Мен жан жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таңғаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой айтқызып отыр екен...
«Ұлы» деп жаздыртқан – ұлттық намыс
Бауыржан МОМЫШҰЛЫ
Ел аузындағы әңгімелер Бауыржан Момышұлының мінезінің тік болғандығын айтады. Онымен қоса өте қайсарлығы ақиқаттан өтіп, аңызға айналды. Шындықты жаны сүйетін, өтірікшілер мен қорқақтарды жек көретін ержүрек батырдың бойында қазақы қасиеттер де молынан еді.
«Момышұлы» деген тегінің өзі үлкен бір қайсарлықтың арқасында солай аталды. Совет кезеңінде қазақтың тегіне шектеу қойып, -ев немесе -ева деген жалғауларды жалғатып қойған шақта Бауыржан Момышұлының қайсарлығы ғана өзінің қалаған тегін алып жүруге мүмкіндік берді.
Бірде әскери қызметтермен жүріп, үлкен лауазымды адамдардың алдында мәлімдеме жасайды екен. Сол кезде Кеңес Одағының талай мансапты қызметтерін атқарған Анастас Микоянның: «Неге тегіңіз Момышев емес Момышұлы?» деген сұрағына «Сіздің тегіңіз неге Микоев емес Микоян?» – деп, қарсы сұрақ қою арқылы жауап қайырады. Бұл дегеніміз – нағыз өжеттік, қайсарлық, ұлттық намыс.
Шоқыр БӨЛТЕКҰЛЫ
Қылышынан қан тамып тұрған 40-ншы жылдары өз тегін «ұлы» деп жаздырған қазақ – Шоқыр Бөлтекұлы.
ССРО спорт шебері атанған алғашқы қазақ та осы Шоқыр атамыз. «Алматының көшесінде жігіттерімен бірге Шоқ атамыз келе жатқанда бәрі қоғадай жапырыла жол береді екен. Сол кездері Шоқыр атамыздың беделі қазіргі әлемдік әншілерден биік болмаса кем болған жоқ» дейді белгілі спорт журналисі Қыдырбек Рысбек. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген халық нақылына келтірілген мысал Шоқыр Бөлтекұлының өмірінде де бар.
Шоқыр соғыстың кезінде фамилиясына ұлы деп жаздыртқанын айттық. Тегінің ұлы деп жаздыртқаны үшін талай жеңілдіктерден айырылып, сан мәрте соққы жеген. Кабанов деген тергеушімен сөзге келіп қалғанда «Себебі мен қабанның емес, Бөлтектің ұлымын» деп жауап берген.
Шона СМАХАНҰЛЫ
Шона Смаханұлы – советтік жүйе тұсында-ақ «Ана тілім – ардағым менің» деген ән-өлеңмен ұлттық тілдің қадір-қасиетін терең танып, қалың көптің көңіл-жүрегіне берік ұялатқан қаламгер.
Оның «Қос тіл білсе, кәнеки» мақаласында («Қазақ әдебиеті», 1989 жылғы 10 ақпан) ана тілін ардақтап, сол арқылы ойлап-сөйлеп, ұлтқа адал қызмет етудің қыр-сырын кеңінен ашып көрсетеді. Сондай-ақ Алматыдағы жалғыз қазақ мектебі осы қайраткер ағамыздың үй-үйді аралап жүріп ашқтырған жанкешті еңбегінің арқасында ашылғаны белгілі.
Шона Смаханұлы тек қаламгер ғана емес, ұлтшыл азамат болған. Оның тегін орысшаламай жаздырған үш адамның бірі болғандығы туралы да аңызға айналған әңгімелер бар.
Сайлау БАТЫРШАҰЛЫ
Фамилиясына «ұлы» деп қосудың өзін ұлтшылдық деп түсінетін заманда теріс қалпақ кигендердің бірі – Сайлау Батыршаұлы.
Бүгінде арамызда жүрген белгілі дипломат, шетелмен байланыс саласының кәнігі майталман маманы Сайлау Батыршаұлының өзінің айтуынша, мектеп табалдырығын аттар жылы, яғни 1948 жылы тегін қазақ тілінде жаздыртқан екен.
Ташкент, Мәскеу, Париж, Дамаск қалаларының арнаулы жоғары оқу орындарын бітірген Сайлау Батыршаұлы КСРО Сыртқы істер министрлігінде атқарған қызметінде көптеген кедергілерге ұшырап болған. Тіпті Мирошиннің өзі «тегін бұлай жазатын адамды біз жұмысқа қабылдай алмаймыз» деп бетін қайтарған. Алайда талабы таудай жас қазақ мұның бәріне мойымай, өзінің ұлтын шексіз сүйетіндігін паш еткен. Бүгінде Сайлау Батыршаұлы – ҚР дипломатиясына еңбек сіңірген қайраткер, профессор.
Балғабек ҚЫДЫРБЕКҰЛЫ
«Қыдырбекұлы» атанған Балғабек қазақтың атақты журналистерінің, сықақшыларының бірі еді.
Қолымызда жазушының тегін қашан, қалай «ұлы» деп жаздыруына байланысты деректер жоқ. Десе де қалам ұстаған әріптестерінің, көзін көрген жазушылардың айтуынша, тәуелсіздікке дейінгі уақытта фамилиясын түзеткен қайраткер.
Балғабек Қыдырбекұлы 1950 жылдың басында қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – «Егемен Қазақстан» газетіне жұмысқа шақыртылған. Редакцияны басқарған жылдары басылым бетінде уытты, өткір фельетондарымен көзге түсіп, есімі бүкіл республикаға танымал болады.
Заңғар КӘРІМХАН
history.kz