Түркістан облысы – еліміздегі халық ең тығыз орналасқан аймақ. Өңір 1932 жылы 10 наурызда құры...
«Атпен мыжып, балаларға күн бермейді»: Күйеуінен қорлық көрген әйелдің видеосы тарап кетті
Фото: видеодан скриншот
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылында көп балалы ана күйеуінің күн көрсетпейтінін айтып, әлеуметтік желіге видео жариялаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы ол желідегі мәлімдеп, елден жанұшыра көмек сұрады.
«Осының бәрін милицияға тапсырамын. Міне атпен мыжып жатыр. Күйеуім осы, ішеді, боқтайды, балаларға тиіседі, маза бермейді.
Кетейін десем артымнан атпен жетіп алды, бір жағынан бес балам бар. Көрген күнім осы» — дейді зар жылаған әйел.
Алматы облысы полиция департаменті аталған іс бойынша түсініктеме берді.
«Instagram әлеуметтік желісіне жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері Алматы облысы Архарлы ауылының 49 жастағы тұрғынының жұбайына қатысты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі туралы мәліметтер бар жарияланымды анықтады.
Аталған факті бойынша материал тіркеліп, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама аясында процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Атап өтсек, бұған дейін аталған факті бойынша полиция органдарына ешқандай арыз-шағымдар түспеген», — делінген хабарламада.