"Ешкім қарсы алмады": туризм министрлігі реніш білдірген америкалық блогерге жауап берді

Фото: видеодан скриншот

MADENI TV
1302

Туризм министрлігі реніш білдірген америкалық блогерге жауап берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Коннор атты америкалық блогер парақшасында видео жариялап, оны Қазақстанға туризм министрлігі шақырғанын, бірақ қырғыздар секілді арнайы қарсы алмағанына шағымданған. 

Министрлік блогерді арнайы шақырды деген ақпаратты жоққа шығарды. 

"Ведомство қызметінде жекелеген жеке тұлғаларды шақыру қарастырылмаған. Ресми түрде жеке өтініштер түскен жағдайда министрлік жан-жақты қолдау көрсетеді. Алайда аталған блогерден ешқандай өтініш келіп түспеген", - дейді министрліктегілер. 

Белгілі болғандай, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы блогермен хат алмасқан. 

Бірақ екіжақты келіссөз нақты келісімге жетпей аяқталған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...