UAE SWAT Challenge–2026 жеңімпаздарын Астанада салтанатты түрде қарсы алды

Фото: Gov.kz

MADENI TV
72
UAE SWAT Challenge–2026 халықаралық турнирінде жеңіске жеткен қазақстандық арнайы бөлімшелер елге оралды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Дубайда өткен жарыстың жеңімпаздары Астанаға келді. Әуежайда оларды әріптестері, туған-туыстары мен жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды. 
Сайысқа Қазақстаннан еліміздің күштік құрылымдарының үздік жауынгерлерінен жасақталған бес команда қатысты. 
Турнир қорытындысы бойынша:
• Kaz SWAT Team C — 1-орын (алтын),
• Kaz SWAT Team A — 2-орын (күміс),
• 3-орынды Қытай құрамасы иеленді. 
Жүлдегерлер қатарында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы бөлімшесінің әскери қызметшілері бар. 
Ішкі істер министрінің тапсырмасымен Дубайда министрдің орынбасары — Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Ансаған Балтабеков болып, қатысушыларға қолдау көрсетіп, кәсіби тәжірибесімен бөлісті. 
Жауынгерлердің бірі жарыстың алғашқы күнінде аяғынан жарақат алғанын, соған қарамастан сайысты жалғастырып, командасымен бірге жеңіспен елге оралғанын айтты. 
Қазақстандық арнайы бөлімшелердің халықаралық аренадағы бұл жетістігі олардың кәсіби дайындығының жоғары деңгейін, төзімділігі мен командалық үйлесімін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қазақстандық командалар әлемнің ең мықты бөлімшелері арасында өз бәсекеге қабілеттілігін тағы да көрсетті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейлік блогерді жарақаттады деп айыпталған модель Қазақстанға оралды, деп хабарлайды MadeniPo...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда өзін "хакермін" деп таныстырып, жоғалған отбасы ісіне қатысты жеке нұсқасын таратқан азамат...