Рух қадірін әспеттейік

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
2838

Жаратушы әр адамның бойы мен ойын о баста жобалаған сияқты. Десек те ой-өрістің дамуы да,бойдың да өзгеруі мүмкін! Ал осылай дей тұра іштен туа біткен болмыс бүкірлігі - ем қонбайтын кеселдің зор ма дейсің. 

Еліміздегі болып жатқан жағдайларды естіп қайран қаласың! Таңқалдыратыны: кейбіреулердің келте ойлы, өздерінің затсыз екеніне мән бермей, қоғам ортасында өнеге болуға тырысатыны. Ол аздай әлемнің "үздік құндылығы" - ақшаны ғана мойындап, онысы бар болса да жоқ болса да іштерінен пышақ айналмайтын сараңдық, көреалмаушылық, тоғышарлық секілді қызғанышқа толы ласпен былғанған! Бұндай үдерістің белең алуына себеп: қоғам ішіне теріс пікір індете кіріп, жақсы мен жаманды айыру мүмкін болмай бара жатқандығынан ба деп те ойлайсың. Қазақ атамыз ондайды елдің азуы деп атайды. 

Шын қалайтынымыз: жаны таза, абзалдық аңқыған азаматтар басымдық танытып, дүниені ғана әлпештеген көрсоқырларды ығыстырып, Руx қадірін арттырмайынша жұрт көңілі жаси беріп, жаман ниетке мүлдем жем болуымыз ғажап емес. 

Талай ұлттың тұқымы тұздай құрығанына тариx куә...

Гүлмира Әжіханова

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...