Елордалық оқушыларға «Ұлы даланың жеті қыры» туралы кино арқылы айтып береді

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
530

Астаналық оқушыларға арнап қалалық әкімдік ел мен жердің тарихын, мәдениетін білуге арналған кино – «Ұлы  дала мұрасы» жобасын ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.    

Жоба шеңберінде 22 қарашадан бастап қаладағы барлық кинотеатрларда 5-11 сынып оқушылары үшін отандық фильмдердің тегін көрсетілімі ұйымдастырылады. Онда қазақ халқының мәдениеті мен тарихынан сыр шертетін: «Жаужүрек мың бала», «Алмас қылыш», «Анаға апарар жол», «Жерұйық», «Құнанбай», «Так сложились звезды» тағы басқа кинокартиналар көрсетілмек. «Жастарға арналып көрсетілетін фильмдердің барлығы тарихы тақырыпта.  Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ел тарихын білудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Елбасы тарихқа құрметпен қарауға және зерделеуге, өткеннен сабақ үйренуге шақырып, патриотизм мектеп қабырғасынан басталуы керектігін айтты. Біздің ойымызша киноматография арқылы оқушылар қазақ халқының ғасырлар бойы сақтаған барлық ұлттық құндылықтарын бойларына сіңіріп өседі», - деді Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин. Бүгін «Керуен» СОО-да бірнеше мектеп оқушылары үшін «Жаужүрек мың бала» тарихи кинокартинасының қазақ тіліндегі көрсетілімі өтті. «Өскелең ұрпақтың өкілдерін тарихпен таныстыруда, олардың бойларына ұлттық құндылықтарды сіңіруде кино таптырмайтын құрал. Кейде тарихи кинофильмде сомдалған бейне, ғылыми жұмыстарда жазылған кейіпкерден асып түсіп жатады. Осындай фильмдер арқылы балалардың тарихқа және Отанға деген сүйіспеншіліктері оянады, жақындарын, достарын қолдауды үйренеді», - деді Д.Есин. Кинофильмдерді көрсету осы жылдың соңына дейін жүреді. Жоба аясында барлық мектеп оқушыларын қамту жоспарланған.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...