«Таза Қазақстан»: «Қазақмыс» қалаларды көркейтуге үлес қосуда

Фото: Kazakhmys

MADENI TV
26

«Қазақмыс» тобының кәсіпорындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қосылып, өздері жұмыс істейтін өңірлерде сенбіліктер өткізіп бастады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Экологиялық іс-шаралар сәуірден мамырға дейін жалғасады. Осы кезеңде өндірістік алаңдарда және елді мекендерде апта сайын аумақтарды абаттандыру және тазалау жұмыстары жүргізілетін болады. 

Компания тек өз кәсіпорындары ішіндегі тәртіпке ғана емес, сонымен қатар қалалық ортаны жақсартуға да ерекше көңіл бөледі. Акция аясында «Қазақмыс» қызметкерлері көшелерді, іргелес аумақтарды және қоғамдық кеңістіктерді тазалау жұмыстарына қатысуда.

Негізгі жұмыстар кезеңі 2-4 сәуір аралығында Жезқазған, Қарағанды, Сәтбаев және Балқаш қалаларында өтті. Ауқымды сенбіліктерге Қазақмыс корпорациясының, Kazakhmys Smelting, Kazakhmys Meintenance Services, КЛМЗ (Maker), Kazakhmys Barlau, колледждердің, ZhezAir, Жезқазған медициналық орталығы компанияларының 1100-нан астам қызметкер қатысып, шамамен 100 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. 95 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды.

Іс-шаралар барысында өндірістік аумақтардың периметрлері мен жол инфрақұрылымы тазартылып, қалдықтар шығарылуда, көгалдандыру және ағаш отырғызу үшін топырақ дайындалуда. Самосвалдар мен тиегіштерді пайдалану ірі көлемді қалдықтарды жедел шығаруға және жұмыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Таза Қазақстан» акциясына қатысу компанияның жүйелі экологиялық саясатының бір бөлігі болып табылады. Тұрақты түрде өткізілетін сенбіліктер тек тазалықты сақтауға ғана емес, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Медбикенің бетінен ұрған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 4 наурызда сотт...

ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ

Шагдарын Мягмар –  Говь-Алтай аймағы Хөхморьт (Көк атты) өлкесінде дүниеге келген (1943...