Себебі анықталды: Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы неге азайып қалды?

Фото: Gov.kz

MADENI TV
190

Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық табысының төмендеуі теңгенің нығаюымен байланысты екенін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Журналистер наурыз бен сәуір айларында доллар әлсірегенін, бұл БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының табыстылығына әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Себебі инвестициялаудың негізгі құралдарының бірі – шетел валютасы. Осыған байланысты олар табыстылық қанша сомаға өзгергенін және БЖЗҚ-ның қазіргі қаржылық нәтижесі қандай екенін сұрады.

Бұл жерде ешқандай шығын туралы сөз болып отырған жоқ, әңгіме теңгенің нығаюы аясында инвестициялық табыстың төмендеуі туралы. Өздеріңіз білесіздер, инвестициялық активтердің белгілі бір бөлігі, шамамен 40%-ы әртараптандыру мақсатында валютаға салынған. Жыл басынан, қаңтардан наурыз айының соңына дейін теңге доллармен салыстырғанда шамамен 5,5%-ға нығайды. Соның нәтижесінде БЖЗҚ-ның инвестициялық табысы төмендеді: нақты айтқанда, наурыз айында ол 240 млрд теңгеге қысқарды, – деп түсіндірді Әлия Молдабекова. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Абай облысында білім беру мекемесінде бюджет қаражаты жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Ma...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бү...