"Алашұлы" әншісін қолдаған Мейрамбек Бесбаевтың басы дауға қалды (видео)

ВИДЕО
3823

Қос әнші арасындағы сайыста қазылық еткен Мейрамбек Бесбаев көпшіліктің қатаң сынына ұшырады.

Жобаның үшінші маусымында "Заман" тобының әншісі Ерген Айтымбетов пен "Алашұлы" тобының әншісі Мақсат Алмасбекұлы сайысқан.

Үш кезеңнен тұратын бағдарлама соңында Мейрамбек Бесбаев: "Ардақты, ағайындар! Өте қиын жағдайға түстік. Әрине, мықтылардың сайысы осылай болатынын білдік қой.

Десек те, екі бауырымызды да шығарғымыз келді. Мына жақта ақылдастық. Мен тағы жігіттермен де сөйлестім.

Ақылдасып алған түгіміз жоқ. Тағы да дауыс 3:3 болып тұр. Қиын жағдайға түсіп тұрған осы үшінші кезең шығар. Сондықтан мен шешуім керек болып тұр.

Айып етпейсіңдер! Мен екеуіңді де мәреден көргім келіп еді. Өзімнің ойымды айта кетейін: Мен келесі бағдарламадан Мақсатты көргім келіп тұр", - деді Мейрамбек Бесбаев.

"Мыналарың өнерге жасаған қылмыс", "Ергеннің мықты болғанын мойындау керек", "Мақсаттың кінәсі жоқ. Бірақ Ерген басымырақ болды", "Мейрамбек, сіздің неге олай шешім қабылдағаныңызды білмейміз. Бірақ біз Ерген жеңді деп білеміз".

"Киім мен биіне қарап, Мейрамбек қате шешім шығарды. Халықтың алдында масқара болдың", "Мейрамбек өтіріктің бетпердесін киіп үйренген екен", "Мейрамбектің шешімін қабылдамаймын".

"Шынайы әншіні танымайтын соқыр болғансыздар ма?", "Қалай шешім қабылдағандарын түсінбедім. Шын талантты өткізбей қойдыңдар", - деп реніш білдірді бағдарлама көрермендері.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...