезең миллион жылдарға созылған алғаш пайда болған адам тектестердің жүріп өткен жолында өсіп, дамып, жетілудің небір соқпақты жолдардын бастарынан кешіріп отырып, саналы адам дәрежесіне жеткен кезеңі деп айтуымызға болады.
Қазақ даласындаға алғашқы адамдардың осы кезеңнен кейінде талай соқпақты соқтықпалы жолдардан өткенін тарих атты шежіренің айтары таусылған емес. Сан түрлі табиғаттың құбылмалы кезеңдерін басынан өткізген алғашқы адамдар небір табиғаттың қатал сынына төтеп бере отырып тығырықтан шығар жолдарды тауып отырған.
Ғалымдардың айтуы бойынша палеолиттің соңына қарай шамамен осыдан 25 мың жыл бұрын қатты суық Еуразия континентінің солтүстігін түгелге жуық мұз басты. Осының салдарынан қазақ даласының Сарыарқа аумағы тоң болып жатты Алтай, Тарбығатай, Жоңғар Алатауы Хан Тәңір шыңдары олардың басындағы мұздар төмендеп, одан төменгі өзен аңғарларына дейін жетті. Суық болған 5-10 мың жылдар шамасында жануарлар дүниесі түбегейлі өзгеріске түсті. Бұрыңғы ірі сүткоректілер қырылды, қалғандары Оңтүстікке ауып кетті, суыққа бейім түрлері фауналық комплекс құрады. Олар мамонттер, жүндес мүйіз тұмсықтылар, аюлар, бұғылар еді. Ал, адамдардың тіршілік көзі осылар болғандықтан ауған аңңың ізімен Ора Азия жерлерімен өкшелей қуып отырып, Таяау Шығыс, Үнді мұхит жағалауларына дейін жетті. Сібір орманына қарай ауған аңның ізмен Қиыр Шығыс, тіпті, Аляска, Бериңгі бұғазы арқалы Америка контенентіне жеткендері бар. Ал, Қазақ жерінде Қаратау жоталарын пана еткен тайпалар өмір сүруге қолайлы жерді шалып жүріп, осы өңірде қалды дегенді айтыпты.() Біз бұларды бүгінгі қазақ жерінің түпкі мәйегі және Ұлы Даланың мәңгі иесі дегенді келтіргіміз келеді.
Осы кезеңнен кейіңгі тарихтың келесі бір кезеңі – мезолит. Өткен аппаттар арта қалып, жер бетіндегі тіршілік қазіргі заманға қарай ауыса бастады. Бұл кезеңде де алғашқы мың жылдықтар айналсында ауа райы килиматтың құбылыстары қайталанып тұрды. Дегемен Қазақ даласындағы тіршіліктің жаңа нышаны басталып, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі жаңаша түрлене бастады. Ал, соңғы палеолит кезеңдегі қоныс аударудан кейін қалған тайплар, орман-тоғайлы өзен-көлді жерлерді мекен ете бастады. Жануарлар дүниесінен мамонт сияқты ірі аңдар жойылып, аңшылар бұрыңғыдай қаумалап, қоршап таспен немесе басқада қарудың түрмен ұрып жығып, найзамен шаншып аулап алаты аңдар жоғалып, оның орнына оңайлықпен алдыра қоймайтын жүрісі шапшаң жануарлар дүниесі көбейді. Бұл аңдарды аулау үшін аңшыларға жаңа қарудың түрі керек болды.
Адамзат тарихында садақтың пайда болғаны осы кезден болса керек себебі: Гумилевтің «Хұндар» деген еңбегінде бізге жеткен хұн сөзі деп «садақ» деген сөзді келтіреді және бұл сөздің этимологиясын яғни шығу тегін аяқ немесе аяққа киетін етіктің қоншына салып жүретін оқ деген сөзден шыққан дей келіп, Хұндардың тілі түркі тілінде болған былай келтіріпті: «Алайда бұл «сайдақ» яғни жақ пен жебелі қорамсақ деген көне орыс сөзіне тіклей қатысы бар. Ол түркі-монголдан шыққан және XVI – XVIII ғасырда. қолданылған. Оның «са дақ» деген хұн сөзімен байланысты екені айдан анық, өйткені хұндар қорамсағына сыймаған жебелерді қоншына қыстырған» - дегенді келтіріпті.() Ғалым Ә.Байбатша сол кезеңдерді аң аулау тәсілін былай келтіреді: «Аңшылар бөкендерді, тарпаңдар мен құландарды алыстан атып алатын садақ жасап, оның ату әдісін меңгерді. Ауытқымай алысқа ұшатын,басы тегіс әрі өткір тастан жасалған жебе оқтарын шеберлікпен дайындауды үйренді. Садақ пен пышақ дала халқының сол кезден бергі сенімді қаруына айналды» - депті.
Қазақ даласында осы кезеңдерде адамдар қарапайым киім киіп, садақтарын асынып аңшылыққа қолайлы жерлерді алыс аймақтардан іздейтін болған. Отты, сулы жерлерді шалып жүріп мекндейтін бөкендер, тарпаңдар, құлдар тәрізді аңдарды аулау олардың ізімен жүру үшін бір орында тұрақта тұру қолайсыз болды. Осы себептенде тұрақтарын далалық жерлерге ауыстыруға қажеттілік туындады. Бұл мәселені шешуде сол кездегі адамдар жазық далалық жерде жерді қазып, жер кепе сияқты баспана тұрғызу немесе көшіп-қонып жүруге ыңғайлы ағаштардың басын буған үйшік жасап алу әрекетін жақсы меңгерді.
Қоршаған ортаға жақсы бейімделген адамдар жылдам көбейіп, қоғамға түбегейлі өзгерістер әкелген бұл кезеңді жаңа өркениеттің басы десекте болады.
Осдрдың дамуына түбегейлі өзгерткен кезең. Ғалымдардың айтуы бойынша адамдардың ең басты жетістігі жабайы аңдарды қолға үйрете бастады. Жабайы аңдардан алғашқылардың бірі болып итті үйретті. Ит бірт-бірте адамдарға жақсы бауыр басып, адамдардың сенімді серігіне айналды. Аңдарды қуып жетіп қаумалап, аңшыларға жақындатып аңдарды аулап аылуға септігін тигізетін болған. Иттің көмегімен сәтті өтткен аңшылық көрністер жартастардың бетіне қашап салған суреттерден қарап көруге болатын айтыпты.
Қазақ даласында осы кезеңде заманның ағымына қарай қалыптаса бастағанын Оңтүстік Қазақстанның Түлкібасы ауданындағы Қараүңгір тұрағынан табылған архоелогиялық материалдардағы мәдени қалдықтарды анықтағанда олардың жас шамасы осыдан 5 мың жыл бұрын болғаны анықталып отыр. Тұрақтан табылған заттарда тас пен сүйектен жасалған қарулар және еңбек, іс құралдары сонымен бірге әшекей бұйымдар табылған. Осы табылған заттарды қарап сол кездің өзінде қауымда еңбек бөлістері болғанын байқауға болады. Ерлер аң аулау тағы басқа ауыр еңбекті қажет ететін жұмысты игерсе, әйелдердің сүйектен жасалған инелерге ,ілгектерге қарап, тері өңдеп, жүннен мата тоқып киім тігуді басқа тұрмысқа қажетті заттарды жасап меңгергені байқалады.()
Ғалымдар Қараүңгір тұрағынан табылған жануарлар сүйегіне зертеу жүргізгенде неолит кезінде сол аймақта қандай жануарлардың түрлері мекендегенін анықтаған. Олар: жабайы қой, бұқа, арқар, елік, сайғақ, бұғы, құлан, жылқы, қабан, қасқыр, шибөрі, түлкі, жолбарыс, дала мысығы, борсық, қоян, тышқан, кірпі, тасбақа және құстар.
Неолит заманында Қазақ даласында алғаш мал атаулыдан қой мен ешкіні қолға үиреткен кейін бірте-бірте төрт түлік малдар қолға үиретілді. Адамдардың тіршілгінде көпшілік жағдайда аңшылықпен айналысып келген адамдар үшін мал шарушылығын игере бастауы бұрынғыдай мұқтаждықтықтан арыла бастады. Мал бағу, жалпы шарушылықты игеру ауыр еңбектің бәрі ер адамдардың қолынан келетіндіктен ер адамдар жекеленіп емес руларға, тайпаларға қауымдасып шаруашылғын жүргізетін болды. Осыдан келіп ру,тайпаларды ер адамдар басқаратын болған.
Осы кезеңнің соңына қарай Қазақ далсында жылқыны қолға үйрету тек дала халқы емес дүниедегі жүзіндегі өркениеттің басы еді.
Өткен ғасырдың аяғында Қазақ даласында ашылған үлкен жаңалық далалықтардың желмен жарысқан жылқыны қолға үйретіп, өз игілігіне жарату сонсымен де әлемдегі өркениетің көшін бастау далылықтарға бұйырды. Бұған біз жылқыны әлемде алғаш қолға үйреткен «Ботай мәдениеті» деген тарихи кешенді айтамыз.
Осы бір ұлан ғайыр далада адамзаттың бастауында болған бір шоғыр адам тектесдерді ғылымда екі ғасыр бойы «алтай тектестер» деп атаудан жасқанып келді. Мұнда дүние жүзіне тараған әсіресе Солтүстік Сібір, Шығыс Азия, Америка контінентіне дейін тараған алтай тектілердің бүгінгі ұрпағы алтай тілділердің бағзы ежелгі мекені осы Ұлы Далада болғанын атап айтқымыз келеді. Келесі топтаманың жаалғасы осы алтай тектілердің ортақтық негізгі белгілерінен сыр шертетін боламыз.
Мәдениет порталы