Автобуста кәмелетке толмаған қыздарға тиіскен ер адам іздестірілуде

Фото: MadeniPortal коллажы

MADENI TV
614

Автобуста кәмелетке толмаған қыздарға тиіскен ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға Өскемен қаласында қоғамдық көлікте болған. Жолаушылардың бірі кәмелетке толмаған қыздарға тиіскен. Ал қыздар өз қауіпсіздігі үшін автобустан шұғыл түсіп қалуға мәжбүр болған. Олар тіпті өз аялдамасына да жетпеген. 

Оқиғаға автобуста отырған тағы бір жолаушы араласқан. Ол ер адамды "педофил" деп атап, басқа жолаушылардың назарын аударған. Сосын автобуста жанжал туып, төбелеске ұласуға шақ қалған. Кондуктор жанжалды ушықтырмауға тырысып, жігіттің әлгі ер адамды автобустан күштеп шығаруына жол бермеген. 

Ал полиция тексерісті бастады. Қазір олар күдікті ер адамды іздеп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

77 адамның өмірін қиған қос терактіден кейін шамамен 15 жыл өтсе де, Андерс Брейвик (қазіргі есімі &...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын, прозаик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Артемьева Римма Альбертовна 66 жасқа қараған шағы...