«Апай» деп айту төмендету емес»: Филолог Баян Алагөзованың сөзіне қарсы ойын айтты

Фото: MadeniPortal.kz

MADENI TV
415

Филолог Арын Құнанбайұлы "мені апай деп атама" деген продюсер Баян Алагөзованың сөзіне қарсы шықты. Бұл туралы ол Narikbi LIVE Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап. 

«Баян Алагөзованың «не называй меня апай» деуі – қазақ тілінің қаратпа жүйесін өзге тілдік өлшеммен бағалаудың көрінісі. Қазақ тілінде «апай» сөзі кемсіту немесе төмендету емес. Бұл – ресми әрі мәдени қаратпа. Институтта «Апай», «ағай» деп айту – сауатсыздықтың не төмен мәдениеттің белгісі емес. Кейбір тілдерде ресми қарым-қатынас есім мен әке аты арқылы қалыптасса, қазақ тілінде ресми стиль туыстық атауларға сүйенеді. Сондықтан қазақ тіліндегі қаратпа жүйесін басқа тілдік үлгіге бейімдеуге болмайды», — деді тіл маманы.

Оның айтуынша, соңғы уақытта қоғамда қаратпа сөздерге қатысты көзқарас жиі өзгеріп, бұрын қалыпты саналатын атауларға күмәнмен қарау үрдісі байқалып отыр.

Айта кетейік, продюсер Баян Алагөзова «Zamandas» подкастында «апай» деп атаудың өзіне ұнамайтынын айтып, бұл қаратпаны қабылдамайтынын жеткізген еді. 

PESTEL

Үндістанда 12 жастағы оқушы қыз сабаққа кешіккені үшін мұғалімнің тапсырмасымен 100 рет отырып-тұрға...

PESTEL

Жизақта 18 жастағы қыз танысын жезөкшелікпен айналысу мақсатында Таиландқа жіберуді ұйымдастырмақ бо...