«Сіз не дейсіз?». Әкім Тарази
Тәуелсіздік күніне 10 үздік құттықтаулар мен тілектер
Madeniet Portaly
MadeniPortal.kz ұжымы сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды!
1. Құрметті отандастар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Бүгінде жас мемлекетіміз ауқымды өзгерістерімен сан ғасырлық төл шежіреміздің жаңа парағын ашты. Елімізде бірлік пен татулық, жаңғыру мен тұрақтылық, заң мен тәртіп, білімпаздық пен еңбекқорлық сынды асыл құндылықтар берік орнығып, дамудың жаңа белестеріне жол ашылды. Өркениеттің орталығына айналған егемен еліміз қарыштап дамуда. «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» деген Мемлекет басшысының саясаты айқын бағдарымызға айналды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік, келешегі жарқын болғай!
2. Біз бүгінде ынтымақ-бірлігі жарасқан, бақ-берекесі тасыған, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» абыройлы да айбынды мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды мақтан етеміз. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, ашық аспан аясында көк Туымыз желбіреп, Ұлы Даланың азат азаматы болғанымызға марқаямыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болғай, ағайын!
3. Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Талай сын сағатты, жаугершілік заманды бастан өткердік. Алайда 1986 жылғы желтоқсанның ызғарлы желі ұлт рухын оятып, азаттықтың ақ таңын алып келді. Сол Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Биік мақсат, ұлы мұрат жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмасын. Тәуелсіздіктің әр сәтін қастерлеп, барымызды бағалай білейік!
4. Құрметті ағайын!
Ұлтымыздың ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Мемлекетіміздің іргесі берік, аспаны ашық, мерейі үстем болсын! Халқымыз бай-қуатты, ұрпағымыз саналы болғай! Әр шаңыраққа бақ пен береке, шаттық пен қуаныш тілейміз!
5. Бүгінгі күні еліміздің басты байлығы – Тәуелсіздік, ұстанымы – әділдік, асыл мұрасы – бірлік пен ынтымақ. Бұл құндылықтар – жарқын болашақтың кепілі. Осындай баға жетпес байлығымызды көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманат ету – баршамыздың қасиетті борышымыз.
6. Сіздерді егеменді еліміздің ең қастерлі, ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Бұл – мемлекеттігіміздің басты белгісі, азаттықтың ақ таңы, жарқын болашақтың берік негізі. Алтын күн мен ашық аспан аясында ел игілігі жолында бірлесе еңбек ете берейік!
7. Тәуелсіз еліміздің тұғыры берік, бірлігі бекем болсын! Әр отбасына амандық, ел-жұртымызға тыныштық пен тұрақты дамуды тілейміз.
8. Көк Туымыз көкте желбіреп, егемендігіміз мәңгі жасай берсін! Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын, келешегі кемел болғай!
9. Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік – ата-бабамыз аңсаған асыл арманның жүзеге асқан айқын көрінісі. Егемен еліміздің тұғыры берік болып, көк Туымыз биікте желбірей берсін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін.
10. Тәуелсіздік – әр халық үшін ең қастерлі де қымбат құндылық. Азат Қазақстан бүгінде дербес, өркениетті мемлекет ретінде әлемге танылды. Осы биік мәртебеміз баянды болып, бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болғай. Еліміз мәңгі жасай берсін!
Тәуелсіздігіміз мәңгі, егемендігіміз еңселі болсын!
MadeniPortal.kz ұжымы