Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі қашан және қайда өтетіні белгілі болды

Фото: ашық дереккөзден

MADENI TV
1573

Қазақстанның Еңбек Ері, аңызға айналған актер әрі режиссер Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі 23 желтоқсан күні сағат 10:00-де өтеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қоштасу рәсімі Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында ұйымдастырылады.
Мекенжайы: Қабанбай батыр көшесі, 110.

Асанәлі Әшімов – кеңестік және қазақстандық кино мен театр өнерінің ең ірі тұлғаларының бірі, ұлттық мәдениеттің символына айналған өнер иесі. Ол актерлік шеберлігімен ғана емес, режиссерлік және педагогикалық қызметі арқылы да қазақ өнерінің дамуына орасан үлес қосты. Асанәлі Әшімов 1937 жылдың 8 мамырында Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген.

Өнер майталманының шығармашылық жолы қазақ театры мен киносының қалыптасу және кемелдену тарихымен тығыз өрілді. Ол сахна мен экранда терең психологиялық, тағдырлы бейнелерді сомдап, бірнеше буын көрерменнің ықыласына бөленді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...